Астана қаласында MICE Ambassador meeting іс-шарасында қандай мәселелер көтерілді?!
Астана қаласында Қазақстанның Конгресс-Іскерлік туризм саласы өкілдеріне арналған MICE Ambassador meeting іс-шарасы өтті.
Kazakh Tourism ҰК АҚ Басқарма төрағасының м.а. Қайрат Сәдуақасов, соңғы үш жылда елімізге халықаралық іскерлік іс-шараларды тарту мақсатында 30-дан астам MICE (Іскерлік-конгрестік) елшісі тағайындалғанын хабарлады. Сонымен бірге, тағайындалған MICE туризм елшілері елімізде бірқатар ірі халықаралық іс-шараларды өткізілгенін атап өтті.
Қазақстанда осы жылдар аралығында өткізілген халықаралық іс-шаралар арасында MICE туризм елшісі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Асқар Жүсіпбековтің 2023 жылы 600-ден астам делегаттың қатысуымен Топырақ механикасы және геотехника бойынша 17-ші Азия Аймақтық конференциясы бар.
Сонымен бірге, Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстандық агенттіктің Президенті, MICE туризм елшісі Каланова Шолпан 2023 жылы 60 елден келген 200-ден астам делегаттың қатысуымен өткен INQAAHE конференциясын атап өткен жөн.
Келесі бір MICE туризм елшісі Арман Машимовпен оның Қазақстандағы спидкубинг Федерациясы, 2022 жылы 30 елден келген 100-ден астам делегаттың қатысуымен Спидкубингтен Азия чемпионатын өткізді. Өткен кездесуде, Қауымдастықтың жаңа басшысы Әлихан Ертұрсын елімізге әлемнің түкпір-түкпірінен 1000-нан астам делегат қатысатын Кубик- Рубиктің әлем чемпионатын елімізде өткізу бойынша жұмыс жасайтындықтарын атап өтті.
Сондай-ақ, MICE Ambassador Meeting іс-шарасы аясында 2024 жылы 2000-нан астам делегаттың қатысуымен өтетін студенттері арасындағы Enactus World Cup Әлем чемпионатының Астана қаласында өтетіні жарияланды. Бұл Enactus Kazakhstan президенті, MICE туризм елшісі Альбина Ержанова және Kazakh Tourism ұлттық компаниясының, сондай-ақ бірқатар серіктестердің бірлескен екі жылдық жұмысының нәтижесі.
Кезекті MICE туризм елшісі болып «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ формальдылықты жеңілдету департаментінің директоры Нұржан Малаев тағайындалды. Бұл бағытта, Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы (trip) бойынша симпозиумды қоса алғанда, авиация желісі бойынша іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
Сонымен бірге, Назарбаев зияткерлік мектептері өкілдері Азамат Биданов пен Әсел Серікбаевада MICE туризм елшісі болып тағайындалды. Осы бағытта, 5000 делегат қатысатын робототехника бойынша Дүниежүзілік Олимпиаданы Астанада өткізу бойынша арнайы келіссөздер жүргізілуі жоспарлануда.
Іскерлік-конгрестік іс-шаралар мемлекеттің аздаған қолдауымен өткізілетінін атап өту маңызды, бұл ретте негізгі шығындарды шетелдік ұйымдастырушылар мен қатысушылар қаржыландырады. Осылайша, мемлекет тарапынан салынған әрбір теңге ел экономикасына үш есе мөлшерде қайтарылады.
MICE туризмінің елшілері ретінде белгілі ғалымдар, салалық қауымдастықтардың басшылары, сондай-ақ ірі халықаралық компаниялардың өкілдері тағайындалады. MiCE туризм елшілері өздерінің беделімен ықпалын пайдалана отырып, елімізге жаңа іс-шараларды тартуға жәрдемдеседі. Жаңадан тағайындалған елшілердің тізімі келесідей:
1.Петр Михайлович Лаппо. Кітапхана бойынша бас сарапшы. Назарбаев Университеті;
2.Нұржан Малаев — «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі»АҚ формальдылықты жеңілдету департаментінің директоры;
3.Азамат Биданов, «Назарбаев Зияткерлік мектептері»Ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары;
4.Әсел Серікбаева, «Назарбаев Зияткерлік мектептері»PR директоры;
5.Әлихан Ербұрсын, ҚР спидкубинг Федерациясының Президенті;
6.Алтынай Заманбекова, Назарбаев Университетінің Докторанты;
7.Әйгерім Айбасова, Назарбаев Университетінің Докторанты;
8.Дмитрий Махеня, «Қазақстан Республикасының Автомотоспорт Федерациясы» ҚБ Вице-президенті;
9.Леонид Пустов, travel startups қауымдастығының негізін қалаушы (Ресей);
10.Prashant Chaudhary, Salvia Travel (Үндістан) негізін Қалаушы;
11.Daisy Park, Tour De M Негізін Қалаушы (Корея);
12.Yves Gentil, Dqmpr Президенті (АҚШ).