Қазақстанда самбодан әлем чемпионаты өтеді

Армения астанасы Ереванда өткен Халықаралық самбо федерациясының конгресінде Қазақстанның әлем чемпионатын қабылдайтыны белгілі болды.

🇰🇿Қазақстан бұған дейін әлем біріншілігін 2005 жылы қабылдап, 1 алтын, 3 күміс, 8 қола жүлдеге ие болған еді.

1992 жылдан бері самбодан әлем чемпионатына үздіксіз қатысып келе жатқан жерлестеріміз бүгінге күнге дейін 26 мәрте жоғары тұғырдан көрінген.