Ahmad Tea Ltd компаниясының шебері Қазақстан халқына арналған шәй купажын ұсынады

Ahmad Tea компаниясының шәй шебері Виджита Б Хеттиараччи (Vijitha B Hettiarachchi) арнайы Қазақстан үшін түйіршектелген шәй купажын жасады.

Қазақстандықтардың көбіне сүт қатқан шәй ішетіні белгілі болғандықтан жаңа Rich tea өнімі нарыққа шықты. Бұл сүтпен керемет үйлесімді түйіршектелген шәй, бұл күнге дейін Қазақстанға арналған шәй купаждары тізімінде түйіршектелген шәй болмаған еді.

Виджита үшін шәй жасап шығару өзін кәсіби тұрғыда сынап көру мүмкіндігі, әрі қызықты тапсырма болыпты. Оны іске асыру үшін қазақстандықтардың шәй ішу дәстүрі мен талғамдары туралы жан-жақты мәлімет жинақтаған.

Бұл ретте, ағылшындардың заманауи шәй демдеу дәстүріне сәйкес, түйіршектелген шәйды бір қайнатып алу керегін атап өткен жөн.

Түйіршектелген шәй да жапырақты шәй секілді жаңадан терілген шәй жапырақтарынан дайындалады. Бірақ басқа технологиямен жасалады. Яғни шәй жапырақтары ұсақталып, барабанға салынады да, қатты жылдамдықпен араластырылады, нәтижесінде жапырақ кесінділері түйіршектерге айналады.  Түйіршектелген шәйдың жапырақты шәйдан басты ерекшелігі ол жылдам демделіп, түсі қою, дәмі қанық, сергітетін шәй шығады.

«Менің мақсатым түсі ерекше қою, дәмі аса қанық түйіршектелген шәй жасау болды. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін мен екі елдің Кения мен Үндістанның (Ассам штаты) түйіршектелген шәйларын пайдаландым. Кенияның түйіршектелген шәйі сүт қатқан кезде алтын сарғыш түске боялады. Оның дәмі өзгеше, қатты ащы емес, әрі кофеині көп. Ассамның түйіршектелген шәйі – уыт ноталары бар, дәмі қанық шәй, мұның арқасында сусынның текстурасы ерекше болады әрі дәмі есте қалады», — дейді Виджита.

Виджита 26 жыл бойы өз мамандығы бойынша жұмыс істеп, кәсіби деңгейін арттырып келеді.

Араб Әмірліктердегі зауытта қызмет ету өте құрметті. Өйткені ол жақтан шәй әлемнің 80 еліне жеткізіледі және Ahmad Tea компаниясының қолданыстағы ережелері бойынша шәй менеджері дәм татпастан шәйді басқа елге жібермейді. Яғни, бұл шын мәнінде үлкен жауапкершілікті талап етеді. Кәсіби дәмдеуіш ретінде шәй шебері күніне 450-500 кесе шәйдің дәмін татады.

Кәсіби титестер мінсіз демдеп берген Ahmad Rich Tea қолдарына тиген кезде Қазақстанның шәй мамандары шәйға ерекше қазақи дәм беру үшін ең алдымен оған сүттің түр-түрін қатып, дәмін татып көрген.

Шәйға жаңадан қайнаған сиыр, ешкі, түйе және бие сүтін қосып, дегустация жасалды. Халықаралық дегустаторлар тобы бір ауыздан ешкі сүті қосылған Ahmad Rich Tea шәйының дәмі ең нәзік болғанын атап өтті. Түйе сүтін қатқан шәй дәмі ең ерекше, әрі есте қаларлықтай болыпты. Сиыр сүті қосылғанының дәмі дәстүрлі, әрі түсі ең қанық болып шықты. Жаңадан сауылған бие сүтін қатқан Ahmad Rich Tea шәйының дәмі жұмсақ, әрі тәтті болды.

Ahmad Rich Tea шәйы сүттің барлық негізгі түрімен тамаша үйлеседі әрі әр түрлі дәм береді.