Астанада «Фуд-зертхана» бірегей ағартушылық жобасының мақсаты қандай?!
Астана қаласындағы №80 мектепте «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында «Фуд-зертхана» бірегей ағартушылық жобасы іске қосылды. Оның мақсаты — балаларға дұрыс тамақтану мәдениетін қызықты етіп үйрету.
«Фуд-зертхана» жобасы — бұл «Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС және «Астана медицина университеті» КЕАҚ ынтымақтастығы. Жобаның аясында медицина студенттері оқушыларға қызықты білім беру сабақтарын өткізеді, онда олар тек әңгімелеп қана қоймай, сонымен қатар арнайы тәжірибелер арқылы өнімдердің пайдалы қасиеттерін көрсетеді.
«Фуд-зертхана» жобасы 2013 жылдан бастап Қазақстан мектептерінде іске асырылып келе жатқан «Нестле. Дені сау балалар» бағдарламасының бөлігі болып табылады. Бірінші кезеңде жобаға Астананың 10 мектебі қатысады. Болашақта басқа өңірлер де қосылады.
«Фуд-зертхана» — ойын арқылы байыпты ғылыми білімді меңгеру және оқыту жүзеге асырылатын бірегей эдьютейнмент* жобасы. Сыныптағы мұғалімдер үстелінің алдында қатаң мұғалім емес, кешегі мектеп оқушылары, қазіргі кезде – жобаның арқасында білім беру дағдыларын игерген медицина институтының студенттері тұр. Сабақ кезінде партада отырған ұлдар мен қыздар қарапайым мектеп оқушыларынан өнімнің қасиеттері туралы тәжірибелер арқылы нағыз зерттеушілерге айналады. Мұндай қызықты ойын жаттығулары заманауи балаларды дұрыс тамақтанудың пайдалы ғана емес, сонымен қатар өте қызықты екендігіне сендірудің тиімді жолы екеніне сенімдіміз!» — деді Еуразиядағы Nestlé білім беру бағдарламалары бөлімінің басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Александра Макеева.
«Заманауи дәрігердің ауруларды емдеп қана қоймай, алдын-алу өнерін де меңгеруі керек екендігі белгілі. Ал алдын алудың негізгі құралы – ағарту. Біздің университетте біз студенттерді білім беру жұмысының негіздеріне оқытуға көп көңіл бөлеміз. Сондықтан біз студенттерге салауатты өмір салтын насихаттаушылар ретінде өзін сынап көруге тамаша мүмкіндік беретін, жас аудитория арасында СӨС идеяларын насихаттайтын «Фуд-зертхана» жобасына қуана қосылдық. Жоба оқушыларды тамақтану мәдениетінің негіздеріне үйретуге, сондай-ақ болашақ дәрігерлерге тиімді профилактикалық жұмыс дағдыларын игеруге мүмкіндік беретініне күмәніміз жоқ», – деді «Астана медицина университеті» КЕАҚ Е.Д. Даленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ доценті Сәуле Тарджибаева.