«Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ ашық есік күні өтті

Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамында Ашық есік күні өтті. Шараға алпауыт кәсіпорынға тауар, жұмыстар мен және қызметтерін ұсынығысы келетін 40-тан астам компанияның өкілдері шақырылған.

Қазір әлемде қалыпқасқан күрделі геосаяси ахуал салдарынан ССКӨБ-тің Магнитогорск металлургия комбинатына жөнелтілімдері тоқтатылған. Осыған байланысты өндіріс көлемі төмендеді. Кәсіпорын белгіленген жоспарларды іске асыру жұмысын жалғастырып жатыр. Өткен жылы өндірістің жоспарланған көлемі сақталды. Биыл және келесі жылы – оң нәтижені сақтау мүмкіндіктері бар. Қалыптасқан жағдай жаңа сатып алушылар мен тың нарықтар іздеуге мәжбүр етті. Оның үстіне, жоспарларды жеделдетуге, жеткізілімді қайта бағдарлауға түрткі болды.

– ССКӨБ-те жеткізушілерге арналған ашық есік күні мұндай ауқымда алғаш рет ұйымдастырылып отыр, — деп атап өтті өндіріс жөніндегі директор Сергей Кузьменко. – Біз бүгін көптеген әлеуетті серіктестерімізді көргенімізге қуаныштымыз. Біз сенімді серіктестік пен жаңа ұсыныстарға әрдайым ашықпыз. Біздің алдымызда екі негізгі міндет тұр. Біріншісі – өнім өндіру және сату көлемін ұлғайту. Екінші бағыт – бәсекеге қабілетті болу және өткізу нарығын кеңейту. Сондықтан, бүгінгі кездесу өзара тиімді болады деп ойлаймын. Осыған дейінгі жұмыстағы барлық қателіктерді ескеріп, бірлескен қызметтің жаңа деңгейіне шығайық!

Ашық есік күніне кәсіпорынның техникалық және коммерция мамандары, компанияның қауіпсіздік қызметінің өкілдері де қатысты. ССКӨБ-те үшкүндік бағдарлама әзірленген. Осы уақыт ішінде қонақтар бірлестіктің негізгі бөлімшелеріне барып, өндіріс ауқымын өз көзімен көріп, жеткізілетін жабдықтар мен жүргізілетін жөндеу науқанының проблемаларымен танысты.

– Мұндай кездесулерді жиі өткізу қажет. Сұрақтар туындаған кезде, не істеу керектігін, қалай әрекет ету керектігін нақты түсіндіргендері пайдалы болды,– деді Өскемен конденсатор зауытының өкілі Станислав Клименко. – Біздің техникалық мамандар бірқатар нақты ұсыныстар алды, енді сұрақтар тізбесі бойынша ССКӨБ-ті толғандыратын сәттерді пысықтай аламыз. Кездесу біздің ынтымақтастығымызға жаңа серпін берді.

Қорытындылай келе, жеткізушілер өз өнімдерін таныстырып, өздерін толғандырған мәселелерге қатысты толымды ақпарат алды. Олардың ішінде: жеткізушіні таңдау критерийлері және жұмысты орындаушыларға қойылатын талаптар, техникалық тапсырманы қалыптастыруға әлеуетті жеткізушілерді жұмылдыру механизмдері, мүдделі компания қызметтерінің ССКӨБ коммерциялық және техникалық қызметтерімен өзара әрекет ету мәселелері.

Кездесуге қатысушылар осы және басқа да мәселелерді барынша ашық талқылады. Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша тараптар осындай жұмыстың маңызын атап өтті. Бұл формат өзекті мәселелерді және оларды мамандардың жұмыла талдап, тиімді шешу жолдарын талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.