Changan Al Kettik керуені Шығыстың шырайлы мекендерін аралап қайтты
Astana Motors компаниясының Changan бренді бір топ БАҚ өкілдері мен блогерлердің басын қосып, Шығыс Қазақстанның шырайлы табиғатын аралау үшін «Changan Al Kettik» керуенін ұйымдастырды. Басты мақсат Changan CS35 PLUS (құны 11 590 000 теңгеден басталады), CS55 PLUS (12 590 000 теңгеден басталады) және UNI-K (18 390 000 теңгеден басталады) кроссоверлерін таулы аймақта сынақтан өткізу.
Бірінші күні Алматыдан Өскеменге қарай ұшақпен жеттік. Дәмді түскі астан кейін, сегіз көлікке мініп, Бұқтарма су қоймасына қарай жолға шықтық.
Жол үстінде Осиновский асуымен жүріп өттік. Бұл асу елдегі ең қауіпті әрі әдемі жолдардың бірі. Жүрек жұтқан біз бұл асуды бірден өтіп кеттік. Қорқыныш сезімі болған жоқ, Себебі, бар назарымыз сұлу табиғатта болды.
Сурет интернеттен алынды
3 сағат жолды артқа тастап, Қазақстанның аумағы 5 500 шаршы шақырымнан асатын ірі су қоймасына табан тіредік. Бұл жерде кеш тез батады екен. Сондықтан әдемі айдынды тек қараңғы уақытта көруге тура келді. Бұқтырма Ертіс өзенінде 1960 жылы құрылған. Еліміздегі туристердің назарын өзіне аудара білген көптеген демалыс орындарының бірі. Құмды жағажайларға жаз кезінде демалушылар көп келеді, ал қысқы уақытта балық аулауды жақсы көретіндер жиналады екен. Суға түспесек те ғажайып табиғат аясында демалып қайттық.
Ертесі күні таң атпастан керуеніміз жолға шықтық. Бізді алда 600 шақырым жол күтті. Арасында аялдап, көліктерді ауыстырып міндік. Керуеннің әрбір мүшесі үш көліктің де мүмкіндіктерін көре алды.
Өз басым біраз уақыт бұрын Changan CS55 PLUS көлігін айдап көргеннен кейін, маған қалған екі көліктің қандай екені қызықты болды. Үш көлік те серпантин жолда өзін жақсы көрсетті. Көліктер жолда қалдырған жоқ. Еркін әрі жылдам жүрді. Жүргізушілер мен жолаушылар да көлік ішінде өздерің жайлы сезінді.
Сапар ортасында бұрын-соңды көрмеген қызықты сәтке тап болдық. Бұқтырма су қоймасының арғы бетіне пароммен өттік. Паромдық өткел жылы маусымда белгіленген уақыт кестесіне сай жұмыс істейді. Өткел арқылы өту арқылы сапардағы қашықтықты айтарлықтай қысқартылды. Біздің көлікпен бірге «Одесса» атты өзен паромында тағы 35 көлік тиелді. Өткелдің тарифтері қозғалтқыш көлеміне байланысты және 1,5 литрлік қозғалтқышы бар автокөлік үшін 2000 теңгеден басталады.
Жарты сағатта су үстімен өтіп, келесі бетке шығып, сапарымызды жалғастырдық. Келесі әрі соңғы аялдама Сібе көлдерінің жағалауы болды. Әдемі мекенде естелікке сурет түсіп, «Өскемен, қайдасың?!» деп сапарды жалғастырдық.
Кеш батқанда әсем қала Өскеменге жеттік. Көліктерді тапсырып, кешкі аста тест-драйв сапарымыздан алған әсерлермен бөлістік.
Қызықты дизайн мен жоғары сапалы жабдықтардан құралған Changan автомобильдері ұзақ жолда өздерін тек мықты жағынан көрсете алды. Сапар кезінде бірнеше мәрте қолайсыз ауа-райына тап болдық. Серпантин жолдарда көліктер бар мүмкіндіктерін көрсете алды.
Сондықтан жаңа көлік алуға ниетті болсаңыз, міндетті түрде, Changan CS35 PLUS, CS55 PLUS және UNI-K көліктерін қарауға кеңес беремін.
Шырайлы Шығыстың табиғатын аралауға мүмкіндік алған Ғазиза, ал әдемі суреттерді түсірген Алишер.