Елеусізова Бота Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімі қызметіне тағайындалды.
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы облысы әкімінің өкімімен Елеусізова Бота Серікқызы Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды облыстық баспасөз бөлімі.
1975 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы, Кеген ауданында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар: Мемлекеттік қазақ ауыл шаруашылығы институты, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты.
Әр жылдары Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының маманы, бас маманы, Түрген ауылдық округі әкімінің орынбасары, Түрген ауылдық округінің әкімі, Кеген ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді, 2022 жылдан бастап Алматы облысының ішкі саясат басқармасын басқарды.