ERG Arabia геология бойынша үш жылдық магистратура бағдарламасын бастады
ERG-дің жас геологтарды оқыту жөніндегі жаңа бағдарламасы Сауд Арабиясында біліктілікті арттыруға және инновациялық дамуға ықпал етеді.
Штаб-пәтері Люксембургте орналасқан жетекші әртараптандырылған табиғи ресурстарды өндіріп, өңдеуші компания Eurasian Resources Group-тің (ERG) Сауд Арабиясындағы еншілес ұйымы ERG Arabia геология бойынша үш жылдық магистратура бағдарламасын бастады. Бағдарлама металлургиялық шикізатты өндіру саласындағы дағдыларды ұзақ мерзімді дамытуға және осы елдің өнеркәсібіндегі технологиялық прогресті ынталандыруға бағытталған.
«Біздің бағдарлама Корольдіктің тау-кен саласында жұмыс істейтін жергілікті геолог мамандарының әлеуетін ашады. Сауд Арабиясы университеттерінің түлектеріне тәжірибе мен тәлімгерлік оқытуды ұсына отырып, біз барлау саласындағы білікті мамандардың жаңа буынын тәрбиелеп жатырмыз», — деді ERG барлау бөлімінің басшысы Шон Криспин. – Біз Сауд Арабиясының тау-кен өнеркәсібінің өсуіне және дамуына үлес қосқымыз келеді және елді минералдық ресурстарды барлау мен игеруде әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде дамытуға көмектескіміз келеді».
Үш жылдық бағдарлама ірі геологиялық барлау жобаларын әлемдік стандартқа сай жүргізуге қабілетті жоғары санатты геологтарды оқытуға және дамытуға көмектеседі. Бағдарлама түлектерге ERG-де тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен құнды тәжірибе жинақтауға және білім алуға мүмкіндік береді.
«ERG бұл бағдарламаға және барлау мамандарының келесі буынына үлкен үміт артады. Осыған байланысты Сауд Арабиясындағы магистратурадағы білім беру бағдарламасы біздің мақсатымызға жоғары деңгейде берілгендікті көрсетеді және ERG қатысуының басқа аймақтарындағы білім беру бастамаларын толықтыра түседі», — деп атап өтті ERG Бас атқарушы директоры және Аккумуляторлық сектор бойынша жаһандық альянстың тең төрағасы Бенедикт Соботка.
Сауд Арабиясының экономиканы әртараптандыру жоспарлары аясында жергілікті мамандарды даярлау, технологиялық прогресті ынталандыру және алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулерді ілгерілету басты маңызға ие. Осыған орай, осы процестің жетекші жергілікті субъектілері мен халықаралық корпорациялар арасындағы ынтымақтастықты тереңдету де басты рөл атқарады.
«Бағдарлама Сауд Арабиясының тау-кен секторының орнықты дамуына біздің міндеттемемізді көрсетеді. Жергілікті таланттарды оқытуға инвестиция салу және жас геологтарды дұрыс құралдар мен мүмкіндіктермен қамтамасыз ету арқылы біз орнықты өсудің берік негізін қалаймыз», — деді ERG корпоративтік даму бөлімінің басшысы Джонатан Кордеро. — Біз геология түлектерін дамыту және қолдау, оларды болашақ көшбасшылар етіп өсіру және Сауд Арабиясының тау-кен өнеркәсібінің ұзақ мерзімді табысына үлес қосу мүмкіндігіне қуаныштымыз»
Геология бойынша магистратура бағдарламасы ERG-дің Сауд Арабиясында кәсіби жұмыс күшін дамытуға инвестиция салуға және тау-кен өнеркәсібінің орнықты дамуына үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетеді. Бағдарлама Джиддадағы ERG кеңсесінде іске қосылды және алғашқы үш геолог (барлығы король Абдулазиз атындағы университеттің Жер туралы ғылымдар бөлімінің түлектері) оқуларын бастады.
Бағдарламаның негізгі мақсаттары:
- Дағдыларды дамыту: Қатысушылар геолог ретінде сәтті карьера қалыптастыру үшін қажетті дағдыларды беретін кешенді оқыту және кәсіби даму бағдарламасынан өтеді.
- Білімді беру: Бағдарлама аймақтағы геологиялық барлау дағдыларын арттыру және инновацияларды ілгерілету үшін озық жетістіктер мен тәжірибелерді, сондай-ақ заманауи технологияларды беруді қамтамасыз ете отырып, тәжірибелі сала мамандарымен тығыз ынтымақтастыққа ықпал етеді.
- Жұмысқа орналасу мүмкіндіктері: Бағдарлама түлектері табиғи ресурстар саласында мансаптық мүмкіндікті көреді. Алынған практикалық тәжірибе оларға өндіруші өнеркәсібінде табысты болашақ мансап үшін үлкен мүмкіндіктер береді.
- Экономикалық әсер: ERG жергілікті жұмыс күшін оқыту бағдарламасы Сауд Арабиясы экономикасын әртараптандыруды қолдауға бағытталған. Бағдарлама жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті өнеркәсіптердің дамуын ынталандырып, тиімді және орнықты тау-кен секторын қалыптастыруға ықпал етеді.