Қазақстанда HUAWEI nova 11 сериясы сатылымға шықты

7 шілдеде Huawei компаниясы Қазақстанда HUAWEI nova 11 сериясы сатылымға шығатыны туралы қуана хабарлайды! Смартфондардың жаңа тізбегі — бұл жақын арада біздің тұтынушыларымыз үшін қолжетімді болатын инновациялар мен алдыңғы қатарлы технологиялардың жиынтығы.

 «Біз HUAWEI nova 11 жаңа сериясы Қазақстанда сатылымға шыққанына қуаныштымыз, және біз өз өніміміздің сапасы мен бірегейлігіне сенімдіміз. Бізге қосылып, HUAWEI nova 11 сериясындағы смартфондардың жаңа мүмкіндіктерін көріңіз», — деп мәлімдеді HUAWEI Device компаниясының өкілдері.

Бүгінгі таңда смартфон таңдау кезінде назар аударатын ең маңызды параметрлердің бірі – оның камерасының сапасы. HUAWEI nova 11 сериясы ажыратылымы 60 МП тең екі маңдай алды камерамен жабдықталған. Осы камераның арқасында пайдаланушылар өте айқын әрі егжей-тегжейлі селфи жасай алады, сонымен қатар олардың бейне қоңыраулары да жақсара түспек.

Портреттік түсірімнің ең үздік сапасын қамтамасыз ету үшін HUAWEI nova 11 сериясында суреттерді өңдеу технологияларының бірқатары жетілдірілген.  Инновациялар топтық фотосуреттерден бастап, ірі планды түсірімдерге дейін – барлық фотосурет түрлері үшін қолданылады. HUAWEI nova 11 сериясында XD Portrait технологиясы алғаш рет қолданылып отыр, ол портреттің әрбір бөлігін анық көрсететін болады. Технологияның арқасында жарық жеткіліксіз болған жағдайда да портрет қанық және түпнұсқаға барабар түстермен шығады, бұл модельдің терісінің табиғи бітімі мен түсін анық жеткізуге мүмкіндік береді. Оған қоса, портреттегі жарық пен көлеңкенің түсуін жақсартатын интеллектуалды технология бетті анағұрлым таза немесе табиғи талғампаз макияжбен көрсетуге көмектеседі.

Сериядағы HUAWEI nova 11 Pro және HUAWEI nova 11 үлгілері ғажайып фотосуреттер түсіруге арналған 50-мегапиксельді Ultra Vision камерасы, 50-мегапиксельді RYYB Ultra Vision визуалдау модулі және 8-мегапиксельді аса кеңжолақты макрокамера секілді үш негізгі модулімен мақтана алады. Сонымен қатар смартфондарда объектілерді жылдам түсіруге арналған автотоғыстыруды қамтамасыз ететін лазерлі тоғыстыру қадағасы орнатылған. RYB түс сүзгісінің матрицасы RGB матрицасына қарағанда камераға түсетін жарықтың мөлшерін 40%-ға көбейтіп, қараңғыда түсірілетін суреттердің дәлдігі мен айқындығы деңгейін жоғарылата түседі. Түс спектрін бағалайтын мүлде жаңа жүйе әрбір түс ашық және дәл берілетініне кепілдік береді, түс температурасының 10 арналы қадағасы арқасында пайдаланушылар әлемнің шынайы түстерін бұрын-соңды көрмегендей сезінетін болады.

HUAWEI nova 11 сериясындағы смартфондардың екінші артықшылығы — Kunlun деп аталатын мықты әйнегінде. Kunlun Glass әйнегі nova сериясында бірінші рет ұсынылайын деп отыр. Композитті иондарды қолдану нәтижесінде жүздеген миллион нанометрлі кристалдар түзіледі, бұл әйнектің беріктігін әлдейқайда арттырады. Телефонның құлауға төзімділігі де nova 10 Pro үлгісіне және әдеттегі әйнек салынған басқа үлгілерге қарағанда 10 есе артық. HUAWEI Kunlun Glass швейцарлық SGS-тен бес жұлдызды төзімділік сертификатын бірінші болып алды.

HUAWEI nova 11 Pro үлгісі ыңғайлы қармауды қамтамасыз ететін иілу бұрышы 66 °тең көлемі 6,78-дюймдік OLED экранмен жабдықталған. Смартфонның қалыңдығы небары 6,88 мм, ал салмағы — 168 г. Өте жіңішке жақтаулары экран мен корпустың адам сенгісіз қатынасын қамтамасыз етеді – 6,7-дюймдік экран үшін 93,4%. Сонымен қатар, HUAWEI nova 11 сериясында алғаш рет Display Turbo, HDR photo, жиілігі 1440 Гц жарықты ЕИМ-реттеу технологиялары және экранның өнімділігін мейлінше жоғарылату үшін жанасу синхронизациясын жақсарту технологиясы қолданылады.

Сондай-ақ, HUAWEI nova 11 сериясы ұзақ уақыт қызмет етуін қамтамасыз ету үшін бір элементті және көп зарядты технологиялармен сыйымдылығы 4500 мАс тең аса ірі аккумулятормен жабдықталған. HUAWEI nova 11 Pro үлгісінде қуаттылығы 100 Вт тең HUAWEI SuperCharge Turbo технологиясы бар, осы технологияның арқасында құрылғыны экраны сөндірулі тұрғанда 10 минут ішінде 60%-ға дейін зарядтауға және 20 минут ішінде толық зарядтауға болады. Ең жылдам зарядтау телефон қысқа бейнероликтерді көруге қолданылған кезде, экран қосулы тұрған кезде жасалады және 15 минут ішінде 50%-ға дейін зарядталуы мүмкін. Бұл пайдаланушы батареяның төмен заряды туралы уайымдамау үшін жасалған.

HUAWEI nova 11 сериясының смартфондарына Kaspi.kz қолданбасындағы «Huawei Official Store» деп аталатын ресми онлайн-дүкен  арқылы және Қазақстан бойынша «Мечта», Sulpak, Technodom секілді серіктес дүкендерінен тапсырыс беруге болады. Смартфондарды жеңілдікпен және 24 айға дейін бөліп төлеумен — 0-0-24, оның ішінде «Kaspi Жұма» науқаны кезінде 14-16 шілде күндері келесі бағада сатып алуға болады: HUAWEI nova 11 Pro — жеңілдікпен 249 990 теңге (жеңілдіксіз — 269 990 тг), HUAWEI nova 11 — жеңілдікпен 199 990 теңге (жеңілдіксіз құны 219 990 тг құрайды).