Eurasian Resources Group Ақсуда «Tugan Qala» жобаларын жүзеге асыруға 130 млн теңге бағыттайды

ERG моноқалаларды дамыту мақсатымен қолға алған «Tugan Qala» бастамасы аясында маусымның 5-і мен 26-сы аралығында жеңімпаздардың жобаларын іске асыруға ынталы мердігерлерден өтінім қабылдайды.

 

«Tugan Qala» жобасы деген не?

«Tugan Qala» жобасы – ERG кәсіпорындары жыл сайын облыс әкімдіктерімен арада жасасатын меморандумдар аясында бөлінген қаражаттың қайда бағытталатынын тұрғындардың шешуіне мүмкіндік беретін бастама. Түпкі мақсат – кәсіпорындардан түскен қаражаттың қай инфақұрылым нысандарына жұмсалуы тиіс екенін және қалада қандай нысандар салынатынын тұрғындардың өздері анықтап, сол арқылы қаланың дамуына тікелей өздерінің ат салысуына жол ашу.

– «Tugan Qala»-ға тұрғындардың қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Өйткені бұл бастама нақты олар тұрып жатқан көше, олардың үйі мен ауласын жақсартып, көркейтуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік жауапты компания ретінде ERG тұрғындардың өз елді мекендеріне деген жанашырлығына шын қуанып, олардың бастамаларын қолдауға талпынады, — деді ERG-дің Қазақстандағы бас директоры Серік Шахажанов. – Осы орайда, халықаралық HR конференцияда біздің «Tugan Qala» бастамамыз HR бренд марапатының номинанты атанды. Бұл жобаның маңызын тағы бір мәрте паш етті деген ойдамын.

Бастама Хромтау, Ақсу, Рудный қалалары мен Қашар және Октябрьский кенттерінде ісе асырылып жатыр. Ақсуда «Tugan Qala» бастамасы 2021 жылы қолға алынған. Бүгінге дейін 20-дан астам әлеуметтік нысан бой көтерді. Олардың қатарында балалар мен спорт алаңдары, арт-нысандар мен инклюзивті жағажай бар. Биыл шыңғы роллер жолы, саябақтарда демалыс аймақтары, «Денсаулық соқпағы» атты жаттығу кешені сынды 10 жоба іске асырылады.

Өткен 2023 жылы бұл бастама аясындағы жобаларға Ақсу тұрғындарының 3,13% дауыс беріп, іске жұмылған. Бұл ынталы бюджеттендірудің озық әлемдік тәжірибесіне сай.

 

«Tugan Qala» жобасында мердігер не істеуі керек?

Бұрнағы жылдардағыдай емес, биыл мердігердің мүмкіндіктері айтарлықтай кеңіген. Ол бұрынғыдай тек жобаны іске асырумен шектелмей, команданың толыққанды мүшесі ретінде жобаның барлық кезеңдеріне, соның ішінде оның құнын есептеу мен іске асыруға дейін түгел қатысады. Бұл осындай жобаларда тәжірибесі толысқан компаниялардан сараптамалық кеңес алу үшін жасалған. Әрі командалардың жұмысын тиімді етіп, оңтайландыра  түседі.

– Қазір қаладағы инфрақұрылым нысандарын іске асыру үшін тұрғындардың идеяларын сапалы атқара алатын жауапты компаниялар керек, – дейді Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Марат Зенов. – Әкімдік тарапынан біз жобалардың сәтті жүзеге асқанына мүдделіміз. Сондықтан, командалардың барлық мүшелеріне септесіп, қаламыздың тұрғындарға барынша жайлы әрі тартымды болуына күш саламыз.

Eurasian Resources Group Ақсуда «Tugan Qala» жобаларын іске асыруға 130 млн теңге бағыттайтынын естеріңізге саламыз. Келер 2025 жылы Ақсу қаласында 9 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Іріктеуге қатысушы нені блуі керек?

Қазір 2025 жылы жобаларды іске асыруға ниетті әлеуетті мердігер ұйымдардан өтінім қабылдау жүріп жатыр. Оған жеке кәсіпкерлер де, заңды тұлғалар да қатыса алады. Іріктеуге қатысу үшін 2024 жылы маусымның 5-і мен 26-сы аралығында «Tugan Qala» порталында тіркеліп, https://tugan-qala.kz/ өтінім беру керек.

Іріктеуге қатысушыға қойылатын талаптардың толық тізімі сайтта: https://tugan-qala.kz/.

Іріктеу қорытындысы шілде айында жарияланады.