Eurasian Resources Group «Корпоративтік басқару» номинациясында үздік деп танылды
ICDA «Хром индустриясының орнықты дамуы-2023» байқауының қорытындысы бойынша Eurasian Resources Group-ты «ESG – корпоративтік басқару» номинациясы бойынша үздік компания деп таныды.
Табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы жетекші әртараптандырылған және штаб-пәтері Люксембургте орналасқан топ Eurasian Resources Group («ERG» немесе «Топ») Халықаралық хром қауымдастығының (ICDA) корпоративтік басқару санатындағы Орнықты даму сыйлығын алғанын қуана хабарлайды. ERG еншілес кәсіпорны «Қазхром» ТҰК Халықаралық хром қауымдастығының (ICDA) мүшесі және хром құрамы бойынша әлемдегі ең ірі феррохром өндіруші болып табылады.
Орнықты даму саласындағы сыйлық 2022 жылдағы үздік нәтижелер үшін табысталды және бұл марапат Топтың хром өндірушісіне қойылатын стандартты талаптарды орындап қана қоймай, одан артық көлемде міндеттемені орындауға деген ұмтылысын дәлелдейді. «Басқару» санатындағы Орнықтылық сыйлығы айтарлықтай ашықтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүзеге асырған тау-кен және металлургия компанияларына беріледі. Бұл марапат сонымен қатар бүкіл әлем бойынша Топ кәсіпорындарының ESG саясаты мен орнықты даму тәжірибесін ұстанатынын көрсетеді.
2021 жылы ERG орнықты даму саласындағы өнім жеткізушілер үшін «Sustainable Supplier Award» марапатын тағайындады. ERG Корпоративтік басқару бөлімінің талабы бойынша Топ жеткізушілері ESG саясаты мен тәжірибесіне қатысты сауалнамаға жауап беруге міндетті болды. ERG өзімен бірге жұмыс істейтін жеткізушілерден алынған мәліметтерге жан-жақты талдау жүргізді және олардың әрқайсысына ESG саясатының талаптары мен қағидаттарына сәйкестігі үшін балл қойды. Бұдан бөлек, 2022 жылы ERG Sirius технологиялық компаниясымен серіктестік құрып, мердігерлер мен жеткізушілердің тұрақты даму талаптарына сәйкестігін тексеріп, бақылайтын бағалаудың пилоттық үлгісін енгізді. Бұл пилоттық жоба Топқа өзінің коммерциялық қызметі барысында өз жеткізушілерін тиімді бағалауға және ESG саясаты мен тәжірибесін басшылыққа алатындарды қолдауға мүмкіндік берді.
Бенедикт Соботка, Eurasian Resources Group Бас атқарушы директоры және Аккумуляторлық батарея секторы бойынша жаһандық альянстың қосарлас төрағасы:
«ICDA сыйлығы біз үшін – үлкен мәртебе. Бұл марапат барлық жұмыста ESG мәселелеріне басымдық беретін біздің командамыздың қажырлы еңбегі мен адалдығының көрінісі болып табылады. Біз экономика тарихындағы ең әсерлі трансформациялардың бірінің бетбұрысты кезеңінің куәсі болып отырмыз және осы үдерісте Eurasian Resources Group-тың басты рөл атқарып жатқанын мақтан тұтамын. Болашақта атқарар жұмысымыз көп, бірақ жауапкершілікті мойындай отырып, өзге компаниялармен әріптес болып, жасыл экономикаға бірізді көшеміз деп сенемін»
Шераз Неффати, Халықаралық хром өндірушілері қауымдастығының атқарушы директоры:
«Ұзақ жылдар бойы ICDA өз қызметі барысында орнықты даму мен ESG-ге басымдық беріп келеді. Біздің ұйым мүшелері хабардар болып, жүзеге асырып жатқан құнды бастамаларының артқанын, соның ішінде Eurasian Resources Group тағайындаған «Sustainable Supplier Award» сыйлығын мақтан тұтамыз. Біз өзгелерге үлгі болуға ұмтыламыз және ERG сияқты Қауымдастықтың мүшелері ESG саласында үздік үлгі көрсете алатына қуаныштымыз»
Константин Праведников, ERG Тобының сату және маркетинг департаментінің басшысы:
«ERG саланың болашақта дамуын қамтамасыз ету үшін қыруар жұмыстар атқарып келеді. Бұл марапат — салалық стандарттан асып түсе беретін командамызбен мақтануға тағы бір себеп. Сондай-ақ, бұл сыйлық әр түрлі кәсіпорындарда ESG-тәжірибесін енгізу жұмыстарын әрмен қарай жалғастыруға қосымша ынта береді»
Галина Донник, ERG-дегі ESG бағдарламаларының жетекшісі:
«ICDA байқауына қатысу және жеңіс — ERG үшін үлкен құрмет. Біз Топ ішінде орнықты дамудың озық тәжірибелерін енгізуге ғана емес, сонымен қатар осы маңызды үдерісте тәжірибе алмасуға, ақпараттандыруға және барлық мүдделі тараптарды қолдауға үлкен мән береміз. ERG компаниясының Сатып алу департаменті ұсынған «Sustainable Supplier Award» марапаты бізге озық тәжірибелермен бөлісуге және орнықтылықты өз бизнесінің маңызды бөлігіне айналдыратын және ілгері дамып келе жатқан жеткізушілерді тануға мүмкіндік берген негізгі бастамалардың бірі болып табылады»
Сергей Прокопьев, хром дивизионының басшысы, «Қазхром» ТҰК» АҚ Бас директоры:
«Бұл ESG мәселелеріне көңіл бөлетінімізді көрсететін қоғамдық мойындаудың өте маңызды белгісі. Біз тағайындаған «Sustainable Supplier Award» сыйлығы — Қазақстандағы мұндай тұңғыш марапат. Ол жалпы Орталық Азиядағы тау-кен және металлургия компаниялары үшін үлгіге айналатыны анық»
2021 жылы ERG кәсіпорны, Казхром, ICDA бойынша «Жауапты хром өндіруші» мәртебесін алған әлемдегі алғашқы 6 компанияның бірі болды. Сондай-ақ 2022 жылы Казхром ең жоғары баға алған қара металлургия кәсіпорындарының 1% қатарына еніп, EcoVadis Platinum медалін алды.