«Ұnight Show» шоу көрермендерге жол тартады

16 маусым күні НТК арнасы «Ұnight Show» атты жаңа шоу ұсынбақ! Стендап, жайдарман, кино және басқада жобалардан жолын тапқан резиденттер езуіңізден кетпейтін күлкі сыйлайды. Импровизацияға негізделген айдарлар – шоудың басты ерекшелігі болмақ.

Еркебұлан Мырзабек, әзілкеш, «Ұnight Show» шоудың продюсері:

  • Жобаны бастамас бұрын, біз анализ жасадық және негізгі басымдықты импровизацияға беруді жөн санадық. Көрермен бағдарламадан импровизацияға толы айдарларды көретін болады.

Қоғамымызда болып жатқан көптеген оқиғаларды әзіл-күлкі арқылы жеткізуді мақсат еткен бағдарламаның тақырып аясы кең. Жоба продюсерінің айтуынша, шоуда еліміздегі сайлау жүйесі, шенеуніктер, курьер мен еріктілер негізгі тақырыпқа айналмақ.

Еркебұлан Мырзабек, әзілкеш, «Ұnight Show» шоудың продюсері:

  • «Аз-ақ фильм» атты арнайы айдар қостық. Бұл сахнадағы импровизациялық фильм. Бұны көру керек, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Одан бөлек, «Ұ-name» деген айдар бар. Көпшілікке танымал қыз (блогер, әнші, актриса) арнайы шақырылады. Резиденттер оған комплимент айтады. Барлық резиденттердің ішінен жаңағы қыз бір жеңімпазды таңдайды.

Талант пен тапқырлықты қажет ететін шоуға жоба авторлары елімізге белгілі әзілкеш, стендаперлерді арнайы жинақтаған.

Еркебұлан Мырзабек, әзілкеш, «Ұnight Show» шоудың продюсері:

  • Жобадағы резиденттер жаңа есімдер деп айта алмаймын, барлығы Қазақстандағы танымал әзілкештер. Шоуға креативті ойлай алатын, әзілге жақын резиденттерді арнайы таңдап алдық. Мәселен, Бексұлтанның кинодағы образдарын көріп жүрсіздер. Сондықтан, Бексұлтанда мін болған жоқ. Ал Нұрболды о баста алу керек деп ойлаған резидентіміздің бірі еді. Сондықтан Нұрбол да бірден алынды.

«Ұnight Show» шоу 16 маусымнан бастап, әр жұма сайын, сағат 18:10-да НТК арнасынан эфирге жол тартады!