Шахматтан Азия құрлықтық чемпионатының ортасына қарай қазақстандық ойыншылар көш бастап тұр

Бүгін Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында шахматтан Азия құрлықтық чемпионатының 5-ші раунды өтуде, алда әлі төрт тур бар.Қатысушылар турнирлік экваторға жеткендіктен аралық қорытындыларды шығару уақыты таяп қалды.

Ерлер арасындағы ашық чемпионатта өткен төрт турдың қорытындысы бойынша гроссмейстер Ринат Жұмабаев алда келе жатыр. Ол ҚР ерлер құрамасының тағы бір тәжірибелі қатысушысы Мұртас Қажығалеевпен бірге көш бастап тұр. 2-турда олар өздерінің қарсыластарын қара түстермен жеңуге мәжбүр болды, бұл қай уақытта болса да оңайға соқпайды және жиі белгілі тәуекелмен жүзеге асады. Мұртас Қырғызстанның бірнеше дүркін чемпионы Семетей Тологонтегинмен болған ойында өте күрделі тактикалық соққы болмаса да, тез арада жеңіске жетті, ал Ринат жеңісті қиын жолмен алды. Оның қарсыласы Бангладештік Мұхаммед Рахман алғашқы екі жолды жауып, өз аумағының бестен бір бөлігін де бергісі келмеді, ал уақыт жақындағанда ол пешканы ұтып алды. Кейінірек белгілі болғандай, оппонентімен болған ойындағы салдарын дұрыс көздеген гроссмейстердің позициялық құрбаны нәтижелі шықты.

3-ші турда Ринат Үндістаннан келген халықаралық шебер Адитья Самантаны жеңді, ал 4-ші турда төрт турдың соңында екінші орында тұрған ирандық Данешвар Бардиямен тең түсті. Үшінші орында – Өзбекстаннан келген гроссмейстер Шамсиддин Вохидов тұр. Алғашқы шахматшылардың ондығына қазақстандық спортшылар: Әлішер Сүлейменов, Азамат Өтеғалиев, Аңсат Алдияр, Мұртас Қажығалеев және Қазыбек Нөгербек кірді. Топ10–дықтың алтауы біздікі!

Қыздардан 2-ші турда Амина Қайырбекова бірінші тақтадан айқын көрінді, ойында тәжірибелі ирандық Мобин Аминасабтан кем түспеді. Жеребе Әсел Серікбай мен Лия Құрманғалиеваға түсті. Партия қызықты өтті, қыздар тапқырлық пен жеңіске деген ерікжігерін көрсетті, нәтижесінде Әсел Серікбай жеңіске жетті. Ксения Балабаева да екі рет қатарынан жеңістен бастады. Оның қарсыласы Адель Оспанова жеңісті оңайлықпен бермеді. Қазақстандық шахматшы Назерке Нұрғали қырғызстандық Айана Абаеваның «қақпасына әдемілеп доп тепті», сондай-ақ 2-ден 2-і.
3 және 4 турдың қорытындысы бойынша Алуа Нұрманова мен Меруерт Камалиденова «бестікті минуспен» алды – «екі еселенген» активке бір жарым ұпай әкелді. 124 қадамға ұласқан Назерке Нұрғали мен Меруерт Камалиденованың партиясы тең нәтиже көрсетті.
Төрт турдан кейін Алуа Нұрманова, Меруерт Камалиденова және Назерке Нұрғали көшбасшылардан тек жарты ұпайға артта қалды. Төртінші турдан кейін бірінші орында Моңғолиядан келген гроссмейстер Б. Мунгунтуул тұр.
Күрестің бастапқы қарқынына сүйене отырып, миттельшпильде және әсіресе чемпионат мәресінде жарқын эмоциялар күтілуде!
Айта кетейік, бүгін жас шахматшылардың Қазақстан шахмат федерациясының (ҚШФ) бірінші вице-президенті және Азия шахмат федерациясының (ACF) вицепрезиденті Дәрмен Сәдуақасовпен бір мезгілде ойын сеансы өтуде. Шахматтан Азия құрлықтық чемпионаты (ерлер арасындағы ашық чемпионат және әйелдер арасындағы чемпионат) осы аптаның соңына дейін жалғасады. Чемпионаттың жабылу және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың 11 маусымында өтеді.

Турнирді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Азия шахмат федерациясы және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырды. Турнирдің бас серіктесі – Freedom Holding Corp