Халықаралық тәжірибе алмасу оқу бағдарламасына қатысты

Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының 1-курс докторанты Тұрысбек Асем Берікқызы 2025 жылдың 22 ақпанда Қытай Халық Республикасының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Шыңжаң заң колледжінде заңгер мамандарға арналған халықаралық тәжірибе алмасу оқу бағдарламасына қатысты. Бұл бағдарламаға қатысуына Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Сулейменова Сауле Жусупбековна мен ғылыми жетекшісі, з.ғ.к., доцент Нурахметова Гульмира Галиевна бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетті.
Аталған оқу бағдарламасы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің жастары үшін әзірленген жаңа білім беру жобасы болып табылады. Бұл жоба ШЫҰ елдерінің жастарына халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу мүмкіндігін ұсынады.
Осындай мүмкіндік сыйлаған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне алғысымызды білдіреміз!
Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының 1-курс докторанты Тұрысбек Асем Берікқызы