HONOR X8c: Менің жеке тәжірибем
![](https://nazarmedia.kz/wp-content/uploads/2025/02/MAS_8289.jpg)
Алғашқы әсер
Қолыма HONOR X8c түскенде, оның заманауи дизайны бірден назарымды аударды. Плоский қырлары мен минималистік камера блогы стильді көрінеді. Телефон қолда сенімді сезіледі, дегенмен, артқы матовая бетке саусақ іздері аз қалғанымен, ұсақ сызаттар тез байқалады. Сондықтан қап алуым қажет болды.
Дисплей: әсерлі тәжірибе
6,7 дюймдік AMOLED экраны шынымен ұнады. Түстер қанық, қара түс терең, ал 90 Гц жаңарту жиілігі интерфейсті тегіс әрі жылдам етеді. Автоматты режимді қосып қойдым, ол экран жиілігін қолданбаға қарай өзі реттейді. Күн сәулесінде экран кейде көмескі көрінгенімен, ғимарат ішінде бәрі мінсіз.
Өнімділік және күнделікті қолдану
Snapdragon 680 процессоры күнделікті тапсырмаларда жақсы жұмыс істеді. Әлеуметтік желілер мен браузер жылдам жүктеледі. Алайда, Genshin Impact сияқты ауыр ойындарда графиканы төмендетуге тура келді. 6 ГБ жедел жады мен қосымша виртуалды 6 ГБ көптапсырмалылықты жеңілдетті.
Камера арқылы әсер
108 МП негізгі камера күндіз айқын және табиғи түстермен суретке түсіреді. Түнде сапасы төмендейді, бірақ түнгі режим көмектеседі. Алдыңғы 50 МП камера видеоқоңыраулар мен селфиге лайық.
Батарея және қуат күші
5000 мАч батареясы мені қуантты: бір күн белсенді қолданғанда да қуаты таусылған жоқ. 22,5 Вт жылдам зарядтау 30 минутта батареяны 50%-ға дейін толықтырады, бірақ толық зарядтау үшін шамамен екі сағат керек.
Қорытынды:
HONOR X8c – күнделікті қолдануға ыңғайлы, баға мен сапаның үйлесімді балансы. Оның дисплейі, автономдылығы және жылдам жұмысы мені қанағаттандырды. Өзім үшін — бұл тиімді таңдау.
Мен байқаған смартфонның басты артықшылықтары:
- AMOLED дисплейі: Қанық түстер мен тегіс интерфейс.
- Ұзақ жұмыс істейтін батарея: Бір күнге толық жетеді.
- Жеткілікті өнімділік: Көптапсырмалылық пен жеңіл ойындарда жақсы нәтиже.
- Қолайлы дизайн: Жеңіл әрі стильді корпус.
Мен байқаған бір кемшілік:
- Қос динамик пен 5G жетіспеуі.
Қорыта келгенде, HONOR X8c — тиімді бағадағы сенімді серік.