Кәсіби фотосурет пен керемет беріктіктің үйлесімі бар Xiaomi Redmi Note 14 Cериясы ұсынылды

Заттар интернеті платформасымен (IoT) біріктірілген тұтынушылық электроника мен ақылды құрылғылардың жетекші өндірушісі Xiaomi Corporation («Xiaomi» немесе «Топ», акция коды: 1810) Қазақстанда Redmi Note 14 смартфондары сериясының шыққаның хабарлайды. Жаңа желіге төрт модель кіреді: Redmi Note 14 Pro+ 5G, Redmi Note 14 Pro 5G, Redmi Note 14 Pro және Redmi Note 14. Бұл құрылғылар Redmi Note сериясын жасанды интеллект және жоғары технологиялық камерамен, беріктігімен және жаңартылған функционалдық мүмкіндіктерімен жаңа деңгейге көтеріп, көптеген пайдаланушыларға озық функцияларды ұсынады.  

Анықтығы жоғары AI камераларына өміріңіздің әр сәтін түсіріңіз

Redmi Note 14 сериясының камералары флагмандық модель деңгейіндегі фотосуреттер түсіру мақсатында жасалынған. Pro-ның ең үздік нұсқаларында ұсақ бөлшектерді айқын түсіруге мүмкіндік беретін кескінді оптикалық тұрақтандыруы (OIS) бар 200 Мп AI-камерасы қолданылады. Сонымен қатар жоғары ұлғайту  мүмкіндіктерімен жабдықталған Redmi Note 14 Pro+ 5G және Redmi Note 14 Pro 5G серияларында сапаны жоғалтпайтын 2x және 4x оптикалық зумнан 30 есеге дейін, Redmi Note 14 Pro-да 20 есеге дейін ұлғайтуға болады. 108 Мп AI камерасымен жабдықталған Redmi Note 14 енді бәріне қолжетімді.

Алдыңғы камераларға жүргізілген жұмысқа тоқталсақ, барлық модель кемінде 20 Мп, ал Redmi Note 14 Pro 32 Мп ажыратымдылығы бар сенсорлармен жабдықталған. Кең бұрышты 0.8x зум арқасында барлық достарыңызбен, жақындарыңызбен бірге керемет сәтті толыққанды суретке түсіруге мүмкіндік береді.

Ерекше фото және видео контентке арналған шығармашылық мүмкіндіктер

Redmi Note 14 сериясы күшті камераларды ғана емес, сонымен қатар шығармашылығыңызға арналған қызықты контент жасау үшін бірқатар функцияларды ұсынады. Оның ішінде:

Динамикалық түсірілімдер кадрларды жандандыру үшін өмірде адам жай көзбен көре алмайтын іс-қимылды қосады.

Dual Video режимі бейнені бір мезгілде алдыңғы және негізгі камераларға түсіруге мүмкіндік береді, видеоны әртүрлі ракурстан түсіреді.

AI жетілдірілген функцияларының арқасында Pro модельдерінде фотосуреттерді өңдеу бұрынғыдан да ыңғайлы:

Кескінді AI-кеңейту артқы фон мен аса терең композициялар жасауға арналған.

AI-Өшіргіш Pro фотосуреттегі артық объектілерді бірнеше рет түрту арқылы өшіруге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге  негізгі нұсқаларда артқы фонды оңай өзгерту үшін AI-Аспан сияқты функциялары қарастырылған. Кіріктірілген AI-шешімдерінің² арқасында өңдеуге көп күш жұмсамай-ақ, жылдам, әрі жоғары сапалы суреттерді алуға болады.

Күнделікті өмірге арналған берік сенімділік

Redmi Note 14 сериясының смартфондары құлаудан, сызаттардан және судан қорғалған, сол себепті күнделікті тұрмыста еш уайымсыз қолдана беруге болады. Құрылымның негізін All-Star Armor Structure құрайды. Оған берік алюминий жақтаулар, амортизациялағыш көбік материал және буферлік полимерлік кірістірмелер кіреді. Бұл элементтер Redmi Note 14 Pro+ 5G және Redmi Note 14 Pro 5G модельдерін байқаусызда құлаудан қорғайды. Pro нұсқаларының дисплейі сызаттарға төзімді Corning® Gorilla® Glass Victus® 2 әйнегімен жабдықталған, ал Redmi Note 14 Pro+ 5G артқы қақпағы Corning® Gorilla® Glass 7i не эко былғарыдан жасалған. Қалған модельдерге беріктік пен сенімділік беретін Corning® Gorilla® Glass 5 қолданылады.

Бұл серия сыртқы фактор әсерлерінен қорғалған. Redmi Note 14 Pro+ 5G және Redmi Note 14 Pro 5G смартфондарының IP68 қорғау рейтингі бар, бұл оларды су мен шаңға төзімді етеді. IP64 рейтингі бар Redmi Note 14 Pro моделі шаң мен судың шашырауынан қорғалған, ал IP54 бар Redmi Note 14 ұсақ тамшылар мен шаңға төзімді. Барлық модельдердің дисплейлері су немесе майлы қолмен жұмыс істеуге оңтайландырылған, сенсорлық енгізудің дәлдігіне кепілдік береді.

Қуат күні бойы

Redmi Note 14 сериясының смартфондары видео қоңыраулардан бастап ойындарға дейін кез келген тапсырманы өнімді чипсеттер мен төзімді аккумуляторлардың арқасында ұзаққа шыдайды. Жетекші Redmi Note 14 Pro+ 5G, 4-нм технология негізіндегі найзағайдай жылдам процессоры Snapdragon® 7s Gen 3 тұсаукесері. 120 Вт HyperCharge технологиясы бар сыйымдылығы 5110 мАсағ аккумулятор құрылғыны санаулы минут ішінде толық зарядтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса бұл модель -20°C-қа дейін жұмыс істейтін тығыздығы жоғары батареямен жабдықталған, ызғарлы күнде де байланыста болу аса маңызды пайдаланушыларға арналған.

Redmi Note 14 Pro 5G модельдері және басқа құрылғылар MediaTek Dimensity 7300-Ultra және MediaTek Helio G100-Ultra процессорларымен жабдықталған, олар стриминг, ойнау және қосымшалар арасында жылдам ауысу кезіндегі жұмыс біркелкілігін қамтамасыз етеді. Батареялардың сыйымдылығы 5110 мАсағ бастап 5500 мАсағ дейін өзгереді, смартфонды әр қолданған сайын зарядтамай пайдалануға мүмкіндік береді.

Барлық құрылғылар ұзақ мерзімді циклі бар батареялармен жабдықталған: олар 1600 зарядтау циклінен кейін сыйымдылықты  80% дейін³ сақтайды. Ақылды зарядтау жүйесі аккумулятордың жұмыс ету мерзімін ұзарту және оның оңтайлы өнімділігін сақтау үшін пайдалану деректерін талдайды. Pro модельдері құрылғы толық зарядталғаннан кейін бірнеше секунд ішінде іске қосуға мүмкіндік беретін жылдам қосу функциясымен жабдықталған.

Күнделікті өмірге арналған ақылды технологиялар

Redmi Note 14 сериясының барлығында дербес өзара әрекеттесуді ұсынатын Google Gemini жүйесі қолжетімді, ал Pro модельдерінде ұсынылған Circle to Search функциясы ақпарат іздеуді жеңілдетеді және күнделікті тапсырмалардың орындалуын тездетеді.

Redmi Note 14 өнімділігі мен энергиялық тиімділігінің ойластырылған үйлесімінің арқасында күні бойы жұмыс тұрақтылығын қамтамасыз етеді және керек кезде тез зарядталады.

Көзді қорғау дисплейімен алаңсыз видео қара

Redmi Note 14 сериясы 120 Гц жаңарту жиілігі бар жарқын дисплеймен жабдықталған бірқалыпты жұмысты қамтамасыз етіп, контентті жандандырады. Redmi Note 14 Pro+ 5G және Redmi Note 14 Pro 5G ұсақ бөлшектерді анық көруге мүмкіндік беретін 1.5 K ажыратымдылығының арқасында сурет сапасы жаңа деңгейге шықты.

Көзді қорғау технологиясы смартфонмен қолдануды жайлы етеді. Дисплейлер TÜV Rheinland Low Blue Light (Hardware Solution) стандарттарына сәйкес көгілдір жарықтың көзге тигізетін әсерін азайтады, сондай-ақ Flicker Free және Circadian Friendly сертификациясы кешкі уақытта жұмыс істегенде немесе телехикаяларды қарауға тиімді етеді. Ал жарық күн сәулесі кезінде Redmi Note 14 Pro+ 5G және Redmi Note 14 Pro 5G дисплейлері 3000 нитке дейінгі кескіннің айқын және жарық болуын қамтамасыз етеді.

Күнделікті тұрмысқа қолайлы технология

Xiaomi компаниясының Redmi Note 14 сериясы жоғары өнімділікті, түсірілім мүмкіндіктерін және сенімділікті біріктіреді. Redmi Note 14 сериясы жоғары ажыратымдылықтағы камералар мен ақылды функцияларды, шаң мен суға төзімділікті, берік корпусты, күшті процессорлар мен қуатты күні бойы ұстайтын аккумуляторларға дейін премиум мүмкіндіктерді қолжетімді бағада ұсынады.

Бағалар және қолжетімділік

Redmi Note 14 Pro+ 5G-дің үш түсі қолжетімді: Түнгі қара, Лаванда күлгін және Аязды көк⁷. Ұсынылатын бөлшек сауда бағасы:

  •       8 Гб+256 Гб — 209 990 теңге
  •       12 Гб+512 Гб — 239 990 теңге

Redmi Note 14 Pro 5G-дің үш түсі ұсынылады: Түнгі қара, Лаванда күлгін және Жасыл Ақықты⁷. Ұсынылатын бөлшек сауда бағасы:

  •       12 Гб+512 Гб — 199 990 теңге

Redmi Note 14 Pro-дің үш түсі қолжетімді: Түнгі қара, Аврора күлгін және Мұхиттық көк⁷. Ұсынылатын бөлшек сауда бағасы:

  •       8 Гб+256 Гб — 144 990 теңге
  •       12 Гб+512 Гб — 174 990 теңге

Redmi Note 14-тің төрт түсі қолжетімді: Түнгі қара, Тұман күлгін, Мұхиттық көк және Лаймдық жасыл⁷ жад көлемінің үш нұсқасымен⁸.

  •       6 Гб+128 Гб — 87 990 теңге
  •       8 Гб+128 Гб — 97 990 теңге
  •       8 Гб+256 Гб — 107 990 теңге

24 қаңтар мен 13 ақпан аралығында mi.com сайтында және Authorized Xiaomi Store авторланған реселлер дүкендерінде Redmi Note 14 смартфондарын сатып алу кезінде Redmi Buds 6 Play құлаққаптарын сыйлық ретінде алуға болады, ал Redmi Note 14 Pro, Redmi Note 14 Pro 5G және Redmi Note 14 Pro+ 5G смартфондарын сатып алу кезінде Redmi Buds 6 құлаққаптарын сыйлық ретінде алуға болады.

Сонымен қатар Redmi Note 14 смартфоны арнайы бағамен қолжетімді болады:

  • 6 Гб+ 128 Гб — 87 990 теңге орнына 84 990 теңге   
  • 8 Гб+ 128 Гб — 97 990 теңге орнына 94 990 теңге   
  • 8 Гб+ 256 Гб — 107 990 теңге орнына 104 990 теңге

Қазақстанда Xiaomi 13 смартфондарының флагмандық сериясы ресми түрде ұсынылады