Қазақстанда Xiaomi 13 смартфондарының флагмандық сериясы ресми түрде ұсынылады

Xiaomi компаниясы Қазақстанда Xiaomi 13 Series ең жаңа флагмандық желісін ұсынады. Бұл өнім бұдан бұрын халықаралық нарықтар үшін Испанияның Барселона қаласында ұсынылған болатын. Xiaomi мен Leica арасындағы суретті өңдеу технологиялары саласындағы стратегиялық серіктестік шеңберіндегі тығыз ынтымақтастықтың арқасында Xiaomi 13 пен Xiaomi 13 Pro өз пайдаланушыларына мобильді фототүсірілімнің мүлдем жаңа тәжірибесін ұсынуға шақырылған. Бұл көптен күткен флагмандық модельдер Leica компаниясымен бірлесіп жасалған. Олар кәсіби оптикалық линзаларды, сондай-ақ мінсіз түсірілім нәтижесін жасауда көптеген озық есептеу мен бағдарламалық мүмкіндіктерді ұсынады. Премиум класының басқа сипаттамаларына Snapdragon® 8 Gen2 ең жаңа процессоры және Xiaomi-дің меншікті Surge аккумуляторды басқару жүйесі кіреді. Сөйтіп ол барлық бағыттар бойынша қуатты өнімділікпен қамтамасыз етеді.

Leica-мен бірлесіп әзірленген камералар жүйесінің көмегімен шеберлікпен жасалатын фототүсірілім

Xiaomi 13 пен Xiaomi 13 Pro камералар жүйесінің аппараттық қамтылым мен сурет сапасынан бастап UI/UX дизайнына дейінгі әрбір қыры кәсіби деңгейдегі смартфондарда суретке түсіру мүмкіндігін беру мақсатында Leica-мен ынтымақтастықта жасалған. Екі смартфон да Leica-ның оптикалық объективтері бар үштік камерамен жабдықталған.

Xiaomi 13 Pro-дағы Leica Vario-Summicron 1.19-2.2/14-75 ASPH камералар жүйесі 14 мм-ден 75 мм-ге дейінгі фокустық қашықтықты қамтиды. Сондай-ақ ол IMX989 ультра үлкен 1 дюймдік матрицасы бар 23 мм негізгі кең бұрышты камерадан, 75 мм қалқымалы теле камерадан және 14 мм ультра кең бұрышты камерадан тұрады. Xiaomi 12S Ultra-да алғаш рет пайда болған IMX989 сенсоры смартфонға орнатылған ең үлкен сенсор болып табылады. Үлкен сенсордың жоғары динамикалық диапазоны, керемет жарық сезу мен жылдам жауап беру қабілеті бар. Соның арқасында ол әрбір ұсақ бөлшекті ашатын айқын кереғарлық және анық текстурамен көп бояулы суреттерді ұсынады. DSLR деңгейіндегі ішкі фокустау технологиясын пайдалану нәтижесінде смартфонның жаңа 75 мм телеобъективі 10 см-ден өте жоғары фокустық қашықтыққа жету, яғни тамаша портреттер мен үлкейтіп әдемі түсіру үшін қалқымалы линза құрылымын қолданады. Сол арада Xiaomi 13-те 0,6x-тен 3,2x-ке дейінгі оптикалық зум диапазоны бар, сондай-ақ 75 мм телеобъективпен жабдықталған.

Фототүсірілім әуесқойларын да, кәсіби фотографтарды да қуантатын жайт, Xiaomi 13 пен Xiaomi 13 Pro камераның толық баптауларының кең ауқымын ұсынады. Мастер-линз жүйесі, бағдарламалық функция тамаша мінсіз портреттерді түсіруде үлкен фокустық қашықтық және айқын тереңдікпен қамтамасыз етеді. Сонымен бірге  пайдаланушылар Leica Authentic Look және Leica Vibrant Look секілді екі түрлі фотографиялық стильді таңдай алады. Ал олар суреттердің дәлдігі мен орташа қанықтылығын сақтау кезінде эстетикалық мүмкіндіктер ұсынады. Тартымды және қолдануға оңай пайдаланушы интерфейсіне, сонымен қатар қосымша функцияларға Leica сүзгілері, Leica су таңбасы және Leica классикалық дыбыс бекітпесі кіреді.

Xiaomi Imaging Engine арқасында Xiaomi 13 Pro пен Xiaomi 13 барлық Xiaomi флагмандықтарының ішінде есептеу фотосуреттерінің ең жоғары мүмкіндіктеріне ие. Олар фотосуреттерді «қармау» жылдамдығын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар құрылғыларға Xiaomi ProFocus функциясының көмегімен қозғалыстағы белгілі бір нысандарға автоматты түрде фокустелуге мүмкіндік береді. Бұл камераның жалпы әсерін күшейтетіні сөзсіз.

Суреттің тамаша оңтайландырылуын ұсына отырып, екі смартфон да про-режимде түсіру параметрлерін қолмен баптауға мүмкіндік береді. Xiaomi 13 Pro Adobe жасаған 10 биттік 10-Bit RAW DNG Camera мен түстік профильдерді қолдайды, бұл кәсіпқойларға Adobe Photoshop және Adobe Lightroom-да кейін өңдеуде көбірек мүмкіндіктер қалдырады.

Xiaomi 13 пен Xiaomi 13 Pro бейне түсірілімінде де тамаша. Кәсіби деңгейдегі видеографтар үшін ерекше құрал бола отырып, екі құрылғы да пайдаланушыларға «Dolby Vision®-да ашық түспен, айқын кереғарлықпен және егжей-тегжейлі жасауға», 4K Ultra Night бейнелерін түсіруге мүмкіндік береді. Олар ерекше сапада түсіру үшін HyperOIS бейне тұрақтандыруды ұсынады.

Өте жоғары жылдамдық + Snapdragon® 8 Gen2-мен өнімділік пен сенімділік + Xiaomi Surge-пен қуат

Xiaomi 13 пен Xiaomi 13 Pro Snapdragon® 8 Gen 2 жетекші мобильдік платформасында жұмыс істейді. Алдыңғы буынмен салыстырғанда олардың GPU өнімділігі мен энергиялық тиімділігін сәйкесінше 42% және 49%-ға арттыру есебінен графикалық өңдеу барынша жақсартылған. Сол екі арада CPU өнімділігі мен энергиялық тиімділігі сәйкесінше 37% және 47%-ға жоғары. Мұндай күшті өнімділік есептеу фотосуреті, нақты уақыттағы жасанды интеллект және ойындар сияқты міндеттерді орындау кезінде жеңілдік пен жылдамдыққа кепілдік береді, бұл ретте автономды жұмыс істеу уақыты ұзарады.

Сонымен бірге құрылғылар Qualcomm® FastConnectTM 7800 Mobile Connectivity System жүйесімен Wi-Fi 7-ні қолдайды. Xiaomi 13 Pro-мен жабдықталған High Band Simultaneous (HBS) Multi-Link технологиясы 5 ГГц және 6 ГГц жиіліктерінде бір мезгілде қосылуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ 5,8 Гбит/с дейінгі аса жоғары жылдамдықты жүзеге асыруға, кідірістерді азайтуға және желі.2 мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, Xiaomi 13 Dual Band Simultaneous (DBS) Multi-Link технологиясымен жабдықталған, сондай-ақ желінің жылдамдығын 3,6 Гбит/с дейін жүзеге асыруға қабілетті.

Xiaomi 13 пен Xiaomi 13 Pro Xiaomi Surge аккумуляторын басқару жүйесімен жабдықталған, мұнда Xiaomi компаниясымен әзірленген Surge зарядтау чипі қызмет ету мерзімін ұлғайту және жұмыс сапасын арттыру үшін пайдаланылады. Сыйымдылығы 4500 мАсағ батареямен жабдықталған, сол қуаттағы ең жоғары энергия тарату тығыздығы бар Xiaomi 13-тің заряды күні бойына оңай жетеді. Сонымен бірге ол қуаты 67 Вт сымды турбо зарядтау мен қуаты 50 Вт сымсыз турбо зарядтауды қолдайды. Xiaomi 13 Pro небәрі 19 минут ішінде 100%-ға дейін зарядталуға қабілетті, 120 ваттық HyperCharge қолдауы бар, аса сыйымды 4820 мАсағ аккумуляторыен мақтана алады.

Минималистік дизайны және өз класында ең үздік дисплейі бар премиум-класының флагманы

Xiaomi 13 пен Xiaomi 13 Pro олардың қуатты технологиялық мүмкіндіктерін ашып көрсететін мүлдем жаңа минималистік дизайндарымен ерекшеленеді.

Xiaomi 13 қара, ақ және жасыл (Flora Green) сияқты классикалық және әсерлі түстерімен қолжетімді. Xiaomi 13-тің жиектері тегіс және артқы панелі 2,5 D иілген стильді жалпақ экран дизайны бар. Тартымды және қолға ұстауға ыңғайлы, Xiaomi 13 экраны мен корпусының керемет қатынасы 93,3%, ал ультра жұқа жиектері мен иекшесінің қатынасы 1,61 мм, бұл қарау кезінде керемет әсерлермен қамтамасыз етеді, әсіресе осы өлшемдегі құрылғы үшін. Үлкен 6,36 дюймдік FHD+ AMOLED дисплейімен жабдықталған Xiaomi 13 энергияны аз тұтынуы кезінде E6 AMOLED материалының арқасында контент суретін түс пен жарықтықтың ең жоғары дәлдігімен қамтамасыз етеді.

Xiaomi 13 Pro-ның, екінші жағынан, оның бірыңғай сыртқы түрін қамтамасыз етіп, камераларға бірқалыпты көшетін 3D иілген керамикалық корпусы бар. Ол мына екі түсте шығарылады: Керамикалық ақ және Керамикалық қара. Сонымен бірге ол қолға ұстауға қолайлы. 120 Гц жиілігі бар WQHD+ AMOLED дисплейімен жабдықталған осы 6,73 дюймдік үлкейтілген экран — нағыз ғажап. Сол E6 материалының арқасында ол бүкіл экранға 1200 нит жарықтыққа және 1900 нит ең жоғарғы жарықтыққа жетуге, сондай-ақ TrueColor көмегімен түстерді анық көрсетуге қабілетті. Dolby Vision®, HDR10+, HDR10, НLG және Dolby Atmos® қолдауының арқасында құрылғы шынымен де қызықты аудиовизуалды сезіммен қамтамасыз етеді.

Екі құрылғы да IP68 стандарты бойынша шаң мен суға төзімді, оңтайлы қорғаныс пен жан тыныштығын қамтамасыз етеді.

 Жаңа өнімдердің қолжетімділігі

 Қазақстанда Xiaomi 13 20 наурызда сатылымға шығады, сондай-ақ Xiaomi Stores, Sulpak, Мечта, Белый Ветер, Технодом, DNS, Alser, Fora, Evrika және Freedom Mobile сауда желілерінде қолжетімді болады. 20-31 наурыз аралығындағы кезеңде әрбір Xiaomi 13 сатып алушысы Xiaomi Watch S1 смарт сағатын сыйлыққа алады. Смартфонға алдын ала тапсырысты 13-19 наурыз аралығында ресімдеуге болады. Тапсырысты ресімдеген сатып алушылар Xiaomi Watch S1 Active смарт сағаты мен Redmi Buds 4 Pro сымсыз құлаққаптарын сыйлыққа ала алады. Қазақстанда Xiaomi 13 бағасы 8+256 ГБ нұсқасы үшін 519 990 теңгені және 12+512 ГБ нұсқасы үшін 549 990 теңгені құрайды.

Xiaomi 13 Pro сатылымы да 20 наурызда басталады. Қазақстанда 12+512 ГБ ең үлкен нұсқасының бағасы 749 990 теңгеге ұсынылатын болады. 20-31 наурыз аралығындағы кезеңде Xiaomi 12 Pro сатып алушылары Xiaomi Watch S1 Pro ақылды сағатын сыйлыққа алады, ал 13-19 наурыз аралығында алдын ала тапсырысты ресімдегендер Xiaomi Watch S1 Pro смарт сағаты мен Redmi Buds 4 Pro сымсыз құлаққаптарын сыйлық ретінде алады. Жаңа өнім келесі сауда желілерінде қолжетімді болады: Xiaomi Stores, Sulpak, Мечта, Белый Ветер, Технодом, DNS, Alser, Fora, Evrika және Freedom Mobile.

Жақын арада Қазақстанда Xiaomi-дің жаңа экожүйелік құрылғыларының сатылымы басталады.

Xiaomi Buds 4 Pro сымсыз құлаққаптары 20 наурызда сатылымға шығады, олардың бағасы 119 990 теңге. Xiaomi Watch S1 Pro ақылды сағаты дүкендерге 21 наурызда келіп түседі, оның бағасы 169 990 теңге. Ақыр соңында Xiaomi Truclean W10 Pro Wet Dry Vacuum сымсыз шаңсорғышы Қазақстанда 21 наурыздан бастап 329 990 теңгеге қолжетімді болады. Экожүйелік жаңа өнімдерді тұрмыстық электрониканың барлық ірі бөлшек сауда желілерінен сатып алуға болады.