Қазақстан энергетикалық өтпелі кезеңінің инвестициялық платформасын құрғанын жариялады

Астанада өткен Өңірлік экологиялықсаммит (ӨЭС2026) аясында Қазақстан климаттың өзгеруіне экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсаттарына жету үшін энергетикалық өтпелі кезеңінің инвестициялық платформасын (QaJET) құрғанын жариялады.

QaJET елдің 2035 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің кемінде 10 ГВт жаңа қуатын іске қосу арқылы таза энергияға көшуді жеделдетуге деген міндеттемесін көрсетеді. Бұл мақсатқа жету шамамен 20 миллиард АҚШ доллары (17,4 миллиард еуро) мөлшерінде мемлекеттік және жекеменшік сектор инвестицияларын тартуды көздейді және жылына 20 миллион тоннадан астамғпарниктік газдар шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл елдің энергетика секторынатиесілі парниктік газдар шығарындыларының шамамен 7%-ына тең.

Өзара түсіністік туралы меморандумға Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев және ЕҚДБ-ның Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Озхан қол қойды. Аталған құжатQaJET платформасын енгізуді қолдау үшін халықаралық қаржы институттарымен, донорлармен, қайырымдылық ұйымдарымен және жеке инвесторлармен ынтымақтастық орнатуға негіз қалайды.

QaJET платформасын құру ауыр көміртекті өнеркәсіптің жоғары үлесімен және электр энергиясын өндіру үшін көмірге айтарлықтай тәуелділігімен сипатталатын Қазақстан экономикасы үшін маңызды кезеңдік қадам.  Қазақстан Үкіметінің сұрауы бойынша ЕҚДБ Энергетика министрлігі мен Экология және табиғи ресурстар министрлігіне QaJET платформасының тұжырымдамасын әзірлеуде қолдау көрсетті және оны іске асыруды ұлттық және халықаралық серіктестермен бірлесіп іске асыруды үйлестіруді жалғастырады.

QaJET платформасы Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге бұрынғы міндеттемелерін, сондай-ақ оның Ұлттық деңгейде айқындалатын үлесімен (ҰДАҮ) белгіленген парниктік газдардың таза шығарындыларын 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2030 жылға қарай 25%-ға азайту бойынша мақсаттарын растайды.

Сонымен қатар, QaJET-ті енгізу елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, экономикалық бәсекеге қабілеттілік пен тұрақтылықты арттыруға және жаңартылатын энергия көздері мен онымен байланысты қызметтер үшін жоғары технологиялық компоненттердің жергілікті өндірісін ынталандыруға ықпал етеді.

QaJET платформасы шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

  • жылумен жабдықтау секторындағы пилоттық шешімдерді қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру бойынша жаңа қуаттарды іске қосу;
  • жоғары кернеулі желілерді жаңғырту, тарату желілерін жаңарту және энергия сақтау жүйелерін енгізуді қоса алғанда электр энергиясын беру және тарату желілерін дамыту мен жаңғыртуға жұмылдыруға инвестицияларды қолдау;
  • бизнесті, шағын және орта кәсіпорындарды және үй шаруашылықтарын электрлендіру;
  • әділ көшуді қолдау, білімді дамыту, технологияларды беру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу.

ЕҚДБ бұл жұмыста Банктың бұрын қолдаған ұқсас платформаларыны , соның ішінде: Египеттегі су-азық-түлік-энергия инвестициялық платформасының (энергетикалық компонент), Солтүстік Македониядағы Әділетті энергетикалық көшу жөніндегі инвестициялық платформасының (JETIP) және Түркияның өнеркәсіптік декарбонизациялау жөніндегі инвестициялық платформасының (TIDIP) тәжірибесіне сүйенетін болады.

Бүгінгі күнге дейін ЕҚДБ 345 жоба арқылы Қазақстанға шамамен 12 миллиард АҚШ доллары (10,2 миллиард еуро) мөлшерінде инвестиция салды, бұл елді Орталық Азиядағы ЕҚДБ инвестициясының ең ірі және ең ұзақ мерзімді инвестиция алушысы етеді.