Қазақстан Үндістанда өтіп жатқан Гуджарат саммитіне қатысты
2024 жылдың 10-12 қаңтар аралығында Үндістанда өтіп жатқан «Динамикалық Гуджарат» 10-ші жаһандық саммитінің елдік отырысында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев сөз сөйледі. Саммиттің тақырыбы — «Индустрия 4.0 – өнеркәсіптік революция, технология және инновация: инклюзивті өсуге және тұрақты дамуға көшуге жәрдемдесу».
Гуджарат саммиті Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модидің бастамасымен 2003 жылдан бері Гандинагар қаласында өткізіліп келеді. Оның алаңында қатысушы елдер әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен шетелдік инвестиция үшін перспективалы жобаларды талқылайды.
Ақпан айында Қазақстан мен Үндістан дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері ынтымақтастықтың 32 жылдығын атап өтеді. Біздің елдеріміз БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК, Орталық Азия-Үндістан диалогы сияқты ірі халықаралық ұйымдар аясында өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда қатынастары одан әрі дамып келеді. 2022 жылыөзара тауар айналымы 2,5 миллиард долларға жетті. Сонымен қатар, 2023 жылдың 10 айында елдеріміз арасындағы сауда көлемі 811,2 миллион долларғадейін қысқарды, бұл 2020-21 пандемия жылдарындағы деңгейге сәйкес келеді.
«Қазақстан Үндістанның Орталық Азия елдері арасындағы негізгі сауда серіктесі болып табылады және қосымша 148,1 млн долларға тауарайналымын арттыруға дайын. Энергетика саласындағы елеулі табиғи ресурстарға ие бола отырып, біздің еліміз Үндістан үшін мұнай, газ және басқа да энергия ресурстарын жеткізуде сенімді әріптес болып табылады. Өз кезегінде Үндістанның ауқымды нарығы қазақстандық тауарлар мен қызметтерді экспорттаушылар үшінқызықты», — деді Қайрат Төребаев өз сөзінде.
Атап айтқанда, қазақстандық кәсіпорын дарметаллургия, химия, тамақ, Құрылыс және машина жасау салаларының өнімдерін жеткізуді ұлғайта алады.
Пленарлық отырыс барысында Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі елдер арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету, сондай-ақ өсу әлеуеті зор салаларда өзара инвестицияларды ұлғайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру қажеттігін айтты. Ынтымақтастықты кеңейту үшінең перспективалы жобалар цифрландыру, инновациялар, денсаулық сақтау, білім беру және туризм салалары болуы мүмкін.
Бүгінде Қазақстанда үнді капиталының қатысуымен 400-ге жуық заңды тұлға тіркелген. Соңғы 25 жылда Үндістаннан Қазақстанға келгентікелей шетелдік инвестиция ағыны 414 миллион долларды құрады.
Еліміз өз тарапымыздан үнділік инвесторларды тарту және өзара тиімді іскерлік байланыстарды дамыту үшін барлық жағдайды жасауда.
Қазақстанға кіру бойынша шектеулер алынды және 91 елдің азаматтары үшін визасыз режимді жаңартты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визалық және көші-қон порталы арқылы электронды визалар беру қызметін іске қосты. 2022 жылдан бастап Үндістан азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим ашылды.
Гуджарат саммиті аясында Қайрат Төребаев үнді тарапының өкілдерімен Астанада сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өндірістік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Үндістан үкіметаралық комиссиясының 15-ші отырысын өткізу мәселесін талқылады. ҮАК-тыңалдыңғы отырысы 2022 жылдың маусымында Нью-Делиде өткен болатын.