«Касперский Зертханасы» және «Павлодар облысы әкімдігінің Цифрлық технологиялар басқармасы» ММ интернеттегі балаларды қорғау бойынша бірлескен жобаны аяқтады

«Касперский Зертханасы» және «Павлодар облысы әкімдігінің Цифрлық технологиялар басқармасы» ММ әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды киберқорғауға бағытталған пилоттық жобаны аяқтады.

Реттеушімен бірлескен бастама барысында жасөспірімдері құқық бұзушылық жасаған Павлодар облысының отбасыларына Kaspersky Safe Kids * тегін лицензиялары берілді. Бұл кез-келген құрылғыға, соның ішінде смартфондар мен планшеттерге орнатуға болатын балалардың онлайн қауіпсіздігі үшін шешім болып табылады.

Қазіргі балалар өмірінің маңызды бөлігі гаджеттерде шоғырланған. Дегенмен, жас пайдаланушылар әрқашан олармен қалай қауіпсіз жұмыс істеу керектігін біле бермейді. * * «Касперский зертханасы» сауалнамасы көрсеткендей, цифрлық мінез-құлық ережелері туралы білімнің болмауы отбасындағы атмосфераға әсер етуі мүмкін. Ата-аналардың үштен бірі (36%) баланың электронды құрылғыны қолдануы жанжалға алып келеді деп мәлімдеді. Сонымен қатар, басым жағдайда (66%) себеп экран алдында тым ұзақ болуы болған.

Жас пайдаланушылардың жартысынан көбі (56%) интернетте күніне 1 — ден 4 сағатқа дейін уақытын, ал олардың төрттен бір бөлігі (23%) барлық бос уақыттарын өткізеді. Алайда, баланың интернетте қанша уақыт болғанына қарамастан, цифрлық ортаға қауіпсіз «енуін» қамтамасыз ету: цифрлық сауаттылық негіздерін үйрету, сонымен қатар техникалық қорғаныс құралдарымен — арнайы онлайн қауіпсіздік шешімдерімен сүйемелдеу маңызды.

Өскелең ұрпақ желіде тек пайдалы ақпарат көздерімен ғана емес, сонымен қатар кибер алаяқтардың әрекеттерімен, сондай-ақ зиянды контентпен де бетпе-бет келуі мүмкін екенін ескере отырып Павлодар облысы Білім басқармасының, «Отбасы және балалар. Павлодар» облыстық қоғамдық бірлестігі өкілдері және Павлодар облысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық тобы, Павлодар полициясының учаскелік инспекторлары жобаның нәтижелерін жоғары бағалады.

«Балалардың ата-аналары да Kaspersky Safe Kids шешімінің тиімділігі туралы оң пікірлерімен бөліскенін атап өткім келеді. Жоба нәтижелері бойынша олар қосымшаны стационарлық компьютерлерге де, балалардың мобильді құрылғыларына да орнату оңай болғанын хабарлады. Жасөспірімдер арасында қажетсіз ресурстарға көшу жағдайлары айтарлықтай төмендеді, бұл шешімнің жоғары қорғалуымен шартталған. Көптеген отбасылар ата-ана бақылауын, мысалы, баланың гаджетпен өткізген уақытын басқаруды пайдалану тәжірибесін оң деп санады. Осындай бастамалардың көмегімен біз компанияның барлық аумақтарында, соның ішінде Қазақстанда ақпараттық қауіпсіздік пен киберсауаттылықты дамыту деңгейін арттыруға тырысамыз», — деп Қазақстандағы, Орталық Азия мен Моңғолиядағы «Касперский Зертханасының»  басқарушы директоры Валерий Зубанов түсіндірді.

 «Цифрлық технологиялар басқармасы кибергигиена мен балаларды желідегі дұрыс мінез-құлыққа, соның ішінде жеке ақпаратты қорғауға, ықтимал қауіптерді анықтауға және болдырмауға үйретудің маңыздылығын мойындайды және салауатты цифрлық қоғамды қалыптастыру қажеттілігін көрсетеді. Біз қоғам үшін осындай маңызды жобада «Касперский зертханасымен» ынтымақтастыққа қуаныштымыз», — деп Павлодар облысы Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Елнұр Рахымбердіұлы Өтебаев бөлісті.

Тараптан сарапшыларының пікірлері

«Интернетті дұрыс пайдаланған жағдайда, ол баланың дамуы мен біліміне оң әсер етеді. Балалар әлеуметтік желілерде ақпаратпен алмасады және бөліседі, оқу және ойын-сауық материалдарын іздейді. Сонымен қатар, балалар онлайн-ортада ықтимал қауіпті мазмұнға немесе байланыстарға тап болуы мүмкін немесе олардың жеке деректерінің бұзылуынан, сондай-ақ кибербуллингтен және интернеттегі зорлық-зомбылықтың басқа түрлерінен зардап шегуі мүмкін. БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитеті коммерциялық емес ұйымдарды қоса алғанда, кәсіпкерлік сектор цифрлық ортаға байланысты қызметтер мен өнімдерді ұсыну кезінде балалардың құқықтарына тікелей және жанама әсер ететінін және оларды балалардың құқықтарын сақтауға, сондай-ақ балалардың қауіпсіз және пайдалы цифрлық қызметін қолдау үшін ашық ақпарат пен қолжетімді және уақтылы ұсыныстар беруге шақыратынын атап өтеді. ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы кеңсесі балаларды онлайн-ортада неғұрлым кешенді қорғау үшін мемлекеттік органдармен, азаматтық сектормен және бизнес-құрылымдармен ынтымақтасады», — деп Қазақстандағы (ЮНИСЕФ қандай да бір компанияны, брендті, өнімді немесе қызметті насихаттамайды) БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілінің  м.а. Летисия Баззи-Вейл толықтырады.