Қазақстанда алғашқы толық электрлік Porsche Macan дебют жасады
Orbis Auto автомобиль тобының құрылымына кіретін Қазақстандағы Porsche ресми импорттаушысы толық электрлік Macan моделінің екінші буынын таныстырды. Қазақстандық нарықта толық электрлік Porsche Macan барлық қолжетімді төрт модификацияда – Macan, Macan 4, Macan 4S және Macan Turbo ұсынылғаны атап өтілді. Автокөліктер Porsche Center Almaty және Porsche Center Astana-да тапсырыс беру үшін қолжетімді.
Қазақстанда толық электрлік кроссовердің құны Macan модификациясы үшін 85 505 еуродан басталады. Macan 4 модификациясының бағасы 89 340 еуродан басталады. Macan 4S құны 96 953 еуродан, ал Macan Turbo 123 915 еуродан басталады.
«Porsche Macan толық электрлік жаңа буынының сәнді және серпінді модификациялары қазақстандық сатып алушыларға қолжетімді. Брендтің үздік дәстүрлері бойынша олар жайлылықтың, ыңғайлылықтың және инновацияның жаңа стандартын беруге дайын»— дейді Porsche-тың Қазақстандағы ресми импорттаушысының директоры Гаухар Габдрахимова.
Қуаты 470 кВт (639 а.к.) дейінгі күштік агрегаттары бар жаңа Macan кез келген жол төсемінде электр өнімділігін және күнделікті тиімділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Спорттық көлікпен салыстырылатын техникалық көрсеткіштер қуаты 270 кВт-қа дейінгі жоғары өнімді жылдам зарядтаумен және 613 км-ге (WLTP) дейінгі жүріс қорымен толықтырылған.
Жаңа толық электрлік Macan Porsche жоғары тиімділік пен оңтайлы қуат беретін алдыңғы және артқы осьтерге тұрақты жетегі бар PSM электр қозғалтқыштарының соңғы буынын пайдаланады. Техникалық сипаттамалар түсіндіруді қажет етпейді: Launch Сontrol жүйесімен Macan 4 қуаты 300 кВт (408 а.к.) дейін жетеді, ал Macan Turbo қуаты 470 кВт (639 а.к.) жетеді. Максималды айналу сәті сәйкесінше 650 және 1130 Нм құрайды, бұл керемет динамикалық өнімділікке кепілдік береді. 641 км-ге дейін жүріс қоры бар Porsche Macan модельдік желісінің ең жылдамы – бар болғаны 3,3 секундта 0-ден 100 км/сағ-қа дейін жылдамдықты арттыратын Macan Turbo моделі. Macan 4 — 5,2 секундта 100 км/сағ дейін қарқындайды. Бұл модельдердің максималды жылдамдығы 260 және 220 км/сағ сәйкес келеді.
800 вольтты архитектурасы бар жаңа PPC платформасы
Электр қозғалтқыштары сыйымдылығы 100 кВт/сағ литий-ионды аккумулятормен жұмыс істейді, соның ішінде 95 кВт/сағ дейін белсенді пайдалануға болады. Бұл жоғары вольтты аккумулятор Porsche жаңа Macan-да алғаш рет қолданған 800 вольтты архитектурасы бар жаңа PPE платформасының (Premium Platform Electric) негізгі құрамдасы болып табылады. Тұрақты тоқтан зарядтау қуаты 270 кВт-қа жетеді. Жылдам зарядтау станциясында аккумуляторды небәрі 21 минут ішінде 10%-дан 80%-ға дейін зарядтауға болады. 11 кВт-қа дейін айнымалы тоқпен зарядтау үйдегі зарядтау құрылғылардың көмегімен мүмкін болады. WLTP циклі бойынша жүріс қоры Macan 4 үшін 613 км-ге дейін және Macan Turbo үшін 591 км-ге дейін құрайды.
Спорттық пропорциялар және «купе» сызықтары
Porsche-нің мінсіз анық пропорциялары мен жаңартылған дизайн тұжырымдамасының арқасында жаңа Macan модельдері әсерлі көрінеді. Жаңа Macan Porsche тобының фирмалық стилімен оңай танылады. Сонымен қатар, Porsche-нің классикалық пропорциялары жетілдіріліп, электромобильдердің талаптарына оңтайлы бейімделді, бұл Macan-ның спорттық, заманауи және динамикалық келбетін одан әрі күшейтеді.
Капоттың көлбеуі және айқын қанаттары жол талғамайтын көлікке статикалық күйде де динамикалық көрініс береді. Оның ұзындығы — 4784 мм, ені — 1938 мм және биіктігі — 1622 мм. Жаңа Macan диаметрі 22 дюймге дейінгі дөңгелектермен жабдықталған, алдыңғы және артқы осьтерде әртүрлі өлшемдегі шиналар бар. 86 мм-ге ұлғайтылған дөңгелекті база (2893 мм) алдыңғы және артқы жағындағы қысқа ілмектермен бірге модельдің спорттық сипатын көрсетеді. Фаралар екі блокқа бөлінген: төрт нүктелі күндізгі шамдары бар жоғарғы жалпақ блок қанаттарға кіріктірілген, ал матрицалық жарықдиодтары бар негізгі модуль сәл төменірек орналастырылған. Flyline шанағының фирмалық сызығы жалпақ артқы тереземен жалғанады. Жақтаусыз терезелермен және өзіндік бүйірлік жармалармен үйлестікте барлығы бірге әдемі спорттық бейне жасайды.
Жүрістің алшақтығына арналған белсенді және пассивті аэродинамика
Porsche танымал дизайн ДНҚ-сы мен жүрісті ұлғайту үшін оңтайландырылған аэродинамиканы сәтті біріктіреді. Белсенді және пассивті элементтерді, сондай-ақ 0,25 қарсыласу коэффициентін қамтитын Porsche белсенді аэродинамикалық жүйесі (PAA) жаңа Macan-ды нарықтағы ең аэродинамикалық жол талғамайтын көліктердің біріне айналдырады.
Екі багаж секторы және кең салон
Жаңа Macan күнделікті қолданудағы қолайлықты, жоғары техникалық сипаттамаларды, инновациялық жабдықты және кең салонды қамтиды. Модельдің электрлік нұсқасында багажға арналған кеңістік ұлғайтылды: багаж бөлігінің көлемі модель мен жиынтықтауға байланысты 540 литрге жетуі мүмкін. Капоттың астында көлемі 84 литр құрайтын қосымша багаж бөлімі бар, бұл алдыңғы модельге қарағанда 136 литрге көп. Артқы орындықтың арқасы толығымен жиналған кезде артқы бөліктің көлемі 1348 литрге дейін артады. Жаңа Macan-нің тиімділігі 2000 кг максималды буксирлік қабілетімен толықтырылған.
Жүргізуші мен алдыңғы жолаушының отырғышы 28 мм-ге, ал артқы жолаушылардың отырғышы 15 мм-ге түскен, яғни бұл аяқты созуға болатындай орынды кеңейтеді. Сонымен қатар, салонның интерьері жеңілдікті, әсемдікті және технологиялылықты үйлесімді түрде үйлестіретін Porsche фирмалық стилін сақтап қалған. Сандық интерфейстер желдету мен кондиционер және басқа да сол сияқты басқарудың ұқсас элементтерімен жақсы үйлеседі. Интерьер мен есіктің әрлеуіне біріктірілген жарықдиодты жарықтандыру жүйесі, жарықтандыру мен байланыс функциясын орындайды. Ол сәлемдесу немесе зарядтау сияқты ақпаратты немесе ескертулерді көрсете алады.
Driver Experience: жоғары есептеуіш қуаты және қосылу мүмкіндіктері
Жаңа Macan дисплеймен және үш экранды соңғы буынды басқару жүйесімен жабдықталған, оның ішінде 12,6 дюймдік аспап-бақылау панелі және 10,9 дюймдік орталық дисплей бар. Алғаш рет жолаушы көлік қозғалысы кезінде де ақпараттық ойын-сауық жүйесінің баптауларын басқара алатындай, ақпаратты көре алып немесе бейнеконтентті қосымша 10,9 дюймдік экранда тарата алатындай мүмкіндікке ие болды. Сондай-ақ Porsche Driver Experience жүйесіне алғаш рет толықтырылған шындық технологиясы бар проекциялық дисплей кіреді.
Артқы осьті рульдік басқару және екі клапанды амортизаторлары бар алғашқы Macan
Macan моделін әзірлеу кезінде Porsche компаниясы жүргізудің фирмалық динамикасына және рульдік басқарудан болатын әсерленулерге назар аударды. Сонымен, Macan шынайы уақытта қуатты электроникамен басқарылатын электр моторлары бар толық жетекпен жабдықталған. Porsche тартымын басқарудың электронды жүйесі (ePTM) дәстүрлі жүйелерге қарағанда бес есе жылдам жұмыс істейді және батып қалған жағдайда 10 миллисекундта әрекет етеді. Сонымен қатар, тартылымды тарату таңдалған жүргізу режиміне байланысты реттеледі. Porsche Plus айналу сәтін векторлау жүйесі (PTV Plus) — артқы ось дифференциалының электронды бұғаттау — Macan Turbo ілінісін, тұрақтылығын және көлденең динамикасын жақсартады.
Turbo нұсқасының стандартты жабдықталуына кіретін пневматикалық ілмесі бар Мacan болат серіппелермен үйлесімді Porsche ілмесін белсенді басқару жүйесімен (PASM) толықтырылған. PASM-де екі клапанды технологиясы бар амортизаторлар қолданылады, бұл жүргізу режимдерінің арасындағы айырмашылықтарды одан да айқын етеді.
Macan үшін бірінші рет артқы осьте бес градусқа дейінгі максималды бұрылу бұрышы бар қосымша рульдік басқару жүйесі қол жетімді. Бұл қала бойынша қозғалу кезінде және маневр жасау кезінде 11,1 метрге бұрылу радиусын, сондай-ақ жоғары жылдамдықта жоғары тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Айта кету керек, 2014 жылдан бастап Porsche бүкіл әлем бойынша 800 000-нан астам данада Macan жеткізді. Бұл жетістік тарихын Лейпцигтегі Porsche зауытында көміртегінің нөлдік шығарындылары бар өндірісте шығарылатын толық электрлік көлік жалғастырады.