Қолжетімді бағадағы тамаша дыбыс сапасы — HUAWEI FreeBuds 5i сымсыз құлаққаптары

Huawei Қазақстанда шуды азайтудың белсенді жүйесі бар HUAWEI FreeBuds 5i жастарға арналған сымсыз құлаққаптар сатылымының басталғаны туралы хабарлайды. Жаңа құлаққаптар әр түрлі музыканы тыңдауға, фильмдерді қарауға, мобильді ойындарға және онлайн әрекеттерге өте ыңғайлы. Портативті және ыңғайлы HUAWEI FreeBuds 5i жастардың кез келген қажеттіліктерін қанағаттандырып, өзінің құндылығымен таң қалдырады.

Қазақстанда HUAWEI FreeBuds 5i құлаққаптарының сатылымы 2023 жылдың 6 наурызында арнайы баға 34 990 теңгеден басталады. Модель сұр-көк, қара гранит, керамикалық ақ.түсте болады Жаңа өнімді және басқа HUAWEI өнімдерін компания серіктестері Mechta, Sulpak, Technodom сайттарынан, сондай-ақ Kaspi.kz сайтындағы Huawei Official Store ресми интернет-дүкенінен сатып алуға болады.

Hi-Res сертификаты: Керемет дыбыс сапасына ие болыңыз

Жоғары дыбыс сапасының арқасында HUAWEI FreeBuds 5i құлаққаптары өз баға сегментінде Hi-Res wireless audio сертификатының бірнеше иегерлерінің бірі болды.

HUAWEI FreeBuds 5i LDAC™ HD аудио кодектерін қолдайды, ол 990 Кбит/с және 24 бит 96 кГц дыбысқа дейін керемет жылдам тасымалдауды қамтамасыз етеді. Осылайша, сигналдар кедергісіз беріліп, бірдей уақыт ішінде құлаққапқа тезірек жетеді. Жаңа HUAWEI құлаққаптарын пайдаланушылар шынайы және зор дыбысты композицияларды тыңдай алады.

HUAWEI FreeBuds 5i жоғары динамикалық диапазон мен үлкен амплитуданы қамтамасыз ете отырып, анық бас және жақсы дыбысты жеткізу үшін 10 мм жоғары сезімталдықты динамикалық драйверді ұсынады. Жас тыңдаушыларға жоғары дыбыс жиілігі бар музыка ұнайды ма, әлде жоқ па, оған қарамастан HUAWEI FreeBuds 5i кез келген жанды жоғары дыбыс сапасымен қанағаттандырады.

Сонымен қатар, HUAWEI FreeBuds 5i қос адаптивті эквалайзермен жабдықталған. Енді пайдаланушы музыка тыңдаған кезде құлаққаптар құлақ арнасының құрылымын да, пайдаланушының орнын да анықтайтын алгоритмді ақылды түрде оңтайландырып, тұрақты тыңдауды қамтамасыз етеді. Барлық факторларды ескере отырып, іс жүзінде барлық жиілік диапазонында дыбысты оңтайландырады.

Пайдаланушы ойынды жатып ойнаса да,  отырып драма көрс де немесе серуендеу кезінде ән тыңдаса да, олар анық және үздіксіз тыңдау тәжірибесін пайдалана алады.

Шуды тиімді азайту

 HUAWEI FreeBuds 5i сыртқы шуды анықтау үшін ішкі және сыртқы жағында екі микрофонмен жабдықталған гибридті шуды азайту технологиясын пайдаланады. Бұл мүмкін болатын ең жақсы өнімділікті және шуды 42 дБ дейінгі барынша азайту тереңдігін қамтамасыз етеді. Сырттан келетін шуды болдырмау үшін сыртқы шуды болдыртпау тетігін қосыңыз.

HUAWEI FreeBuds 5i құлаққаптарын таққан кезде әуежай, метро станциясы, мейрамхана, кеңсе немесе тыныш үй секілді орта болсын, кез келген әсерді қоршаған ортаға бейімдеу үшін Ultra, General и Cozy шуды азайту тәртібінің бірін таңдауға болады. Тәртіп арасын ауыстыру бір мәрте басу арқылы жүзеге асырылады.

HUAWEI FreeBuds 5i керемет дизайны болашақ құлаққапты пайдаланушылар үшін маңызды стиль элементі болып, олардың әлеуметтік желідегі ізбасарларының назарын аударады, ал қос құрылғы қосылымы және батареяның ұзақ қызмет ету мерзімі құлаққаптарды пайдалану тәжірибесін барынша ыңғайлы етеді.