АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақ ұлттық өнер университетінде қонақ болды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен, Астанаға сапары барысында, мәдениет пен өнер саласында және қазақ өнерінің дәстүрлі түрлерін жаңғыртуда дарынды мамандардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған Қазақ ұлттық өнер университетіне барды.
Мемлекеттік хатшыны Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, халық әртісі, профессор Айман Мусаходжаева құттықтап, қазақ музыкасына қызығушылық танытқаны және іс-сапар кезінде қарбалас жоспарға қарамастан, университетке уақыт тауып келгені үшін алғысын білдірді.
Мемлекеттік хатшы қазақ халқының мәдениетінде маңызды орын алатын дәстүрлі музыкалық аспаптар туралы біліп, олардың ерекше үнін тыңдады.
Дәл осы шараның маңыздылығы бар. Себебі хатшы Блинкен музыканы жақсы көреді, әрі гитарада ойнайды. Мемлекеттік хатшы, сонымен қатар, Spotify-да тіркелген ABlinken деп аталатын тобының парақшасын жүргізеді, онда ол өзіне ұнайтын әуендермен, әлемді шарлап, естіген әндерімен бөліседі.
Ердана Ержанұлы арнайы «Оян!» таңғы бағдарламасы үшін Мемлекеттік хатшының Қазақстанға алғашқы сапары, сондай-ақ оның музыкаға деген сүйіспеншілігі туралы көбірек білуге тырысты.