HONOR Қазақстанда 100Мп камералы смартфонын таныстырды

Қазақстанда жаңа HONOR X8a смартфоны ұсынылды. Жіңішке әрі жеңіл корпус, 93,6% пайдалы ауданы бар 6,7 дюймді FullView-экран және 100 Мп сенсоры бар, үштік негізгі камера, жоғары класты тұтынушылық тәжірибені және сөйлесуден, ойындардан, контент көруден, қосымшаларды қолданудан ләззат алуды қамтамасыз етеді.

Стильді дизайн және сапалы экран

HONOR X8a сатылымға ерекше үш түсте шықты: «күміс-титан түстес» және классика жақтастарына арналған «түндей қара түсті», сондай-ақ HONOR X смартфондарының сериясы үшін жаңа «көгілдір аспан түстес». Арқа жағы тегіс және жиегі тік корпус 7,48 мм қалыңдықпен ерекшеленеді, смартфон салмағы 179 г құрайды. Бұның бәрі HONOR X8a смартфонын эргономикалық және күнделікті пайдалануға ыңғайлы етеді.

Жаңарту жиілігі 90 Гц және пайдалы ауданы 93,6% құрайтын 6,7 дюймді FullView-экран контентті ыңғайлы көруге, ойын ойнауға және қосымшалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. HONOR экранының фирмалық калибрлеуі JNCB<1 онша көзге көрінбейтін айырмашылықтар көрсеткішімен, түстің дәл берілуін және түс температурасын қамтамасыз етеді. Көк түстің деңгейін төмендету бойынша, TÜV Rheinland сертификаты, смартфоннның кешке және түнде ыңғайлы пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Сенсоры 100 Мп негізгі үштік камера

HONOR Х8a үштік камерасы жоғары сапалы фотосурет пен бейне жазуды қамтамасыз етеді. Жасанды интеллект технологиялары, сахнаға қарай оңтайлы түсірілім   параметрлерін таңдау арқылы, шығармашылық процеске көмектеседі. HONOR X8a негізгі камерасы 100 мегапиксельді егжей-тегжейлі түсірілім жасау үшін, ИИ-алгоритмдерін қолдайтын арнайы HIGH-RES түсіру режимін қолдайды. Негізгі камераны 5 Мп кең бұрышты модуль және 2 Мп макро-модуль толықтырады. 16 Мп алдыңғы камера да селфи мен бейне байланыстың барынша анықтығы мен егжей-тегжейін қамтамасыз етеді.

«HONOR X смартфондар сериясы, қазақстандықтар үшін сұранысқа ие, әрі көңілден шығатын болып танылды. Сондықтан да, біз серіктестеріміздің дүкендерінің сөрелерінде модельдік қатарды кеңейту туралы шешім қабылдадық», — деп түсіндірді Қазақстандағы HONOR аймақтық директоры Джонибек Вэй: «HONOR X8a қуатты камерасы бар стильді құрылғыға ие болғысы келетіндер, бірақ ол үшін көп төлеуге дайын емес пайдаланушылар үшін тамаша шешім. Оны, бүкіл Қазақстан бойынша HONOR өнімдерін сатудың 130 нүктесінің бірінен, сатып алуға болады»

  132

Озық аппараттық және бағдарламалық шешімдер  

Смартфон 6 Гбайт жедел жады және сыйымдылығы 128 ГБ тұрақты жады бар өнімді және энергия тиімді сегіз ядролы MediaTek Helio G88 процессоры негізінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, HONOR X8a тиімді көп тапсырманы орындау және фондық процестерді орындау үшін, жедел жадты кеңейту технологиясын қолдайды.

Смартфон күні бойы белсенді пайдалану үшін 4500 мАсағ батареямен жабдықталған. Толығымен зарядталған батарея 13 сағатқа дейін музыканың берілу ағынын, 13,5 сағат бейнелердің көрсетілуін, 11 сағат бейне роликтерді көруді, немесе 16 сағат әлеуметтік желілерде контент көруді қамтамасыз етеді.

Android 12 негізіндегі Magic UI 6.1 өнімділікті жақсарту үшін интеллектуалды мүмкіндіктер ұсынады: HONOR Share технологиясымен және «Мультиэкран» режимімен HONOR X8a смартфоны файлдарды жылдам тасымалдау, құжаттарды бірлесіп өңдеу, экранды трансляциялау және басқа мүмкіндіктер есебінен, бренд экожүйесіндегі құрылғылармен жұмыс істеу өнімділігін қамтамасыз етеді.

 

Бағасы және қол жетімділігі

«Көгілдір аспан түстес», «күміс-титан түстес» және «түндей қара түсті» HONOR X8a смартфоны 149 999 теңге бағасымен Mechta.kz және Evrika желілік дүкендерде сатылымға шықты. Арнайы ұсыныс 31 наурызға дейін қолжетімді: жаңадан шыққан смартфонды сатып алушылар, HONOR Choice Earbuds X3 Lite TWS-құлаққаптарын сыйлыққа алады.