Қуанышбек Мұқаш Серік Сапиеветің басқа спортшымен жанжалына қатысты пікір білдірді
Мәжіліс депутаттығына кандидат, «Respublica» партиясының мүшесі Қуанышбек Мұқаш Алматыда өткен Naiza 49 аралас жекпе-жек турнирінде бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің балуан Зелимхан Мұсихановпен келіспеушілігіне қатысты пікір білдірді.
«Олимпиада чемпионы Серік Сапиев және менің жерлесім, жас спортшылар арасында түсінбеушілік орын алды. Мен Серікке, біздің чемпионды қолдағым келіп отыр. Негізіде біздің жастар еліміздің әлемдің аренада танылуына, көк туымыздың желбіреуіне көп тер төгіп еңбектенген адамдар барын, оларға құрмет көрсету керегін түсінуі тиіс. Үлкенге құрмет тіпті спорт шарасы өтіп жатса да көрсетілуі керек. Келесі күні әлеуметтік желілер арқылы жас спортшылардың кешірім сұрап тұрған видеосы тарады. Сол үндеуге қарап, олар мұны өз еркімен жасамағанын түсіндім. Адамдарды, әсіресе жастарды жария түрде кешірім сұрауға мәжбүрлеу – дұрыс емес үрдіс. Өйткені ертең оларға қатысты қандай да бір арандату болуы мүмкін, олар чемпионымызға қарсы қандай да бір қасақана әрекетті ойластыруы мүмкін», – деді Қуанышбек Мұқаш.
Оның пікірінше, жеке кездесіп, оңаша кешірім сұрау жеткілікті болар еді.
«Егер олай болмаса, онда бөлек әңгіме. Жастарды ешкім мәжбүрлемей, кешірімді өз еркімен сұраған болса, жақсы. Адамға түзелуге, райынан қайтуға тағы бір рет мүмкіндік беру керек. Баршамызға кеш қайырлы болсын», – деді кандидат.