Көмір өндіруші кәсіпорын Қарағанды облысында көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп келеді
ERG құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ қолдауымен Қарағанды облысында ауқымды көгалдандыру бағдарламасы басталды. Ағаш егу кезінде кәсіпорын қызметкерлері Шұбаркөл көмір кәсіпорынында өндірілетін тыңайтқышты пайдаланды. Тек екі айдың ішінде шұбаркөлдіктер үш мыңға жуық көшет еккен.
Қарағанды облысының Нұра ауданында орналасқан Шұбаркөл қалалық үлгісіндегі кенттің көшелерінде енді 500-ге жуық жас шаған, акация, терек, қара ағаш және қарақат көшеттері жапырақ жайып, жайқалады. Ұлытау облысына ұласар тұстағы мидай далада орналасқан осы шағын елді мекенді көгалдандыру мәселесімен «Шұбаркөл көмір» АҚ жыл сайын айналысады. Өйткені, бұл кент халқының негізгі бөлігі көмір өндіруші компанияда жұмыс істейді. Әлеуметтік бағдарланған кәсіпорын өндірісті дамытуға және шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәселелеріне де көп көңіл бөледі.
– «Шұбаркөл көмір» АҚ – біздің негізгі жұмыс берушіміз. Компанияның өз қызметкерлеріне қамқорлық жасауы, сонымен қатар біздің ауылдың көркеюіне қосып жатқан үлесіне ризамыз,- дейді Шұбаркөл қалалық үлгідегі кенті Абай атындағы мектеп директорының орынбасары Гүлбаршын Құсайынова. – Биыл Шұбаркөл кенті әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында компания біздің елді мекенге 500 – ге жуық көшет сатып алды. Біздің ауыл әр ағаш есептелінетін ауданда орналасқан. Кент әкімшілігінің қаулысына сәйкес, біз «Шұбаркөл көмір» аллеясын салуды ұйғардық. Болашақта біз өз тарапымыздан жасыл желектердің жайқалып өсіп бізді салқын саясымен қуантуы үшін көшеттерге қамқорлық жасауға уәде береміз.
2023 жылдың көктемінде Қарағанды өңірін көгалдандыру қамындағы ауқымды бағдарлама басталды. Мемлекет басшысының экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі практикалық шараларды іске асыру туралы ұсынымдарын және биологиялық алуантүрлілікті сақтау және ұтымды пайдалану жоспары басты назарда. ERG-дің Экологиялық стратегиясын ұстана отырып, 2 500-ге жуық жапырақты ағаштар мен бұталардың көшеттері сатып алынып, егілді.
Жасыл желектердің негізгі бөлігі кәсіпорынның өнеркәсіптік аймағында. Биыл өсімдіктердің тамырланып кетуі үшін учаскелер мен бөлімшелердің көшеттерге жеке жауапкершілігін бекіту туралы шешім қабылданды. Көгалдандыруға өтінімдер барлық цехтардан, сондай-ақ өнеркәсіптік алаңда орналасқан мердігерлік ұйымдардан қабылданды.
Өңірдің экологиясын жақсартуға «Шұбаркөл көмір» АҚ кеңсесінің қызметкерлері де үлес қоса алды. Мұнда да ағаш отырғызу акциясы өтті. Бірақ бұл қарапайым акция емес, өйткені егілген әрбір ағаштың өз қамқоршысы бар.
– Мен ERG қызметкерлері үшін жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер алдым, жақында ұлым дүниеге келді. Мен ағаш ектім. Жоспар орындалды. Енді мен өз ағашыма қамқорлық жасаймын, — дейді «Шұбаркөл көмір» АҚ Энергия үнемдеу және энергия менеджменті жөніндегі менеджері Қанат Иманбаев.
Көгалдандырудың көктемгі кезеңінің тағы бір ерекшелігі көшеттерді егу кезінде Шұбаркөл кен орнының тозған көмірінен тыңайтқыш орнына гуматтарды қолдану. Бұл егілген өскіннің тамыр жайып кету пайызын едәуір арттыруы керек.
Экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері – әрқашан компания қызметінің басым бағыты. Соңғы үш жылда кәсіпорын өңірдің биоалуантүрлілігін сақтауға құйған инвестициялары тек көгалдандыру бөлігінде шамамен 9,5 млн теңге межесінде. Осы уақыт ішінде «Шұбаркөл көмір» АҚ орналасқан өңірде 5 800-ге жуық түрлі тұқымды ағаштар мен бұталар жапырақ жайды.