Қостанайда цифрлық активтерді заңсыз айырбастаумен айналысқан тұлғалар анықталды
ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті криптовалютаның заңсыз айналымын іске асырған екі азаматқа қатысты сотқа дейінгі іс қозғады.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай қаласында криптовалюта платформасында қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымын жүзеге асырған, аса ірі көлемде кіріс алумен байланысты аталған тұлғалардың заңсыз кәсіпкерлік әрекеттерінің жолы кесілді.
Клиенттерді енгізу және тарту үшін олар криптовалюта алмасу веб-сайтын жасады, ол арқылы кез келген адам криптовалюта айырбастауына өтініш бере алады.
Аталған тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту нәтижесінде заңсыз әрекетті растайтын заттар: жүйелік блоктар, ноутбуктер, криптовалюта биржаларының қосымшалары бар ұялы телефондар, криптовалюта айырбастау пунктінің сайты, сондай-ақ логин және криптовалюта биржасында шоттың құпия сөзі жазылған құрылғы табылды.
Күдіктілердің мүлкі мен криптовалюта шотындағы қаражат тәркіленді.
Кепілсіз цифрлық активтерді сатудан түскен заңсыз кіріс шамамен 1 млн 350 мың АҚШ долларын құрады.
Тергеу жалғасуда.