TikTok 2023 жылы Қазақстанда төрт миллионнан астам бейнероликті жойды

Жетекші қысқа бейнебаяндар жасауға арналған TikTok платформадағы қауіпсіздікті қолдау мақсатында Қауымдастық Ережесін бұзатын қазақ тіліндегі қолжетімді контентті анықтап, шара қабылдау үшін инновациялық технологиялар мен кәсіби командаларды пайдаланады. Қазіргі таңда әлем бойынша TikTok-та қолданушылардың қауіпсіздігіне қызмет ететін, көптеген тілдерді білетін 40 мыңнан астам адам жұмыс істеп отыр, оның ішінде қазақ тілді мамандар да бар.

TikTok қауіпсіздікті қолдау жөніндегі өз әрекетінің ашықтықтығын қамтамасыз ете отырып, жойылған бейнероликтер мен есептік жазбалар туралы ақпаратты ұдайы жариялайды. Бұл ақпарат платформадан жойылған мазмұнның көлемі мен сипаты туралы ақпарат беретін Қауымдастық ережелерін сақтауды қамтамасыз ету есептері арқылы тоқсан сайын ашылады.

Соңғы Қауымдастық ережелерін сақтауды қамтамасыз ету есептері сәйкес,  2023 жылдың төртінші тоқсанында бүкіл әлем бойынша:

  • Қауымдастық ережесін бұзғаны үшін 476.032 бейнеролик жойылды. Бұл бір тоқсанда TikTok-тан жойылған бейнероликтердің ең үлкен көрсеткіші.
  • Бейнебаяндардың 96,7%-ы белсенді түрде жойылды. Белсенді түрде жою дегеніміз – бейнебаяндар жарияланбай және оған шағым түспей тұрып өшіру дегенді білдіреді.
  • Бейнероликтердің 89,9%-ы олар жарияланғаннан кейін 24 сағат ішінде жойылды.
  • 012.732 тікелей трансляция Ереже бұзғаны үшін тоқтатылды.

Осы аралықта Қазақстанда:

  • Толайым алғанда Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін барлығы 399.024 бейнеролик жойылды. Бұл 2023 жылдың барлық тоқсанында TikTok-тан жойылған бейнероликтердің ең үлкен көрсеткіші.
  • Платформа барлық жойылған бейнероликтердің 92%-ын белсенді түрде өшірді.
  • Қазақстанда бейнебаяндардың 86,3%-ы олар жарияланғаннан кейін алғашқы 24 сағат ішінде жойылды.

Қазақстанда 2023 жылы жалпы Қауымдастық ережелерін бұзған  4.225.396 бейнеролик жойылды.

Әсіресе,TikTok кәмелетке толмаған пайдаланушыларына, яғни осал топқа ерекше назар аударады. Өйткені, TikTok – бұл 13 және одан жоғары жастағы қолданушыларға арналған платформа: мұнда жаңа қолданушыдан туған күнін, жылын толық көрсетуді талап ететін тіркеу формасы бар. Платформаның модераторлар тобы есептік жазбалар 13 жасқа толмаған балаға тиесілі болуы мүмкін белгілерді байқауға машықтанған. Егер қауіпсіздік командасы тіркелгі кішкентай балаға тиесілі деп есептесе, онда ол бұғатталады.

TikTok 13 лет  жасқа толмауына байланысты жойылған тіркелгілердің санын ашық түрде көпшілікке жариялаған ең алғашқы ірі платформа. Осылайша 2023 жылы бүкіл әлем бойынша 13 жасқа толмаған қолданушылардың 76.484.236 есептік жазбалары жойылды.

Сондай-ақ TikTok жарты жыл сайын дүниежүзі бойынша Үкіметтердің сұраулары туралы ақпараттарды қамтитын есептерді жариялап, онда мұндай сұраулардың санын, қабылданған шаралар мен жойылған контенттің көлемін ашады.