Үндістан: көмекке алғаш келетін сенімді серіктес

2004 жылғы 26 желтоқсан күні таңертең алып теңіз толқыны Ченнай қаласындағы Марина-Бич жағажайын басып, балықшылар мен крикет ойнап жүрген бір топ баланы ағызып әкеткен сәтте, олардың отандастары табиғи апаттың тұтас бір өңірді шарпығанын, сондай-ақ Бенгал шығанағының арғы жағындағы Таиланд пен Индонезия жағажайларында жергілікті тұрғындар мен шетелдік туристердің де толқын құрбаны болғанын әлі білген жоқ еді.
2004 жылғы желтоқсанда Үнді мұхитында болған цунами ауқымы жағынан адамзат кейінгі кезеңде бұрын-соңды кездестірмеген табиғи апатқа айналды. Оның салдарынан ширек миллионға жуық адам қаза тауып, Үнді-Тынық мұхиты өңіріндегі 14 елде екі миллионға жуық адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Бұл апат Үндістанның гуманитарлық көмек көрсету және табиғи апаттардың салдарын жою (HADR) саласындағы институционалдық әлеуетінің қалыптасу кезеңін де айқындады. Үндістан елдің материктік бөлігінде, әсіресе жағалауда орналасқан Андхра-Прадеш пен Тамилнад штаттарында болған адам шығыны мен қираулардың, сондай-ақ өзінің аралдық аумағы — Андаман және Никобар аралдарындағы ауқымды қираулардың салдарын жоюмен ғана шектелмей, Шри-Ланка, Мальдив, Таиланд және Индонезияны қоса алғанда, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жедел көмек көрсетті. Сонымен қатар Үндістан гуманитарлық көмек көрсету және табиғи апаттардың салдарын жою жөніндегі бес операцияны — екі ұлттық және үш халықаралық операцияны қатар бастады: «Madad» операциясы (Үндістанның оңтүстігіндегі жағалау аудандары), «Sea Waves» операциясы (Андаман және Никобар аралдары), «Castor» операциясы (Мальдив), «Rainbow» операциясы (Шри-Ланка) және «Gambhir» операциясы (Индонезия). Бұл операцияларға қарулы күштердің барлық үш түрі мен Үндістанның Жағалау күзеті жұмылдырылды: 40-тан астам кеме, бірнеше әскери-көлік ұшағы мен тікұшақ, сондай-ақ 20 мыңнан астам әскери қызметші тартылды.
Үндістанның бұл іс-қимылдары оның Үнді-Тынық мұхиты өңірінде төтенше жағдайларға алғашқылардың бірі болып ден қоя алатын сенімді мемлекет ретінде танылуына ықпал етті. Көп ұзамай Үндістан Парламенті 2005 жылғы Табиғи апаттардың салдарын жою туралы заңды қабылдады. Аталған заң табиғи апаттарға дайындықты қамтамасыз ету, олардың салдарын жеңілдету және оларға ден қою үшін құқықтық және институционалдық негіз қалыптастырып, ұлттық, штаттық және округтік деңгейлерден тұратын үш сатылы құрылымды, сондай-ақ осындай төтенше жағдайларға ден қоюға арналған мамандандырылған құрылым – Табиғи апаттарға ден қою жөніндегі ұлттық күштерді (NDRF) құруды көздеді.
2004 жылғы цунами сондай-ақ Австралия, Үндістан, Жапония және АҚШ сынды төрт елдің әскери-теңіз күштерін бірлескен іс-қимыл аясында көмек жеткізуді үйлестіру мақсатында күш біріктіруге түрткі болды. Кейіннен бұл ынтымақтастық Quad форматына ұласты.
Соңғы бірнеше онжылдықта Үндістан тікелей көршілес елдерде де, әлемнің шалғай өңірлерінде де болған бірқатар ірі табиғи апаттардың салдарын жоюға белсенді қатысты.
2014 жылғы желтоқсанда Үндістан өзінің ең күрделі гуманитарлық миссияларының бірі – елдегі жалғыз су тұщыту қондырғысы істен шыққаннан кейін Мальдивті ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған Neer операциясын жүзеге асырды. Үндістан Әскери-әуе күштерінің ұшақтары мен Әскери-теңіз күштерінің кемелері Мальдивке тәулік бойы ауызсу жеткізіп, жалпы көлемі 1 500 тоннадан астам су тасымалдады. Осылайша, Үндістан Мальдивтің көмек көрсету туралы өтінішіне бірінші болып үн қатқан мемлекет болды.
2015 жылғы сәуірде Непалда жойқын жер сілкінісі болған кезде, Үндістан алғашқы жер асты дүмпулерінен кейін алты сағат ішінде Maitri операциясы аясында кешенді құтқару және гуманитарлық миссияны бастады. Қиын жағдайда қалған бірнеше мың Үндістан азаматы мен шетел азаматтары әуе және құрлық жолдары арқылы эвакуацияланып, жүздеген тонна бірінші кезектегі қажетті заттар жеткізілді. Бірнеше далалық госпиталь орналастырылды. Гуманитарлық операция аяқталғаннан кейін Үндістан Непалды қалпына келтіру және қайта жаңғырту жөніндегі жалпы құны шамамен 2 млрд АҚШ долларын құрайтын ауқымды шаралар кешенін іске асыруға кірісті.
2025 жылғы наурыз айының соңында Мьянмада болған жойқын жер сілкінісінен кейін Үндістан Brahma операциясын — қарулы күштердің үш түрі мен Табиғи апаттарға ден қою жөніндегі ұлттық күштер (NDRF) бірлесіп жүзеге асырған ауқымды миссияны бастады. Оның аясында өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектер мен азық-түлік көмегін қоса алғанда, 750 тоннадан астам материалдар мен жабдықтар жеткізілді. Мандалайда далалық госпитальдар орналастырылып, инженерлік топтар құрылыстардың зақымдану деңгейін тексеру және бағалау үшін жіберілді. Brahma операциясы Үндістан Үкіметінің гуманитарлық көмек көрсету және табиғи апаттардың салдарын жою (HADR) саласындағы жалпыұлттық күш-жігерінің айқын үлгісіне айналды.
2025 жылдың соңында Үндістан Sagar Bandhu операциясы аясында Ditwah циклонынан зардап шеккен Шри-Ланкаға ауқымды қолдау көрсетті. Азық-түлік, жабдықтар, дәрі-дәрмектер және басқа да бірінші кезектегі қажетті заттар ұсынылып, 1 000 тоннадан астам құрғақ азық-түлік пайы жеткізілді.
Тікелей көршілес елдерден тыс жерлерде де Үндістан 2023 жылы болған жер сілкіністерінен кейін Түркия мен Сирияның көмек көрсету туралы өтініштеріне жедел үн қатты. Dost операциясы аясында Үндістан алғашқылардың бірі болып көмекке келіп, екі елге де жалпы саны 250-ден астам адамды қамтитын ірі іздестіру-құтқару топтарын (SAR), сондай-ақ медициналық бригадаларды, кинологиялық топтарды жіберіп, материалдық көмек көрсетті.
2019 жылғы наурызда Үндістан циклоннан зардап шеккен Мозамбикке гуманитарлық көмек көрсетіп, табиғи апат салдарын жоюға (HADR) жәрдемдесті, ал 2023 жылы тропикалық циклоннан зардап шеккен Малавиге көмек көрсетті.
Жуырда, 2026 жылғы 26 маусымда Үндістан HADR саласындағы осы уақытқа дейінгі ең ауқымды бастамасын жүзеге асырды: екі C-17 әскери-көлік ұшағымен жер сілкінісінен зардап шеккен Венесуэлаға 30 тонна гуманитарлық көмек жүгі, сондай-ақ тәжірибелі құтқарушылар мен медицина мамандарынан құралған 41 адамдық топ жеткізілді.
COVID-19 пандемиясы кезінде Үндістан 2021 жылғы қаңтардан бастап Vaccine Maitri бастамасы аясында 99 елге және Біріккен Ұлттар Ұйымының екі құрылымына 300 млн доза вакцина жеткізді, сонымен қатар өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп, медициналық көмек көрсетті.
Үндістан үшін HADR саласындағы қызмет жекелеген жағдайларда жүзеге асырылатын шарадан жаһандық өзара іс-қимылдың тұрақты бағытына айналды. Ол Үндістанның сыртқы саясаты мен қауіпсіздік саясатының маңызды құрамдас бөлігі саналады және Премьер-министр Моди 2015 жылғы наурызда Маврикийге сапары барысында жариялаған «Өңірдегі баршаға ортақ қауіпсіздік пен өсім» (SAGAR) доктринасында ресми түрде бекітілді. Бұл доктрина Үндістанның Үнді мұхиты өңіріне қатысты ұстанымының негізін құрайды; кейіннен аталған бағыт Үндістанның Үнді-Тынық мұхиты өңіріне қатысты пайымының және 2019 жылы жарияланған Үнді-Тынық мұхиты мұхиттары жөніндегі бастамасының (IPOI) ажырамас бөлігіне айналып, одан әрі Премьер-министр Моди 2025 жылғы наурызда ұсынған MAHASAGAR тұжырымдамасында дамытылды.
Үндістанның ұстанымы төтенше жағдайларға ден қоюмен ғана шектелмейді. Үндістан табиғи апаттардың алдын алу және олардың салдарын жеңілдету саласындағы халықаралық ынтымақтастық тетіктерін де қалыптастырды. Атап айтқанда, ел цунами туралы халықаралық ескерту жүйесін құруға жәрдемдесті, сондай-ақ Табиғи апаттарға төзімді инфрақұрылым жөніндегі коалицияны (CDRI) құруға бастамашылық етті. Құрамына 60 мүше мемлекет кіретін CDRI табиғи апаттарға төзімді инфрақұрылымды, соның ішінде мектептерді, ауруханалар мен тұрғын үйлерді салу мақсатында 25 шағын аралдық дамушы мемлекетпен ынтымақтастық орнатқан.
Төтенше жағдайлар кезінде нақты қажеттіліктерді ескере отырып жедел көмек көрсетуінің, сондай-ақ өзара тиімді негізде әлеуетті дамытуға бағытталған күш-жігерінің арқасында Үндістан көмекке алғашқылардың бірі болып келетін сенімді мемлекет әрі бүкіл әлемнің игілігі жолында әрекет ететін күш ретінде танылады.
Сучитра Дураи
Үндістанның Таиландтағы бұрынғы Елшісі және
Үндістанның Кениядағы бұрынғы Жоғарғы комиссары
India: The Trusted First Responder
When a giant wave of sea-water struck Chennai’s Marina Beach on the morning of 26 December 2004, pulling in its wake fisherfolk and a group of children playing cricket, little did their brethren know that an entire region had been struck and that, across the Bay of Bengal, local people and foreign tourists on Thai and Indonesian beaches had also been swept away.
The Indian Ocean Tsunami of December 2004 was a natural catastrophe of a magnitude not experienced by humanity in recent times. It resulted in the death of almost a quarter million people and displacement of a couple of million people in 14 countries of the Indo-Pacific.
It also marked the coming of age of India’s HADR (Humanitarian Assistance and Disaster Relief) institutional capacity. India not only dealt with death and destruction in its mainland, particularly in the coastal states of Andhra Pradesh and Tamil Nadu as well as major devastation in its island territories of Andaman & Nicobar (A&N) islands but also provided speedy assistance to countries in south and south-east Asia including Sri Lanka, Maldives, Thailand and Indonesia. Simultaneously, India launched five HADR operations, two national and three international – Operation Madad (coastal south India), Operation Sea waves (A&N), Operation Castor (Maldives), Operation Rainbow (Sri Lanka) and Operation Gambhir (Indonesia). These involved the three defence services and the Indian coast guard – more than 40 ships, several transport aircraft and helicopters as well as more than 20,000 military personnel were deployed.
India’s actions led to its recognition as a credible first responder in the Indo-Pacific region. Soon thereafter, the Disaster Management Act of 2005 was adopted by the Indian parliament providing the legal and institutional framework for disaster preparedness, mitigation and response, a three-layered structure at the national, state and district level and the establishment of a dedicated force, the National Disaster Response Force (NDRF) to respond to such calamities.
The 2004 Tsunami also saw the coming together of the navies of four countries – Australia, India, Japan and the US – to coordinate the delivery of assistance in a collaborative effort that eventually evolved into the Quad.
India has handled several major natural disasters in the last few decades both in its immediate neighbourhood as well in distant lands.
In December 2014, India undertook one of its most complex humanitarian missions, Operation Neer, to supply drinking water to the Maldives after that country’s only desalination plant broke down. Indian Air Force aircraft and Indian naval ships worked round the clock to supply more than 1,500 tonnes of drinking water to the Maldives becoming the first country to respond to the request from the Maldives.
In April 2015, when a massive earthquake hit Nepal, India launched a comprehensive rescue and relief mission in the form of Operation Maitri within six hours of the initial tremors. Several thousand stranded Indians and foreign nationals were evacuated by air and land routes and hundreds of tons of essential material were delivered. Several field hospitals were set up. After the relief operations were completed, India launched a major rehabilitation and reconstruction package of around USD 2 billion for Nepal.
Following a devastating earthquake that struck Myanmar in end March 2025, India launched Operation Brahma, a huge tri-services combined with NDRF mission that supplied over 750 MT of materials and equipment including essential medicines and food aid. Field hospitals were set up in Mandalay, while engineering teams were deployed for reconnaissance and assessment of structural damage. Op Brahma was a classic whole-of-government HADR endeavour by the Government of India.
In end 2025, India provided massive support under Operation Sagar Bandhu to Sri Lanka that was hit by cyclone Ditwah. Food, equipment, medicines and other essential items were provided and more than 1000 tons of dry rations were supplied.
Beyond its immediate neighbourhood, India also responded with alacrity to requests from Turkiye and Syria when they were struck by earthquakes in 2023. Under Operation Dost, India was a first responder sending large Search and Rescue (SAR) teams of more than 250 personnel along with medical teams and dog squads to both countries as well as materials support.
In March 2019, India provided HADR to cyclone-hit Mozambique and in 2023 provided assistance to Malawi which was affected by a tropical cyclone.
Recently, on 26 June, 2026 India undertook its most ambitious HADR initiative when 30 tons of humanitarian relief materials accompanied by a 41-member team comprising experienced rescue personnel and medical professionals arrived in two C-17s to earthquake hit Venezuela.
During the Covid-19 pandemic, India supplied 300 million doses of vaccine to 99 countries and 2 United Nations entities under the Vaccine Maitri initiatives since January 2021, along with essential medicines and medical support.
For India, HADR has moved from being an episodic activity to a continuous global engagement. It is an essential feature of India’s foreign and security policy that was formally enunciated in the Security and Growth for All in the Region (SAGAR) doctrine announced by Prime Minister Modi during a visit to Mauritius in March 2015 which underpins India’s approach to the Indian Ocean Region; it became an intrinsic part of our Indo-Pacific Vision and Indo-Pacific Oceans Initiative (IPOI) announced in 2019 and evolved into the MAHASAGAR vision outlined by PM Modi in March 2025.
India’s approach is not merely reactive. It has also put in place frameworks for international cooperation in the area of prevention and mitigation through contributing towards the setting up of an international tsunami warning system as well as the launch of the Coalition for Disaster Resilient Infrastructure (CDRI). The CDRI (comprising 60 member states) works with 25 small island developing states to build disaster resilient infrastructure including schools, hospitals and homes.
By providing need-based and rapid assistance during emergencies and through its efforts to develop capacities for mutual benefit, India is seen as a reliable first responder and a force for global good.
Suchitra Durai
Former Ambassador of India to Thailand and
Former High Commissioner of India to Kenya


