ЖАҢАРТЫЛҒАН RANGE ROVER VELAR ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ЖАҢАРТЫЛҒАН RANGE ROVER VELAR ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Жаңа Range Rover Velar тұсаукесері TikTok әлеуметтік желісінің Range Rover арнасында 1 ақпан күні таныстырылды.

  • Модернистік дизайн: Жаңартылған Range Rover Velar сыртқы көрінісінде жаңа талғампаздыққа ие болып, эксклюзивті түрде TikTok платформасында дебют жасаған алғашқы көлік болды (https://www.tiktok.com/@rangerover)
  • Енді Range Rover Velar Software over the Air 4 сымсыз бағдарламалық құралды жаңарту мүмкіндігі бар жоғары технологиялық мультимедиялық сенсорлы дисплеймен жабдықталады
  • TikTok платформасындағы Range Rover арнасы ресми түрде іске қосылды: 5,2 миллиард қарау санын жинап үлгерген #RangeRover хэштегі TikTok платформасындағы ең танымал автокөліктердің біріне айналды… @RangeRover арнасы керемет брендтің эксклюзивті контентін жариялауға арналған.

Жаңартылған Range Rover Valar автокөлігінің әлемдік тұсаукесері TikTok әлеуметтік желісіндегі ресми Range Rover арнасында өтті.
Жаңа Range Rover Velar – бұл Range Rover маркасына тән озық технологияларды, талғампаздықты және керемет, шақталған әрі минималистік дизайнды біріктіретін заманауи сән-салтанаттың нағыз бейнесі.

1 ақпанда TikTok-тағы Range Rover арнасында жарияланған бейнероликтер сериясы тамаша Range Rover Velar автокөлігінің сыртқы және ішкі көрінісінің дизайндағы қызықтыратын әрі тартымды өзгерістері туралы баяндайды.

Жаңа радиатор торы ерекше «қалқымалы» жапқышпен, ұзына бойы белдеу сызығымен және әлемдегі ең қалаулы сәнді SUV қатарын ерекшелейтін жасырын есік тұтқаларымен үйлеседі. Жаңа аса жіңішке матрицалық фаралары 5 керемет көрініс пен оңтайлы көру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, ал сыртқы түрі жаңа төменгі артқы бампермен және күңгірт түстермен толықтырылған.
Range Rover автокөлігінің қарапайым дизайн философиясы ішінде де жалғасын тапты; көліктің барлық негізгі функциясын жедел және интуитивті басқаруға мүмкіндік беретін жаңа иілген әйнекті 11,4 дюймдік сенсорлы экран орталық консольге орнатылды.

Сонымен қатар мұқият ойластырылған интерьер салонның былғарысыз нұсқасын қоса алғанда, өзгертілген орындық дизайнымен, жаңа түстермен және материалдармен ерекшеленеді. Жолаушылардың жайлылығы мен жағдайын қамтамасыз ететін технологиялардың толық жиынтығы жаңа бір сенсорлы экран арқылы басқарылады. Жаңа Range Rover Velar жолдағы шуға
жол бермей, жайлы әрі тыныш атмосфераны қалыптастыратын Active Road Noise Cancellation шуды басу жүйесімен жабдықталған. Бұл ақылды технология Velar-дың жолдағы шу көрсеткіші бойынша өз класындағы ең тыныш көлікті ұсынуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бірге орнатылған Amazon Alexa мүмкіндігі бар салондағы жайлы ортаны қалыптастыратын Cabin Air Purification Plus жүйесі қолжетімді.. Ыңғайлы Software Over The Air функциясы арқасында Range Rover Velar бағдарламалық құралы сымсыз байланыс арқылы әрқашан уақытылы жаңартылады.

Jaguar Land Rover коммерциялық директоры Леннард Хорник: «Range Rover талғампаз клиенттер үшін егжей-тегжейіне дейін пысықталған, сәнді көліктерді ұсынады. Қазіргі сән-салтанат әлемі өзгеруде, соған сәйкес күтілетін жүргізу тәжірибесі де өзгерді.
Range Rover TikTok арнасының іске қосылуы – әртүрлі жаңа аудиторияға бірегей мазмұнмен қол жеткізу мүмкіндігі; жасаушылар мен заманауи көшбасшылар арасында ақпараттық қолдауды қалыптастыру. Бірақ мұнымен шектелмейді, біз қозғалыс пен заманауи сән-салтанаттың болашағын қайта қарастыруға жауаптымыз және оны жаһандық қауымдастықсыз жасай алмаймыз. TikTok осы өршіл үмітімізді жүзеге асыруға көмектеседі»

TikTok Ұлыбритания, Жаһандық бизнес шешімдері жөніндегі бас менеджер Крис Боджер: «Range Rover сияқты әйгілі британдық брендті әлемдегі ең ықпалды және әсерлі көрме залында көру керемет. Сәнді автокөлік иелерінің келесі буыны – TikTok желісінде. Платформадан қызықты, шынайы автокөлік мазмұнымен танысқанда көпшілігі ол туралы көбірек білуге шабыттанады. TikTok – бұл бар клиенттік базадағы және одан тыс сәнді дүниені сатып алушыларды тартқысы келетін автокөлік брендтерінің негізгі бағытына айналып келе жатқаны сөзсіз»