Жүрек соғу жиілігі мен SpO2 бақылауы бар HONOR Watch GS 3 смарт сағаты таныстырылды
HONOR Қазақстан нарығында HONOR Watch GS 3 смарт сағатының шығарылғаны туралы хабарлады. Жаңа өнім премиум дизайнымен және жетілдірілген жасанды интеллектімен, сонымен қатар денсаулықты бақылау, спорттық жаттығулардағы көмекші, мультимедиялық бақылау және басқа да көптеген функциялармен байланысты.
Премиум және жоғары технологиялық дизайн
Тот баспайтын болаттан жасалған корпустың қалыңдығы небәрі 10,5 мм. Ол білекке еш салмағын тигізбейді. Құрылғының салмағы 44 грамм. Бұл HONOR Watch GS 3-ті сағатты қолыңызда тағуға мүмкіндік береді. Білектен шешудің еш қажеті жоқ.
Диаметрі 45,9 мм дөңес циферблатта AMOLED сенсорлық экраны бар. 1000 нитке дейінгі жарықтығы және 326 PPI ажыратымдылығы бар HONOR смарт сағаттары тіпті ашық күн сәулесінде де анық кескіндердің болуына кепілдік береді. Сондай-ақ, пайдаланушылар циферблатты әр түрлі стильдерде таңдай алады.
HONOR Watch GS 3 үш түсте қол жетімді: көк мұхит, классикалық алтын және түн қараңғылығы.
Денсаулықты бақылаудың кеңейтілген мүмкіндіктері
HONOR Watch GS 3 — оптикалық белгілерді көбірек түсіру үшін жетілдірілген PPG 8 арналы жүрек соғу жылдамдығы сенсорлары бар брендтің алғашқы смарт сағаты. Олар әрекет кезінде кедергілерді басу, дәлірек деректерді жинауға және қуат тұтынуды азайту үшін бірнеше алгоритмдерді пайдаланады. HONOR Watch GS 3 бағдарламалық және аппараттық құрал арқылы жүрек соғу жиілігін бақылаудың дәлдігін 97%-дан астамға жақсартады. Сондай-ақ, тұтынушыларға жүрек соғу жиілігі деректерін және нақты уақытта олардың физикалық күйін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.
Құрылғы SpO2 мониторингін қамтамасыз етеді. Бір сөзбен айтқанда, ол қан құрамындағы оттегінің деңгейін бақылайды. Бұл көрсеткіштер сағат иесінің күйзеліс деңгейін бағалауға және әл-ауқатты тез жақсартуға болатын тыныс алу жаттығуларын ұсынуға мүмкіндік береді.
Әр түрлі спорттық функциялар
HONOR Watch GS 3 – спорт жаттығулары кезіндегі керемет серік. Смарт сағаттар 100-ден астам түрлі спорт режимдерді қамтиды. Сонымен қатар, алты белсенділік түрін автоматты түрде анықтай алады. Бұл нәтижелерді немесе жетістіктерді, сондай-ақ денсаулық деректерін жазып алып, бақылау жүргізуді жеңілдетеді. Сонымен қатар, HONOR Watch GS 3 минус 20-дан плюс 45 Цельсий градусына дейінгі төтенше температураға төтеп бере алады. 50 метр дейінгі тереңдікте суды қорғаумен бірге сағат кез келген жағдайда бақылауда үзіліссіз жаттығуға мүмкіндік береді.
Қуаттың ұзақ қызмет ету мерзімі және жылдамдығы
HONOR Watch GS 3 қалыпты пайдалану кезеңі 14 күнге дейін. Ал GPS қосылған кезде 30 сағатқа дейін қуаттың қызмет ету мерзіміне кепілдік беріледі. Жылдам қуаттау функциясы бар болғаны 5 минутта қосымша жұмыс күнін қамтамасыз ете алады.
Көп функциялы құрылғы
HONOR Watch GS 3 бұл жәй ғана смарт сағат емес. Ол музыка ойнату, хабарламалар мен қоңырауларды, ауа-райы мен дабылды қарауға арналған көмекші болып, әр түрлі пайдалану жағдайларын ұсынады. Бұл сағат күнделікті өмірде өз шегінен шығуды қалайтындардың барлығына көмектеседі.
Жаңа өнімнің қолжетімділігі және бағасы
HONOR Watch GS 3 сағатын Mechta.kz және Технодом дүкендерінде сатып алуға болады. Ұсынылған бағасы 119 990 теңге. Ал 15 маусымнан бастап HONOR Magic5 Pro флагмандық смартфонын сатып алған кезде жаңа смарт сағат сыйлыққа беріледі.