10,4% өсім: 2023 жылдың І жартыжылдығында туристік қызметтен түскен салық түсімдері 208 млрд теңгені құрады

ҚР ТСМ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстандағы туристік қызметтен түскен салық түсімдерінің көлемі шамамен 208 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4% — ға артық (188,5 млрд теңге).

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қорытындысы бойынша туристік қызметтен түскен салық түсімдерінің рекордтық деңгейі тіркеліп, 389 млрд теңгені құрады.

«Туристік қызметтен түсетін салық түсімдері пандемияға дейінгі көрсеткіштерден едәуір асып түседі. Мәселен, 2019 жылы олардың жалпы көлемі 200,5 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жартысына жуығы. Қазақстанның орналастыру орындары көрсететін қызметтер көлемі де өсіп отыр. Мәселен, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің қонақ үйлері туристерге 98,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45% — ға артық», — деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Абдуалиева.