10 ақмолалық кәсіпкер эко-, этно- және агротуризм саласында шағын жобаларын дамытуға арналған пайызсыз қарыздарға ие болды

Орталық Азияның Еуразия Қоры, «Шеврон» және Kazakh Tourism компанияларымен бірлесіп, Астана қаласында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Қазақстан аумағында туризм саласын дамытумен айналысатын ғылыми сарапшылар, мемлекеттік органдар және ШОБ өкілдерінің кездесу орнына айналды.

Сарапшылар және кәсіпкерлер Ақмола облысы ауылдық аймақтарының экономикалық белсенділігін  агро-, эко- және этнотуризм саласындағы ШОБ-ті дамыту арқылы арттыруға арналған кеңестерді талқылады. Зерттеу қорытындысы мен олардың негізінде жасалған кеңестерді Экологиялық мәдениетті интеграциялау қоры мамандары ОАЕҚ «Байтақ жер» жобасының командасы жария етті.

Қарастырылған тақырыптар арасында мемлекеттік қолдау және ШОБ-ті дамытуға бағытталған шаралар, мемлекеттік жоспарлау және саяхатшыларды тарту жүйесі, туризм саласындағы қызметтер сапасын арттыру шаралары, т.б. болды.

Сонымен қатар, “Байтақ жер” жобасы жеңімпаздары белгілі болды. Іс-шараға қатысқан 22 кәсіпкерден 10-ы 4-6 млн дейін мөлшеріндегі 2 жылға берілетін пайызсыз қарыз және тәлімгерлердің трекиңгінің иелеріне айналды.

Бұл нәтижеге олар екі айға созылған қарқынды оқыту бағдарламасы арқылы қол жеткізді. Жобаның шарықтау шегіне бес күндік инкубация бағдарламасының ІІ бөлімі айналды. Оның барысында кәсіпкерлер жоба басқару ережелерін меңгеріп, бизнестің қаражат үлгісін құрастырды. Сонымен қатар, жобаның білім берудегі серігі — “MOST” бизнес-акселераторы “Байтақ жер” қатысушылары үшін бір күндік “Өз бизнесіңді бастап, дамыт” іскерлік ойынын өткізіп, кәсіпкерлердің жоспарлау, ұйымдастыру, тапсырма беру, қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдірді. Бағдарламаның бір күні кәсіпкерлер жобаларының презентацияларын және оларды қорғауға арналды. Инкубация қарыздар берілетін жобалар авторының тізімі бекітілген Demo Day-мен аяқталды.

— Жобамыздың соңғы білім беру кезеңіне іріктелген 40 кәсіпкердің жартысынан гөрі өтті. Әрбір қатысушының білім алуға, қарызға ие болу мүддесі жоғары деңгейде болды. Инкубацияның ІІ кезеңіне дейін кәсіпкерлер өздерінің дағдыларын онлайн оқыту және тәжірибелі тәлімгерлермен бірлесіп жұмыс жасау арқасында едәуір жақсартты, — дейді жоба менеджері Алия Испаева. — Қаржыландыратын жобалар арасында — спорттық балық аулау, ірімшік фермасы, киіз үйлер жасау, демалыс орындарын ашу және аттарды міңіп саяхаттау және т.б. болды.

“Байтақ жер” жобасының мақсаты — туризм саласындағы кәсіпкерлікті қолдау арқылы ауылдық жерлерде тұратын адамдардың экономикалық мәселелерін қысқарту болып табылады. “Байтақ жер” жобасы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асырылады. 2022 жылы жобаға Ақмола облысының 60 тұрғыны өтінім беріп, оқыту бағдарламасының 6 қатысушысы қарыз алып, өз жобаларын жүзеге асырды. Биыл қазан айында жобаның ІІ кезеңі басталып, оған қатысуға ниет білдірушілердің саны 25% артты, ал оқыту бағдарламасының мазмұны тереңдеп, ол Ақмола облысының кәсіпкерлерінің қажеттіліктеріне бейімделді.

“Байтақ жер” жобасы туралы толық ақпаратты http://baitaqzher.kz/kz ресми сайтынан, сондай-ақ жобаның Instagram парақшасынан таба аласыз.