2023 жылы Алматы облысы тұрғындары VIP-нөмірлерге қанша қаражат жұмсады

2023 жылы Алматы облысы ХҚКО бөлімдерінің мамандырылған секторлары арқылы 44 жоғарғы сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлері берілді. Олар үшін көлік иелері 15 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсаған.

Атап айтсақ, Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы мемлекет бюджетіне түседі.

2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері ең жылдам сатылған нөмірлер болып табылады. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті (2024 жылы 210 444 теңге) құрайды.

VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) тұрады.

Жалпы, 2023 жылы Алматы облысы халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің мамандырылған секторларында 25 мыңнан астам көлік тіркеліп, 19 мың жүргізуші куәлігі берілді.