2026 жылғы наурызда жолаушылар сұранысы 2,1%-ға өсті, жүк тасымалы 4,8%-ға төмендеді  

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) 2026 жылғы наурыз айындағы әлемдік авиациялық нарық бойынша деректерді ұсынды.

Жолаушылар тасымалы:

  • Жолаушылар сұранысы Таяу Шығыстағы іркілістерге қарамастан, жылдық мәнде 2,1%-ға өсті.
  • Халықаралық тасымалдар 0,6%-ға төмендеді (2021 жылдан бергі алғашқы төмендеу), ал ішкі тасымалдар 6,5%-ға өсті.
  • Өткізу сыйымдылығы 1,7%-ға азайды, жүктеме коэффициенті 83,6%-ға дейін өсті (+3,1 т.п.).
  • Негізгі қысым факторы — Таяу Шығыс авиакомпанияларындағы тасымалдардың күрт төмендеуі (-60,8%). Аймақтан тыс сұраныс өсуді жалғастырды (+9%).
  • Әлемдік бағыттар қайта құрылуда: Еуропа мен Азия арасындағы жолаушылар ағыны Таяу Шығысты айналып өтетін бағыттар есебінен 29,3%-ға өсті.
  • Авиациялық отын бағасы жылдық мәнде 106,6%-ға өсіп, сала үшін негізгі тәуекелдердің бірі болып отыр.

 IATA бас директоры Уилли Уолш:

«Таяу Шығыстағы іркілістерге қарамастан, сұраныс өсуді жалғастыруда. Алайда өңірдегі жағдай жаһандық өсімді айтарлықтай тежеп отыр. Алдағы айларда саланың тұрақтылығын айқындайтын негізгі фактор — отын жеткізілімі мен оның бағасы»

Жүк тасымалы:

  • Жүк тасымалына сұраныс (CTK) жылдық мәнде 4,8%-ға төмендеді (халықаралық сегментте -5,5%).
  • Өткізу сыйымдылығы 4,7%-ға қысқарды (халықаралық сегментте -6,8%), жүктеме коэффициенті 47,9%-ды құрады (-0,1 т.п.).
  • Ең әлсіз динамика Таяу Шығыста байқалды (-54,3%), ал Африка (+7,0%) және Азия-Тынық мұхиты аймағында (+5,4%) өсім сақталды.
  • Негізгі сауда бағыттары бойынша динамика әркелкі: Африка — Азия бағыты көш бастап тұр (+22,6%), ал Парсы шығанағына байланысты дәліздерде күрт төмендеу байқалады.

 IATA бас директоры Уилли Уолш:

«Геосаяси шиеленіс пен негізгі хабтардағы іркілістер жүк сегментіне қысым түсіруде. Соған қарамастан, сала жаһандық жеткізу тізбектерін қолдау үшін қажетті икемділікті сақтап отыр».