3х3 баскетболынан «Almaty Quest» халықаралық турнирі ашылу рәсімі өтті

23 қыркүйек күні Алматы қаласында 3х3 баскетболынан «Almaty Quest» халықаралық турнирі ресми ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатында Алматы қаласы Спорт басқармасы басшысы орынбасары Бекжан Онжан,  ҰБФ (Ұлттық баскетбол федерациясы) вице-президенті Алмас Ұзақов, сондай-ақ Neff Kazakhstan дамытушы компаниясының бас директоры Тарык Волкан Оскай сөз алып жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.  Сонымен қатар турнирдің ашылу салтанатына ФИБА 3х3 басқарушы директоры Алекс Санчез, ҰБФ президенті Абай Алпамысов, БАҚ өкілдері, алыс-жақын шетелдерден қонақтар қатысты.

3х3 баскетболынан «Almaty Quest» халықаралық турниріне 6 қазақстандық және 10 шетелдік команда қатысады. Турнир жеңімпазы Chengdu Masters Әлемдік туры жолдамасына ие болады.