HONOR компаниясы Қазақстандағы алғашқы қызмет жылының қорытындысын жариялады

HONOR ғаламдық технологиялық бренді Қазақстан нарығына қатысуының бірінші жылының нәтижелерін жариялады. Он екі айдың ішінде зияткер құрылғылардың әлемдегі жетекші жеткізушісі сатылған девайстар саны бойынша смартфондар нарығының 6% үлесіне жетті.

Брендті алға бастырудағы елеулі серпіліс берген өз бағасының сегментіндегі ең жақсы камерасы мен жетілдірілген зерделі баптамалары бар HONOR 90 смартфонының жаңа моделінің сатыла басталуы болды.

Джонибек Вэй, HONOR-дың Қазақстандағы аймақтық директоры:

«HONOR өнімдерінің сапасын бүкіл әлем мойындаған. Біз барлық бәсекелестерімізге сапаның жоғары деңгейін белгілейміз, ал HONOR 90-ның шығуы – осы бағыттағы тағы бір қадам. Бір жылдан кейін біз негізгі өнімдердің барлық дерлік экожүйесін ұсынудамыз: смартфондар, сағаттар, құлаққаптар, ноутбуктер… Жақында HONOR планшеттері дүкендерге түседі. Осылайша, қазақстандықтар бүгінгі күні ең қарапайым модельдерден бастап сипаттамалары жоғары флагмандық құрылғыларға дейінгі барлық қолжетімді мобильді технологияларға ие болды»

HONOR 90 камерасының модулі 200 Мп негізгі объективтен, 2 Мп тереңдік сезбегінен және макротүсірімі мен 112° шолу өрісі бар 12 Мп аса кең бұрышты объективтен тұрады. Суреттің HDR сапасына 16 пиксельді 1-ге біріктіру арқылы қол жеткізіледі, сондықтан аз жарық жағдайында да суреттер жарқын және анық болып шығады. 50 Мп алдыңғы камера егжей-тегжейі анық көрінетін керемет селфи түсіреді. Соңғы өңдеу үшін шуды басатын және суретпен жұмыс істейтін, оны мінсіз параметрлерге жеткізетін жасанды зияттың алгоритмдері жауап береді.

5000 мАч аккумулятор үздіксіз бейне ойнату режимінде 19,5 сағат батареяның қызмет ету мерзімін қамтамасыз етеді. Құрылғымен бірге HONOR SuperСharge 66 Вт қуаттандырғыш блогы бар.

HONOR 90 үш түсте қолжетімді: қараңғы түндей, зүбаржат жасыл және арктикалық ақ. Смартфонның 8 ГБ + 256 ГБ нұсқасы 279 990 теңгеге, ал 12 ГБ + 512 ГБ нұсқасы 299 990 теңгеге бағаланады. 10 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында әрбір сатып алушыға HONOR CHOICE X3 Earbuds сымсыз құлаққабы сыйға беріледі.