Көше билері жарысынының жеңімпазы анықталды

Алматы қаласында көше билерінен әлемдегі ең ірі чемпионаттардың бірі — Red Bull Dance Your Style-дың ұлттық финалы өтті. Сайыс нәтижесі бойынша, Германиядағы әлемдік финалға қатысып, еліміздің намысын қорғайтын жеңімпаз анықталды. Қатысушылар әлемге әйгілі хиттердің сүймелдеуімен өнер көрсетіп, көрерменнің жүрегін жаулап алуға тырысты. Жеңістің кімге бұйыратынын көрермен анықтады.

Red Bull Dance Your Style — көше билері бойынша, жекпе-жек форматында өтетін, паппинг, крамп, вог, хип-хоп, тағы басқа стильдерде билейтін өнер иелеріне арналған, халықаралық жарыс. Бишілер әлемге әйгілі музыкалық хиттердің сүймелдеуімен өнер көрсетіп, көрерменнің жүрегін жаулап алу үшін күш салады. Ал көрермен әр баттлдан кейін түсі сәйкес келетін (қызыл немесе көк) қағазды көтеріп, жеңімпазды анықтайды. Бұл жарыс 2019 жылы бастау алды, биыл 46 елде өтеді. Әр ел өзінің ұлттық жеңімпазын анықтайды, ол кейін Әлемдік финалға қатысып, әлем чемпионы атану үшін күреседі.
2023 жылғы Ұлттық финалға 16 биші қатысты: олардың 8-і Red Bull-дан тікелей шақыру алса, қалған 8-і төрешілердің таңдауымен іріктелген. Қатысушылар бидің popping, hip-hop, vogue, house, krump т.б. стильдері бойынша өнер көрсетті.
Қазақстанның көше биі мәдениеті бойынша ең мықты өкілдері 19 тамыз күні, сағат 18.00-де, Алматы қаласындағы Достық даңғылы, 85а мекен-жайында кездесті.


Қазақстандағы көше биі мәдениетінің ең мықты өкілдері 19 тамыз күні, Алматы қаласында өткен Ұлттық финалда кездесті. Көрермен дәл сол жерде, паппинг стилінде өнер көрсеткен 29 жастағы Алмас Орамбаевты, жеңімпаз деп тапты. Өз стилімен көпшіліктің қошаметіне бөленген Алмас, ұлттық финалдағы аса күрделі 4 баттлдың нәтижесі бойынша жеңіске жетті.


«Бүгінгі баттлдардың ешқайсысы жеңіл болмайтынын, алғашқы айналымнан кейін-ақ айттым. Бәсекелестерім шетінен мықты екен, раундтардың бәрінде аянбай тер төгуге тура келді. Қазақстанда өтетін Red Bull Dance Your Style-да жеңіске жету арманым еді, әлемдік финалда өз елімнің намысын қорғау – мен үшін үлкен мәртебе» — дейді Алмас.

2023 жылғы 4 қарашада әлемдік финал өтеді, сол жерде барлық елдердің чемпиондары жиналып, «үздіктердің үздігі» атану үшін күш сынасады. Тікелей көрсетілімді сайттан немесе Red Bull TV қосымшасынан тамашалап, отандасымызға қолдау көрсетуге болады.