Халықаралық Алматы әуежайы 8 миллионыншы жолаушысын қарсы алды

2023 жыл Tav Airports Holding компаниясы басқаратын және қызмет көрсететін Халықаралық Алматы әуежайы үшін рекордтық жыл болды. Жолаушылар ағыны сегіз миллион адамға жетті.

2023 жылғы 6 қарашада сағат 14:30-да Халықаралық Алматы әуежайы өзінің 8 миллионыншы жолаушысын қарсы алды.

Орал-Алматы бағыты бойынша KC 882 рейсімен ұшып келген Манабаев Қайрат 8 миллионыншы жолаушы болды.

Бұл оқиға әуежай үшін де, Алматы қаласы үшін де тарихи болып табылады. Халықаралық Алматы әуежайының бүкіл тарихында алғаш рет жолаушылар ағыны 8000000 адамға жетті. Алматы әуежайы Грузияға екі адамға туристік сапарға құқық беретін сертификаттың иегері болған Қайрат Манабаевты құттықтады.

TAV Airports Holding-бүкіл әлем бойынша әуежайларды басқару саласындағы жетекші компаниялардың бірі.

TAV Airports Holding өзінің сервистік компаниялары арқылы 29 елдегі 108 әуежайда қызметтердің кең спектрін ұсынады. Алматы әуе айлағының өткізу қабілетін арттыру мақсатында жаңа Халықаралық жолаушылар терминалының құрылысы жүріп жатыр. Жаңа терминалды салу кестесі ілгерілеп келеді және халықаралық Алматы әуежайының жаңа терминалын 2024 жылдың жазында аяқтау жоспарлануда.

Жаңа ғимараттың құрылысы борт көлеміне байланысты халықаралық терминалдың бір уақытта жеті ұшаққа дейін қабылдауына мүмкіндік береді. Әуежайдың жалпы өткізу қабілеті жылына 14 млн. жолаушыға дейін артады. Жаңа Халықаралық жолаушылар терминалының ауданы 53,500 м2 құрайды.  Оның пайдалануға берілуімен Алматы әуежайының өткізу қабілеті жылына 14 млн. адамға дейін ұлғаяды. Дизайнға сәйкес құрылым қолданыстағы терминал ғимаратына жер үсті өткелі арқылы қосылады. Жаңа үй-жай жолаушыларға ғимараттың сыртына шықпай-ақ ішкі және халықаралық рейстерден ауысуға оңай қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Өткен жылы Халықаралық Алматы әуежайы жылына 2,7 млн. адамға есептелген өткізу қабілеті кезінде 7,2 млн жолаушыны қабылдады.

Жаңа жолаушылар терминалы ашылған кезде әуежай әкімшілігі ескісін жаңартуды жоспарлап отыр. Осылайша, жаңа жолаушылар терминалы тек халықаралық рейстерге, ал қолданыстағы терминал ішкі рейстерге қызмет көрсетеді. Халықаралық Алматы әуежайын кеңейту жөніндегі ауқымды жоба жолаушылар терминалы мен жалпы мақсаттағы авиацияның жаңа ғимараттарын салуды, сондай-ақ эстакаданы, орталық инженерлік қондырғыны, әуеайлақты және вокзал маңы аумағын қайта жаңартуды қамтиды.