Алматыдағы жаңа әуежайдың жұмысы таныстырылды

Алматы халықаралық әуежайының жаңа Халықаралық жолаушылар терминалы туралы баспасөз туры ұйымдастырылды. Халықаралық әуежай тарапынан баспасөз-турына «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Гокер Косе, аға вице-президент Бас хатшы Метин Батак, жерде қызмет көрсету және өндіріс жөніндегі аға вице-президент Онур Шатыр, жобаларды басқару жөніндегі вице-президент Ягиз Забун, сыртқы байланыстар жөніндегі вице-президент Дәурен Қабиев, және Алматы халықаралық әуежайының басқа да өкілдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Ең алдымен Алматы әуежайының президенті TAV Airports Holding компаниясының әлемдегі және Алматыдағы қызметі туралы айтты, сонымен қатар алдағы жоспарларға тоқталды.

Баспасөз-туры барысында Алматы әуежайында жоспарланған жаңартулар бойынша алдағы жоспарларға ерекше назар аударылды. Және де ескі терминалды қайта жөндеу, автотұрақ аймағын жаңарту және кеңейту, сондай-ақ бақыланатын аймақтағы перронды кеңейту, көктайғаққа қарсы заманауи кешен салу және ҰҚЖ-ын жаңарту сияқты негізгі стратегиялық бастамалар туралы ерекше айтылды.

Жаңа халықаралық жолаушылар терминалы бойынша жобаға 220 млн. доллардан астам инвестиция салынды. Қолданыстағы терминал ғимаратына және әуежай инфрақұрылымын дамытуға алдағы уақытта көбірек инвестициялар тарту жоспарлануда.

Сейсмикалық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай салынған халықаралық терминал 10 баллға дейінгі жер сілкінісіне төтеп бере алады. Жалпы ауданы 53,5 мың шаршы метрді құрайды. Жаңа терминалда 50 тіркеу орны орнатылды және соңғы үлгідегі заманауи жабдықтар сатып алынды. Екі «fast-track» құрылғысы, 5 өзін-өзі тіркеу дүңгіршегі, 5 «baggage drop-off» құрылғысы орнатылады. Alstef (Франция) 4 Карусельді (4 карусель жақын арада орнатылады) заманауи жүкті өңдеу жүйесі орнатылды, өнімділігі ұшу үшін сағатына 2,25 мың сөмке және келу үшін 3,9 мың сөмке (қолданыстағы терминалмен салыстырсақ ұшу 700 және қону 700) қамтиды. Жаңа терминалдың өткізу қабілеті ұшуға сағатына 24 мың жолаушыны, қонуға – 33 мың жолаушыны құрайды. Қазіргі уақытта терминалда жұмыс істеп тұрған үшеуіне қосымша 7 телескопиялық трап орнатылған. Жаңа терминалдың телескопиялық траптары ұшақтың көлеміне байланысты бір уақытта жеті ұшақты қабылдай алады.

Жаңа халықаралық жолаушылар терминалында 3 VIP зал (қолданыстағы терминалда келу және кету үшін біреу ғана бар), оның ішінде келу және кету үшін жаңа кең VIP зал, Prime Class бизнес-залы және Air Astana демалыс аймағы болады.

Қолданыстағы терминалды жаңартуды ескере отырып, әуежайдың жалпы өткізу қабілеті жылына 14 миллион жолаушыға дейін артады.

Жаңа халықаралық терминалды іске қосудың бастапқы мерзімі 2024 жылдың жазының соңына жоспарланған болатын, бірақ жолаушылар ағынының қарқынды өсуіне байланысты және жазғы демалыс кезеңінде жолаушыларға барынша жайлылық пен қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында барлық жұмыстар жеделдетілді және терминал 1 маусымнан бастап алғашқы рейстерді қабылдай бастады.

Әуежайдың жаңа терминалы Орталық Азияда «Excellence in Design for Greater Efficiencies (EDGE)» бағдарламасы бойынша сертификатталған алғашқы терминал болады. Құрылыс кезінде Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ұсыныстарына сәйкес парниктік газдар шығарындыларын, шуды, жарықты, қалдықтарды және ауаның ластануын азайту үшін жоғары сапалы оқшаулағыш материалдарды, суды үнемдейтін жабдықты және озық әдістерді пайдалану арқылы ресурсты тиімді пайдаланудың халықаралық тәжірибесін пайдаланылды.

HO_HO_HO

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жаңа терминалдың әр қабатында ана мен бала бөлмелері, мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті ыңғайлы жағдайлар, балаларға арналған ойын алаңы, сонымен қатар демалыс бөлмелері мен сo-working алаңы, үй жануарларына арналған аймақ сияқты қосымша ыңғайлылықтар қарастырылған. Сондай-ақ, жақын арада жаңа терминалда Қазақстанның азаматтық авиациясы мен Алматы әуежайының тарихы мұражайы іске қосылады.

Жолаушыларды төлқұжаттық бақылаудан өткізу кезінде заманауи және жайлы жағдаймен қамтамасыз ету үшін жаңа терминалдың ұшу аймағында 20 кабина, келу аймағында 32 кабина, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ұшу-келу аймағында автоматтандырылған өткізу жүйесі бойынша 4 бірлік жабдық орнатылған. Жолаушыларға ыңғайлы жүріп-тұру үшін ақпараттық дүңгіршектерді орнату жоспарлануда.

Сонымен қатар, К. Гокер жаңа Халықаралық жолаушылар терминалы (Т2) іске қосылғаннан кейін ішкі рейстер терминалының (Т1) қолданыстағы ғимаратын ұзақ мерзімді мастер-жоспар және жаңарту шеңберіндегі компания жобалары туралы айтты. Баспасөз-туры кезінде барлық өзекті мәселелер, соның ішінде Алматы халықаралық әуежайының қазіргі терминалын жетілдіру және жолаушылардың, шығарып салушылар мен күтіп алушылардың және автокөлік жүргізушілерінің барынша ыңғайлылығы мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін тұрақ аймағын реконструкциялау жөніндегі жұмыстар қамтылды.

Жоспарға сәйкес қазіргі терминалды жаңарту жұмыстары басталды. Бірінші қабатта төрт ленталы жолжүкті өңдеу және қабылдау алаңы орналасады және жалпы алаңы 3,8 мың ш.м.-ге дейін үлкейтіледі. Күту алаңы 1,7 мың ш.м-ді алады. Жалпы ауданы 1,2 мың ш.м-ді құрайтын ішкі рейстерге арналған VIP залы орналасады.

Екінші қабатта (ұшу аймағы) жолаушыларға ыңғайлы қызмет көрсету үшін кең «check-in» аймағында (1.3 мың квм) 27 тіркеу құрылғысы, оның ішінде 2 «baggage drop-off» құрылғысы орнатылады. Күту аймағы 3.4 мың ш.м-ге дейін кеңейтіледі, коммерциялық ауданы 740 ш.м-ді құрайды.

Нәтижесінде, жаңа терминал ашылғанға дейін ішкі рейстер терминалының өткізу қабілеті 850 мың адам болса, енді жылына 5 миллион адамға дейін артады. Ішкі терминалды толық реконструкциялауды 2025 жылдың қазан айына дейін аяқтау жоспарлануда, ал Т1 терминалындағы кеңістікті кеңейту бойынша өзгерістер осы жазда жүргізіледі.

Қолданыстағы терминалды қайта жаңғыртудан кейін әуежайдың екі терминалының жалпы ауданы 81,5 мың ш.м-дң құрайды. Бұл әуежайға орта мерзімді перспективада 14 миллион жолаушыға дейін қызмет көрсетуге мүмкіндік береді (2024 жылдың қорытындысы бойыншы 11 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсету жоспарлануда).

Сонымен қатар, автотұрақ аумағын кеңейту жұмыстары жүргізілді. Оңтүстік ВИП аумағында 226 орынға арналған жеке автотұрақ аймағы ашылып, жалпы көлік тұрағы кеңейді. Көлік қозғалысының бағыттары қарастырылды, ұшатын жолаушыларға арналған эстакада кеңейтіліп, ұзартылды. Жалпы, автотұрақ көлемі 46%-ға ұлғайды. Барлық жұмыстарды 2024 жылдың 15 тамызына дейін аяқтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, баспасөз турында әуежаймен жолаушылар және жүк тасымалдары саласы бойынша жұмыс істейтін авиакомпаниялар санының өсу тенденциясы байқалғандығы айтылды.

Жаңа инвесторлардың келуімен жолаушылар тасымалының көлемі 6,1 миллионнан (2021 жылдың аяғында) рекордтық 9,5 миллионға (2023 ж.) дейін өсті. Ішкі рейстерде жолаушылар тасымалы 19%-ға (4,5 млн-нан 5,4 млн-ға дейін), халықаралық рейстерде – 2,6 есеге (1,6 млн-нан 4,1 млн-ға дейін) өсті. Бұған пандемиядан кейінгі кезеңде халықаралық бағыттарды қалпына келтіру, сондай-ақ, жаңа халықаралық және ішкі рейстерді топтап ашу ықпал етті.

Осылайша, әуежайды басқару кезінде TAV компаниялар тобы жаңа шетелдік әуе компанияларын тарту бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Халықаралық әуе компанияларының саны 21-ден 35-ке дейін өсті. Бұл халықаралық бағыттар географиясын 2023 жылы 33 бағыттан 67-ге дейін кеңейтуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, рейстердің жалпы саны (ATM) 57 мыңнан (2021 ж.) 79 мыңға (2023 ж.) дейін ұлғайтылды.

Қытаймен визасыз режимнің іске қосылуы және Оңтүстік-Шығыс Азияға келетін туристердің көбеюіне байланысты рейстер мен бағыттардың саны тек қана артады деп күтілуде.

TAV жүк тасымалдау бағыттары мен порттың жүк терминалының мүмкіндіктерін дамытуға назар аударуда. 2021 жылдан бері жүк авиакомпанияларының саны 33%-ға өсті (12-ден 16 компанияға дейін). Бұл жүкті өңдеу көлемін 86 мың тоннадан (2021) 99 мың тоннаға (2023) дейін арттыруға ықпал етті.

Компания Алматыны әуе жүк тасымалының орталығына айналдыру үшін truck-to-air және air-to-air projects жобаларын қолдайды.

Жүк терминалында автоматтандыру бағдарламасын орнату аяқталуға жақын. Жыл соңына дейін жалпы жүктерді сақтау алаңын 10 пайызға, арнайы жүктерді сақтау алаңын 30 пайызға ұлғайту жоспарлануда. Биыл қауіпті және құнды жүктерге арналған жаңа арнайы орындардың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Truck-to-air жүк тасымалы жобасы аясында 50 жүк көлігін қамтитын жаңа жүк көлігі паркі ашылады. Жүк терминалының жанынан жүк ұшақтарына арналған жаңа перрон салу жоспарлануда.

Корпоративтік Коммуникациялар Департаменті

Алматы халықаралық әуежайы