Абай облысының оқушылары биогумус өндірудің инновациялық әдістерін жасады
Абай облысы Аягөз ауданының оқушылары топырақтың төмен құнарлылық мәселесін экологиялық тұрғыдан шешуді ұсынады. Олар қызыл калифорниялық құрттарды пайдалану арқылы биогумус өндірудің инновациялық әдістерін таныстырды.
Жас өнертапқыштар Аягөз ауданы Ақтоғай станциясында өндірілген биогумусты пайдалану тиімділігін, калифорниялық құрттардың биологиялық қасиеттері мен құрылымын зерттеді.
Жобаның бірегей аспектілерінің бірі — сұйық биогумус өндіру үшін қар суын пайдалану, бұл қар суынан туындаған табиғи апаттардың алдын алуға және химиялық тыңайтқыштарды пайдалануды азайтуға мүмкіндік береді.
Әзірленген технологияларды тек жерде ғана емес, ғарышта да қолдануға болады. Дәстүрлі ауыл шаруашылығымен салыстырғанда суды және басқа ресурстарды үнемдеу ғарышта азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйелерін құруға тиімді деп есептейді авторлар. Бұл жерден азық-түлік жеткізуге тәуелділікті азайтады.
Оқушылар командасы инвестициялық жоспар құрып, өндірістік қызметтің бастапқы жылдық бағалау көрсеткіштерін ұсынып отыр. Олар дайын биогумустан құрттарды бөліп алу процесін Arduino бөлшектері негізінде жасалған «сүзгі» автоматтандыруды жоспарлап отыр.
Жоба фермерлер, бағбандар, жылыжай иелері, балықшылар және экологтарды қоса алғанда, биогумус тұтынушыларының кең аудиториясына бағытталған. Өсімдіктерді ғарышта, салмақсыздық жағдайында және вакуумда өсіруге болады.
Бұл жоба тұрақты ауыл шаруашылығы үшін инновациялық шешімдердің маңыздылығын көрсетеді және агротехнологиялардың Жерде де, ғарышта да даму жолдарын ұсынады.
Авторы: Аягөз ауданы қалалық көп бейінді қазақ мектеп-гимназиясының оқушылары Нұрсая Думан, Жанель Тоқанова, Шырай Түсіпқан.
Жетекшілері: физика және информатика пәнінің мұғалімі Меруерт Күнусова және биология пәнінің мұғалімі Гүлнұр Мұхамедярова.
Абай облысы ББ баспасөз қызметі