Маңғыстау облысындағы Мұнайлыда «Сәтті сәрсенбі» экологиялық акциясы аясында 36 тонна қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» акция аясында ұйымдастырылып жатқан Маңғыстау облыстық «Сәтті сәрсенбі» экологиялық акциясы Мұнайлы ауданында жалғасын тапты.
Тазалық апталығы ауданның 5 аумағында өткізілді. Атап айтсақ: «Ыбықты сай» шатқалы, «Өмір гемплинг» демалыс аймағының айналасы, Кіші Оймаша көлінің маңы, Баянды ауылында орналасқан Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонның айналасы, Басқұдық ауылында орналасқан «Союз» полигоны аумағы.
Аталған акцияға ауданнан 18 мекеме белсене атсалысты. 400-ден астам адам, 18 арнайы техниканың жұмылдырылған акция нәтижесінде ауданнан 36 тонна қоқыс қалдығы арнайы полигонға жеткізілді.
Мәселен: Ыбықты сай шатқалынан – 8 тонна, Баянды ауылы ҚТҚ маңынан – 3 тонна, Союз полигонынан – 16 тонна, Теңіз жағаулынан – 1 тонна, Кіші Оймашы көлінің маңынан – 8 тонна қоқыс шығарылды.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта жалғасатын болады.