ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Қалиұлы Төлебаевтың қатысуымен өткен брифингтің қорытындылары
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев осы жылдың 8 шілдесінде қабылданған Ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелеріне арналған заң, 2024-2026 жылдарға арналған заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы күрестің кешенді жоспары, сондай-ақ Туризм және спорт министрлігінің құмар ойындармен күрес саласындағы ағымдағы жұмысы туралы хабарлады.
Заңда 8 кодекс пен 14 заңға 150 өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған, 18 норманың реттеушілік әсеріне талдау жүргізілді.
Вице-министр Заңның негізгі новеллалары мен олардың азаматтар үшін пайдасы туралы баяндады. Атап айтқанда, Заң букмекерлік кеңселердің сыртқы жарнамасына тыйым салады. Бұл тек букмекерлік кеңселерге, спорт ғимараттарына және спорттық жабдықтарға арналған.
Осыған ұқсас ереже бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде интернет-ресурстарға да қарастырылған. Спорттық БАҚ және халықаралық жарыстарды тікелей көрсететін спорттық емес жергілікті арналар үшін ерекше жағдай жасалған. Сонымен қатар азаматтар букмекерлік кеңсенің жарнамасы бар SMS-хабарламаларды алмайды. Заң бұзушыларға әкімшілік жауапкершілікті қарастырады.
Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген тұлғалардың құмар ойындар мен бәс тігулермен айналысуына жол беруге тыйым салынады. Борышкерлерді, 21 жасқа толмаған тұлғаларды және өзін-өзі шектейтін тұлғаларды жолға қойғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі – лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, 1 миллион теңгеден 3,7 миллион теңгеге дейін айыппұл.
Жеке тұлғалардың құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуды өз бетінше шектеуінің ең ұзақ мерзімі 10 жылға дейін ұлғайтылды. Бүгінде тізімде 140 мыңнан астам адам бар.
Мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметкерлерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынуда. Заңда құмар ойындарға қатысу және бәс тігулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер тізіміне енгізілген. Теріс себептер бойынша тәртіп бұзушылар жұмыстан шығарылады.
Лудомандарды диспансерлік есепте алмай емдеудің жаңа тәртібі енгізілуде. Консультациялық бақылаудың жаңа тәртібі лудомандарды сапалы тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Заңсыз ойын операторларына төлем жасауға тыйым салынады. Заңсыз ресурстарды ұйымдастырушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Заңда лотереяларды сатуға елеулі шектеулер қарастырылған. Лотерея операторының электронды өнімдері оның ресми интернет-ресурсында және мобильді қосымшасында ғана қолжетімді болады.
Лотерея билеттері тұрғын үйлерде, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында, діни мекемелерде, сондай-ақ мектептерден, университеттерден, ауруханалардан және емханалардан жүз метр радиуста сатылмайды.
Мирас Төлебаев 2024-2026 жылдарға арналған заңсыз ойын және лудоманияға қарсы күрестің кешенді жоспарына тоқталды.
Оны іске асыру нәтижелері бойынша: букмекерлік кеңселер мен казинолардың белсенді клиенттерінің санын 42%-ға қысқарту (350 мыңнан 201 мыңға дейін); тегін оңалтудан өтіп жатқан құмар ойындарға тәуелді адамдарды қамтуды 300 адамға дейін ұлғайту (қазіргі уақытта 19); жыл сайын кем дегенде 7 мың онлайн казино мен букмекерлік сайттарды блоктау.
Жоспар аясында лудоманияны алдын алу бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жоспарда гэмблинг қауіптілігі туралы мемлекеттік қызметтердің ауыспалы хабарландырулары, құмар ойындарының пайда болу себептеріне жалпы ел көлемінде әлеуметтік зерттеу жүргізу, клиникалық психологтарды оқыту, сондай-ақ ойын автоматтары мен үстелдердің елге бақылаусыз әкелінуін қатаңдату кіреді.
2023 жылдың басынан Министрліктің талап-арыздары бойынша сот шешімдері негізінде заң бұзушылықтарға байланысты 14 букмекерлік кеңсенің, 8 тотализатордың және 1 ойын автоматтары залы қызметі тоқтатылды.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында жоспардан тыс және жоспарлы тексерулер Қонаев қаласындағы 4 букмекерлік кеңсе мен 2 ойын автоматтары залы бойынша, сондай-ақ жоспардан тыс лотерея операторын тексеруі жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 1 букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылып, 2 ойын автоматтары залы мен лотерея операторына 8 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қазақстанда алғаш рет әлеуметтік желілерде (Instagram, TikTok) заңсыз лотереямен күресу жұмыстары басталды. Заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін 16 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқықбұзушылық туралы 30 хаттама соттың қарауына жолданды, әлеуметтік желілерде заңсыз ұтыстар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту үшін тағы 35 факті бойынша материалдар жинақталуда.
Мирас Төлебаевтың айтуынша, қазір онлайн-казинолар мен заңсыз бәс тігу сайттарын ұйымдастырушыларды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда осындай 15 ресурстың 3 ұйымдастырушысы анықталды. Материалдар өз құзыреті шегінде Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.