Ішкі нарықты сапасыз өнімдерден қорғау туралы айтылды
Ішкі сауданы дамыту және реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында тұтас және тиімді саясатты қалыптастыру.
Астана қаласының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың жай-күйін тұрақты негізде қадағалап отырады. Өнім сапасы мәселелері тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы басым бағыттардың бірі болып табылады.
Бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша, импорттық өнімнің көптеген түрлері зерттеленіп, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы нормативтердің бұзылуы анықталды. Атап айтқанда, өнімнің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, мәлімделген сипаттамалар мен құрамға, сондай-ақ таңбалау талаптарына сәйкес келмеуі сияқты бұзушылықтар туралы айтылды.
Нәтижесінде Министрлік тамақ өнімдерінің сәйкестігі туралы декларациялардың күшін, сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың күшін жояды.
20 млн. қазақстандықтардың, соның ішінде тұтынушы болып табылатын барлық қатысушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Министрлік «Сапалы өнім» қоғамдық тұжырымдамасын іске қосты. Жобада қоғамдық күштердің елдің ішкі нарығында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, үйлестіруді көздейді. Жобаның негізгі бағыты – нормативтердің бұзылуын, тұтынушылардың құқықтарын және жосықсыз бәсекелестікті бұзатын әрекеттерді анықтау. Ол үшін керекті заңнамалық құралдар мен базалық жиынтықтар бар.
Ағымдағы жылы 6 айдың қорытындысы бойынша Департамент 6 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Сондай-ақ прокуратурамен 7 бірлескен тексеру жүргізді, сонымен қатар 5 270 220 теңге сомасына 9 әкімшілік айыппұл салынды (оның ішінде 4 162 620 теңге өндірілді). Субъектіге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу мақсатында 115 субъектіге бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар берілді. Төрт субъектіге техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығаруға тыйым салу туралы қаулы берілді, сондай-ақ сәйкестікті растайтын 80 құжаттың күші жойылды, бұдан басқа екі субъектіге ҚР ӘҚБтК 826-бабының тәртібімен әкімшілік құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы жеке ұсынымдар шығарылды.
Атап айтқанда, қолданыстағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заң қоғамдық бірлестіктерге келесі мүмкіндіктерді береді:
-тауардың тұтынушылық қасиеттерін зерттеу;
— тауардың сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге бастамашылық жасау;
— өнімнің сапасы туралы қоғамдық пікірді анықтау үшін халыққа сауалнама жүргізу;
— тауардың сапасын бағалау мақсатында мемлекеттік органдарға жүгіну;
— тұтынушылардың мүддесі үшін сотқа талап қою;
— өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін зерттеу нәтижелері туралы ақпаратты тарату.
Сонымен қатар, осы функцияны іске асыру кезінде қоғам белсенділері тауарды сату орындарына барған кезде жасалатын барлық әрекеттерді фото -, аудио -, бейнетіркеуді қолдануға құқылы.
Бүгінгі таңда ішкі нарықта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекет басшысы қойған басты міндет болып табылады.