17-ші әлем чемпионының жанкүйерлері: «Бақытты Динді көруге қуаныштымыз»

Шағын футболдан жолдастық матч осы күндері Астанада Freedom Holding Corp. комапниясының демеушілігімен өтіп жатқан Рапид пен блиц бойынша осы командалық әлем чемпионаты (FIDE World Rapid and Blitz Team Championships 2024) аясында өткізілді. Чемпионат қатысушыларынан, ФИДЕ және KazChess/Қазақстан шахмат федерациясының қайраткерлерінен, QJ League жас футболшыларынан құралған алты команда, «Бастысы жеңіс емес, ең бастысы жарысқа қатысу» деген ескі олимпиадалық ұранымен өзара белдесті.

«Шахматшылардың өз шахмат Олимпиадасы бар, онда біз жоғары нәтижелер көрсетеміз және бірегей жетістіктерге қол жеткіземіз. Бірақ ерте ме, кеш пе шахматты Олимпиада ойындарының бағдарламасында да көретінімізге сенімдімін», — деп атап өтті жарысқа қатысуыш KazChess президенті Тимур Турлов.

QJ League жастар футбол лигасының қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып табылатын Тимур Турлов келесі жылға арналған футбол мен шахмат арасындағы интеграция жоспарлары туралы айтты: «Біз бұл екі спорт бір-бірін керемет толықтыратынына және жақсы дене бітімімен бірге зияткерлік қабілетті де жаттықтыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз» — деді.

Осы кеште классикалық шахматтан 17-ші әлем чемпионы Дин Лижэнь де алаңға шықты, оның сонымен қатар  футболды да жақсы ойнайтыны белгілі болды.

«Футбол турнир күнінен кейін ақыл-ойды қайта жаңартуға көмектеседі. Маған футбол ұнайды, футбол жарыстарын көргенді ұнатамын, мүмкіндігінше жиі ойнауға тырысамын», – деп жауап берді Дин.

Оны Астанадағы жарыстар кезіндегі кадрларда бақытты әрі белсенді ойыншы ретінде көрген жанкүйерлер FIDE парақшасында ондаған сүйсінген пікірлер қалдырды. «Ақыры Дин бақытты», «Дин бақытты болса – біз де бақыттымыз» — деп жазды жанкүйерлері. Шамасы, чемпионға Астана мен чемпионның командасы рапидтен екінші орын алған 17-ші командалық чемпионат оң әсер еткен сияқты.

Өзінің сүйікті клубтары туралы сұрағанда, Дин Мюнхендегі «Бавария» мен Туриндік «Ювентусты» қолдайтынын айтты. Сондай-ақ, ол НБА-да оның жерлесі Яо Мин жасындай жарқырап топ жарғаннан бері, баскетболға да ден қоя бастаған көрінеді.

Шахматшылардың осындай жолдастық футбол жарыстары – жаңа тартысты турнир күнінің алдында ойыншыларға қуат беретін және тыныштандыратын, ФИДЕ-нің игі дәстүрлерінің бірі.