USAID компьютерлік серверлерді тапсыру арқылы Қазақстанның кедендік өңдеуін жаңғыртты
АҚШ Елшісі Даниэл Розенблюм және АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) алдыңғы қатарлы компьютерлік серверлер ұсыну арқылы Қазақстанның кедендік инфрақұрылымын жаңғыртты.
МКК төрағасы Жандос Дүйсембиев МКК-ның бас кеңсесінде өткен салтанатты рәсімде соңғы үлгідегі серверлерді қабылдады. Серверлер өнімділікке кедергі келтірген ескірген жабдықты алмастырады.
«Инновациялық технологияларды енгізу процестерді оңтайландырады, дәлдікті арттырады, ашықтықты жақсартады және бизнеске қолайлы ортаны қалыптастырады, көбірек инвесторларды тартады және экономикалық өсуді арттырады», — деп атап өтті Елші Розенблюм, Қазақстанның кедендік операциялар мен салықтық әкімшілендірудің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға деген құштарлығын мойындады.
USAID АҚШ-тың Dell Inc. компаниясының «Keden» IT-кедендік жаңа жүйесін қолдау үшін алдыңғы қатарлы серверлерін жеткізді, ол өнімділікке кедергі келтірген ескірген «Астана-1» жүйесін алмастырады. Жаңа «Keden» жүйесі автоматтандыру, машиналық оқыту және жасанды интеллектті қолдану арқылы кедендік рәсімдеу уақытын қысқартады және деректер қауіпсіздігін арттырады. Жаңа жүйе болашақта кеңеюге арналған процесстерді ұлғайтуға мүмкіндік береді.
МКК-не жоғары өнімді, арнайы серверлік инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, USAID Қазақстандағы неғұрлым тиімді және қауіпсіз кедендік ортаны қолдайды.
Елші Розенблюм АҚШ пен Қазақстан арасындағы ашық және қауіпсіз сауда ортасына деген ортақ көзқарасын атап өтті, өйткені Қазақстан жетекші өңірлік сауда хабы ретіндегі позициясын қамтамасыз етеді.
Дүйсембиев мырза АҚШ Үкіметінің қолдауын жоғары бағалап, жаңа серверлердің Қазақстанның кедендік операцияларына оң әсерін тигізетінін атап өтті.