«Шынайы оқиғаларға негізделген»: 31 арнада – «Qaryz» телехикаясының тұсаукесері

Коллекторлар туралы теленовелла қазақстандықтарды түсірілім кезінде де бей-жай қалдырмады. Оның тұсаукесері 19 тамыз күні сағат 22.00-де болады.

Биыл күзде «31 арнаның» көрермендерін отандық сериалдар, көптен күткен реалити-шоулардың жаңа маусымдары, қазақстандық эксклюзив кино, сондай-ақ шетелдік үздік көркем фильмдер мен анимациялардың премьерасы күтіп тұр. Бұл орайда, телевизиялық жаңа маусым бүгін сағат 22.00-де арнаның өз туындысы – «Qaryz» сериалының премьерасымен басталады.

«Жаз бойы 31 арна ұжымы әртүрлі жанрдағы сериалдарды түсірді. Олардың қатарында «Нархоз. Студент көке», отандық телевизиядағы сәтті реалити-шоулардың бірі – «Келіндер бәйгесінің» жалғасы бар, осымен бұл – сегізінші маусым. 31 арнаның жаңа маусымы «Qaryz» атты 10 сериялы драмамен ашылады. Ол 19 тамыз, яғни бүгін кешке прайм-таймда көрсетіледі», – деді 31 арна бас директорының орынбасары Анар Ибраева.

«Qaryz» сериалының сюжеті ауыр жарақаттан кейін спорттық мансабын аяқтауға мәжбүр болып, өзінің өмірдегі жаңа орнын іздеген боксшыға негізделген. Көп ұзамай ол коллекторлық агенттікке жұмысқа тұрады. Қызмет барысында кейіпкеріміз серіктесімен бірге адамдардан қарыздың қандай қатал жолдармен өндірілетінін көреді. Оның әртүрлі әдісі бар. Борышкерлермен әрбір кездесу несиені қайтарушылар үшін, клиенттер үшін де нағыз сынаққа айналады. Осындай жұмыс барысында бір күні олар анасынан айырылған кішкентай қызды жолықтырады. Бұл оқиға олардың жан дүниесінің ең нәзік қылын қозғап, жанашырлық сезімін оятады. Бір сәтте кейіпкерлер қызға көмектесуге де дайын болады. Олардың алдында нағыз дилемма тұр: көмек қолын созып, тапсырманы орындай алмау немесе нұсқау бойынша әрекет етіп, адам өмірін құрбан ету.

Сериал әрбір ақшалай қарыздың артында оның сомасына қарамастан, жеке хикаялары мен проблемалары бар шынайы адамдардың тұрғанын анық көрсетеді.

«Сюжет шынайы оқиғаларға негізделген. Фильмде көрсетілген жағдайлар мен кейіпкерлер еліміздің азаматтарының прототипі. Сериалда халықтың қарызға шамадан тыс жүктелуі, қаржылық сауатсыздық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұрпақтар арасындағы кикілжің мәселелері көрсетіледі. Бұл – қазіргі қазақ қоғамы өмір сүріп жатқан шынайы әлем. Бұл хикаядан әр адам өзін немесе өзінің төңірегін көре алады. Сериалдың басты мақсаты – қазақстандықтарға бір-бірінің мәселесіне бей-жай қарамау, өзгені сыйлау, білімге ұмтылу идеясын жеткізу», – деді сериалдың сценарисі Нұржігіт Хайдар.

Қазақстандықтарды немқұрайлы деп айыптауға болмайтынын айта кету керек. Бұл түсірілім кезінде анық белгілі болды.

«Коллекторлар қарызын өтеу үшін көпбалалы отбасының пәтерін тартып алатын сахнаны түсіру кезінде түсірілім болған ғимараттың тұрғындары жанашырлық танытып, «көршілерді» жақтап шықты. Бей-жай қарамайтын адамдар сериалдың түсірілімі екенін білген соң ғана сабасына түсті», – деді сериалдың қоюшы режиссері әрі продюсері Азамат Ержанұлы.

«Qaryz» сериалының бас кейіпкерлерін не күтіп тұр? 19 тамыздан бастап сағат 22:00-де 31 арнасында «Мүкжидек шәрбаты» сериалынан кейін тамашалаңыз!

informburo.kz