АҚШ-тың музыкалық тобы Қазақстанға концерттік турмен келеді
11-22 қыркүйек аралығында АҚШ-тың «Тонал Соул» музыкалық тобы Астана, Петропавл, Алматы және Шымкент қалаларында концерт береді. Топтың гастрольдік сапары АҚШ-тың Қазақстандағы Дипломатиялық миссиясының қолдауымен ұйымдастырылған.
«Tonal Soul» джаздың суырып салма рухын, хип-хоптың ырғақты серпінін және соул музыкасының эмоционалды тереңдігін бір арнаға біріктіретін әйелдер тобы. Топтың құрамында жетекші әнші және продюсер Джэйси Каприс (Jaci Caprice), скрипкашы Брук Алфорд (Brooke Alford), орындаушы және ән авторы Тенея Сандерс (Teneia Sanders), бас гитарист Тежа Вил (Téja Veal) және барабаншы Айша «Друмлова» Эллис (Aisha «Drumlova» Ellis) бар. Әрбір орындаушы топқа ырғақты, қайталанбас әуенмен қатар өлшеусіз үлесін қоса отырып, көрерменге ұмытылмас жарқын сәт сыйлауға ниетті.
Музыкадан басқа, Tonal Soul сахнаны маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу үшін пайдалануға тырысады. Tonal Soul әйелдер мен жастарды әлеуметтік теңдік, зорлық-зомбылық пен қылмыстың алдын алу, құқықтарды кеңейту және жан-жақты әлеуметтік даму секілді маңызды тақырыптарға үн қосуға шақырады. Ерекше құрмет белгісі ретінде топ гастрольдік сапары барысында қазақ тілінде де ән айтады.
Тур кестесі:
11 қыркүйек – Астана
14 қыркүйек – Петропавл
18 қыркүйек – Шымкент
22 қыркүйек – Алматы
Тур бойынша ақпарат Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясының әлеуметтік желілерінде — @usinkz @usсgalmaty