HONOR компаниясы IFA Berlin халықаралық көрмесінде жасанды интеллекттің жаңа мүмкіндіктерін ұсынды
IFA 2024 көрмесінде HONOR компаниясы жасанды интеллект бар үш инновациялық шешімді таныстырды: Snapdragon® X Elite платформалары базасындағы ноутбук, AI Agent жеке ассистенті және жасанды инттелект негізінде дипфейктерді айырып тану функциясы.
«Мобильді технологиялар туралы сөз қозғалса, жасанды интеллект – бұл жай ғана тренд емес, нағыз революция. HONOR компаниясында біз пайдаланушыларымыздың құпиялылығына кепілдік бере отырып, құрылғыларды қуатты жасанды интеллект мүмкіндіктерімен жарақтау үшін үздік әріптестермен ынтымақтасамыз. Сала көшбасшыларымен ашық ынтымақтастықтың арқасында біз мүмкіндіктерді кеңейтетін және технологиялар туралы үйреншікті түсінікті өзгертетін құрылғыларды құрамыз», – деп түсіндірді HONOR CEO Джордж Чжао.
«Qualcomm Technologies-те біз нейрондық процессор (NPU) – бұл компьютерлердегі жасанды интеллекттің шынайы әлеуетін ашудың кілті деп есептейміз. Саладағы үздік NPU өнімділігі бар Snapdragon X Elite процессоры HONOR MagicBook Art 14 сияқты жасанды интеллект бар ноутбуктерге жаңа буынның пайдаланушылық тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Пайдаланушылар мүмкіндіктердің едәуір ұлғаюын ғана емес, сондай-ақ NPU тиімділігінің артуын да көреді, бұл көбірек автономды жұмыс жасауға әкеледі», – деп қосты Алекс Катузян, Qualcomm Technologies Inc. компаниясындағы мобильді технологиялар бөлімшесінің бас директоры.
HONOR MagicBook Art 14 Snapdragon: дербес компьютерді жасанды интеллект дәуірінде жаңадан ұғыну
Дербес компьютерлер нарығы жасанды интеллект саласындағы жетістіктермен шартталған түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. HONOR компаниясының технологиялық мүмкіндіктерінің және саланың жетекші көшбасшыларымен ынтымақтастығының арқасында, HONOR MagicBook Art 14 Snapdragon есептеу техникасының жаңа дәуір нышаны болып табылады.
HONOR MagicBook Art 14 Snapdragon көрнекті инженерлік шешімдердің үлгісі бола отырып, озық технологиялармен қатар кербез әрі ықшам дизайнды үйлестіреді. Бұл ноутбук жоғары өнімділік пен ыңғайлылықты қамтамасыз ете отырып, жасанды интеллекттің қуатты мүмкіндіктерін және сенімді бағдарламалық қамтаманы біріктіреді. Құрылғының жеңілдігі мен жұқалығы, салмағы шамамен 1 кг және қалыңдығы небәрі 1 см, оны нарықтағы ең ықшам шешімдердің біріне айналдырады. Экранының 3,1K кеңейтілімі мен корпусқа 97%-дық арақатынасы бар 14,6 дюймдік HONOR FullView сенсорлық дисплейі бейненің айрықша сапасын қамтамасыз етеді. Qualcomm Snapdragon X Elite процессоры өнімділікті, энергия тиімділігін және қауіпсіздікті жаңа деңгейге көтереді.
Экожүйені көп жылдар бойы зерттеу негізінде HONOR компаниясы Hotspot кітапханасын құрды, ол жасанды интеллекттің көмегімен жиі атқарылатын сценарийлерді анықтайды және өтуді оңтайландырады. Осының арқасында Windows түрлі қолданбаларында жүктеу уақыты орташа есеппен 16%-ға қысқарды.
MagicRing-пен күшейтілген жасанды интеллект
Әртүрлі операциялық жүйелермен MagicOS 8.0 жіксіз қосылуы пайдаланушыларға барлық жерде жасанды интеллектті пайдалануға мүмкіндік береді. Екі құрылғы арасындағы дәстүрлі қолмен қосылудан айырмашылығы, HONOR MagicRing бір тіркелгіден бірнеше құрылғыны автоматты түрде қосады, бұл ретте энергияны аз жұмсайды.
MagicRing құрылғыларды біріктіріп қана қоймай, түрлі платформалардағы сервистерді біріктіреді. Бұл шешім бірнеше құрылғыда бір пернетақта мен тінтуірді пайдалануға, смартфонда ғана емес, құрылғыда да қоңыраулар мен хабарламаларды қабылдауға, сондай-ақ дербес компьютермен телефон камерасын басқаруға мүмкіндік береді. Құрылғылар арасында қауіпсіз және үздіксіз деректермен алмасу жасанды интеллектпен жұмыс жасауды жеңілдетеді және ыңғайлы етеді. MagicRing көмегімен пайдаланушылар HONOR MagicPad 2 ноутбугінде Cocreator-ға оңай қол жеткізеді және Magic-Pencil-мен жауһар туындыларын сала алады.
HONOR AI Agent: бірінші кірістірілген жасанды интеллект ассистенті
HONOR AI Agent — бұл шынайы уақыт режимінде жұмыс істейтін және күнделікті міндеттерді жеңілдететін революцияшыл жеке ассистент. Тілді талдауды және интерфейсті айырып тануды пайдалана отырып, бұл жасанды интеллект ассистенті пайдаланушылардың сұраулары мен ниеттерін интуитивті тұрғыдан түсінеді, олардың әдеттері мен қоршаған ортасын зерделейді, содан кейін әртүрлі қолданбалар мен сервистерді шебер басқарады. Бұл күрделі тапсырмаларды да автоматтандыруға мүмкіндік береді.
Жасанды интеллект көмегімен дипфейктерді анықтаудың әлемдегі алғашқы технологиясы
Дипфейк технологияларының дамуымен жеке деректерді ұрлау мен жалған ақпарат таратуды қоса алғанда, оларды теріс пайдалану қаупі де өсуде. HONOR компаниясынан жасанды интеллект бар дипфейктерді анықтау жүйесі пайдаланушыларды осы өсіп келе жатқан қатерден қорғау үшін озық шешім ұсынады. Жүйе синтетикалық ақаулар мен іздерді, қабаттастыру артефактілерін және кадрлар арасындағы үздіксіздікті егжей-тегжейлі талдау үшін заманауи алгоритмдерді пайдаланады. Осындай тәсілдің арқасында технология шынайы визуалды материалдарды жалған материалдардан дәл айырып таниды.