Қазақстан Global Digital Trade Expo алаңында отандық тауарлардың таныстырды

Қазақстан Қытайда өтіп жатқан үшінші жаһандық цифрлық сауда көрмесіне белсенді қатысып, отандық тауарлардың кең ауқымын көрсетті. Көрме қонақтары қазақстандық өнімдермен танысып қана қоймай, оларды сол жерде сатып алуға мүмкіндік алды. Бұған қоса, бұл өнімдер JD.com платформасында да тізімделген, бұл олардың қытайлық тұтынушыларға қолжетімділігін айтарлықтай кеңейтеді.

JD.com сайтында қазақстандық тауарларды сату өткен жылы ғана басталғанына қарамастан, қазірдің өзінде жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Қазақстандық өндірушілер өз ассортиментін кеңейтуге және сату көрсеткіштерін жақсартуға ұмтылуда, бұл халықаралық нарықтарда отандық өнімге қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Электрондық және биржалық сауданы дамыту департаментінің бас сарапшысы Айгүл Оразаева: «Global Digital Trade Expo сияқты айтулы көрмеге қатысу елімізді таныстырып қана қоймай, қазақстандық тауарларды халықаралық алаңда ілгерілетуге мүмкіндік береді. Біз қытайлық серіктестермен одан әрі ынтымақтастық жаңа биіктерге жетуге және электрондық коммерция платформаларында өнімдеріміздің қатысуын айтарлықтай кеңейтуге жол беретініне сенімдіміз»

Ғазиза Ұзақ

Ханчжоу

Қазақстандық делегация Қытайдағы үшінші Global Digital Trade Expo көрмесіне қатысты